Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

ЖЕРГЕ ҚАРАҒАН ЖАНКҮЙЕРЛЕР: «ЖЕТІСУ» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ТАҒЫ ҰТЫЛДЫ

30 сәуір 2021
АЛТЫН ТҰҒЫР
ЖЕРГЕ ҚАРАҒАН ЖАНКҮЙЕРЛЕР: "ЖЕТІСУ" ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ТАҒЫ ҰТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Футболдан ел біріншілігінің сегізінші туры өз мәресіне жетті. Аладоп аламанында Алматы облысының намысын қорғап жүрген «Жетісу» командасы өз алаңында қарағандылық «Шахтермен» ойнап, тағы да жеңіліп қалды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Шыны керек, биыл командадағы легионерлерді азайтып, жергілікті жастарды құрамаға алғанда бүкіл Жетісу жұртшылығы бөркін аспанға атты. «Команданың қырық жылдығында намысымызды өз ұландарымыз қорғайды», — деп қуанды. Тәжірибелі ойыншылар аз болған соң жанкүйерлер биыл әр ойынның қиынға соғатынын түсінді. Сондықтан, жүлденің жалына жабысыңдар деп ұрандамады. Десе де ортанқол командалардың қатарынан көргісі келді. Футбол федерациясы да премьер-лигада қаламыз деп алдына мақсат қойғанын айтты.

Өкінішке қарай, футболшылар әзірге бұл сенімді ақтамауда. Бүгінде жергілікті команда сегіз ойынның алтауында жеңіліп, көш соңында келеді.  

Алғашқы турда «Қайратқа» жеңіліп, екінші ойында «Арысты»  жеңгенде жанкүйерлер ерекше қуанды. Тіпті, ойынның алаңы нашар болғандықтан «Жетісуға» ұпай бермесе де алдағы кездесулерде жеңетіндеріне сенімді болды.

Бірақ сүреңсіз ойын өрнегін көрсеткен футболшыларымыз жанкүйерлерін жерге қаратып, алты турда бір ғана ұпай алды. Әуелі «Каспийге», содан соң «Тобылға» жол берсе, бесінші турда «Атыраумен» тең түсті. Ал, туған күнінде «Ордабасы» командасынан 0:4 есебімен ойсырай жеңілді. Кеткен есені «Қызылжардан» ала ма деп күттік. Бірақ жетінші турда да ірі есеп тіркелді. Өз қақпасына үш доп жіберген облыс командасы жеңілістің ащы дәмін татты.

Сегізінші турда қарағандылық футболшыларға жол берді. Ойынның алғашқы минутын алаң иелері жақсы бастаған еді. Бірақ, кездесудің 33-нші минутында Рафкат Аслан өз қақпасына гол соғып алды. Ойынның екінші бөлігінде алаң иелері шабуылын үдетіп, допты көбіне өздері ұстағанымен соңына дейін есеп өзгермеді. «Жетісу» қатарынан үш ойын жеңіліп, турнирлік кестенің соңында қалса, «Шахтер» 11-нші орынға көтерілді.

Айдар ҚАЛИЕВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады

Транзиттік әлеует трансформацияланады

Бүгін, 11:36
Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Орталық Азия мен Қытай елдері жаңа жоспарларды қабылдады

Бүгін, 11:30
Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.