Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР

13.04.2021
ЖАНСАРАЙ
ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі ұрпақ сонау жылдардағы абзал азаматтарын еш уақытта да ұмытпақ емес. Олар қиын-қыстау жылдарда от пен оқтың ортасында жүріп, бүгінгі сәнді де сәулетті өмірдің негізін қалап берді. Солардың бірі Жетісуда бақуатты өмір орнатуға белсене қатысқан, 1918-1920 жылдары Жаркент уездік әскери-революциялық комитетінің төрағасы, 1920-1922 жылдары Жаркент уездік партия комитетінің хатшысы қызметін абыроймен атқарған Айт- жан Түркебаев еді.

Жаркент қаласының кең көшелерімен келе жатып терең ойға баттым. Жиырма жасында уездік партия комитетінің хатшысы болған жалындаған жас жігіт иығына маузерін асынып, осы көшелермен талай рет атпен де, жаяу да жүріп өткен шығар. Атаман Дутовқа қарсы операцияны ұйымдастыруға белсене қатысып, талай түнді осы қалада ұйқысыз өткізді-ау есіл ер. 
Айтжан Түркебаев 1900 жылы Алматы облысы Кеген ауданының Саты ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1913-1914 жылдары Пржевальск (Қарақол) қаласындағы шаруа халыққа арналған орыс училищесінде, 1915-1917 жылдары Қапалдың ауылшаруашылық училищесінде білім алды. 
Қапалда оқып жүрген зерек балаң жігіт өмірдегі қайшылықтарды көріп, қабырғасы қайысты. 
Айтжанды тағы бір күйіндірген жайт – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде бірге туған ағасы Әбиір Түркебаев пен оның бір топ жолдастарын ақ патша әскерлері ешбір сұраусыз, сотсыз атып тастады.
Бұл қайғылы хабарды Айтжан Қапалда оқып жүргенде естиді. Ол бұл қазаға қатты қайғырып қана қоймай, өзі де аға жолын жалғастыруға белін бекем буады. Сол мақсатпен училищеде патша өкіметіне қарсы ұйым құрады. Ұйым мүшелерінің ұлттары әртүрлі болса да мақсаттары бір еді. 
Бір басқосуда ұйым мүшелері патша өкіметі қатаң тыйым салған саяси ән – «Марсельезаны» шырқайды. Училище ішінде шырқалған қуатты ән мұғалімдердің зәре-құтын ұшырады. Содан тергеу, сұрау басталады. Ақ-қарасына бармастан оқудың бітуіне бір жыл қалғанда Айтжанды училищеден шығарып жібереді.
Он жетідегі балаң жігіт бірнеше күн жол жүріп арып-ашып Таушелекке келді. Аға баласы – кішкентай Нұрлан Әбиірұлының көздерінен тарам-тарам болып аққан ыстық жас Айтжанның бетін жуды. Оған қарап Таушелектің елі де көз жастарына ие бола алмап еді.
– Нұрланым, сен жетімдікті көрмейсің. Азат заманның туатын күні де алыс емес, – деген еді сонда Айтжан.
Октябрь революциясының Орталық Мемлекеттік мұрағатында сақталған өмірбаянында Айтжан Түркебаевтың 1918 жылы, он сегіз жасында Жаркенттегі қызыл гвардия отрядына өз еркімен қосылғандығы жазылған. 
Ат құлағында ойнаған Айтжан Түркебаев Жаркентте кеңес өкіметінің орнауына өзіндік үлес қосты. Қазақ Совет энциклопедиясының 4-томының 312-бетінде: «Жаркент уезінде Совет өкіметін орнатып, оны нығайту жолындағы күреске А. Түркебаев… белсене қатысты», – деп жазылған. Жаркент өңіріндегі ақ казактармен болған қанды шайқастарда Айтжан нағыз батыр екенін көрсетті. 
1921 жылы Жаркент уезіндегі жағдай өте қауіпті еді. Контрреволюционерлер Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Сүйдін қаласына бекініп алып, қазақ жеріне тарпа бас салуға әскер жинап жатты.
А. Түркебаев Жаркентте алғашқы екі жылға толмаған мерзімде-ақ үлкен беделге ие болды. Оның ұйымдастырушылық қасиетіне, қандай қиын сәттерде де дұрыс шешім таба алатынына сол кездегі басшылардың көзі жетті. Айтжанның басшылығымен Жаркентте тұңғыш рет балалар үйі ашылып, жетім балалар өкімет қамқорлығына алынды.
Жалынды жас Жаркент уездік партия комитетінің хатшысы қызметін екі жылдан астам уақыт атқарса да талай жұмысты жүзеге асырды. Осы жылы Абдолла Розыбакиев Жаркентке келіп еді. Жаркент коммунистері оны бұрыннан жақсы білетін, оның революциялық істеріне әбден қанық болатын.
А. Түркебаев пен А. Розыбакиев ұзақ әңгімелесті. Айтжанның жұмысына Абдолла риза болып: «Істі осылай бастап, осылай жүргізу керек. Ендігі бір мазалап жүрген жай – Сүйдіндегі атаман Дутов Жаркентке ғана емес, жалпы қазақ жеріне қатерлі қауіп төндіріп тұр», – деді.
Сонан соң А. Розыбакиев қалтасынан қағаз шығарып: «Мынаны оқышы. Бұл Дутовтың басмашылардың бастығы Ергешке жазған хаты. Біздің адамдар оны қолға түсірді», – деді. Хатта «Жаркент қаласына тура шабуыл жасап, оны басып алу мен үшін ең басты міндет. Ол үшін сіз бен біз бірігіп әрекет жасап, байланыста болуымыз керек», – деп жазылған екен.
– Дутовтың бұл пиғылынан түк шықпайды. Жаркенттегі біздің әскер олардың тас-талқанын шығара алады, – деді Айтжан сеніммен.
– Оның дұрыс. Бірақ бәрібір адам шығыны болады. Жаңа ғана тынышталған халықты қанға батырып аламыз, – деді            А. Розыбакиев.
– Енді не істеу керек? – деп Айтжан Абдоллаға сұраулы кескінмен қарады.
– Жоғары әскери трибунал кеңес өкіметінің атынан Дутовқа сырттай өлім жазасын шығарды. Жоғарғы жақ соны орындауды Жаркент милициясының бастығы Қасымхан Чанышевқа жүктеп отыр. Олай болатын себебі, Қасымханның әкесі Чаныш Дутов пен Еркештің жан досы. Ал Чаныштың баласы Қасымхан Дутовқа қызмет еткен болып Дутовпен хат алысып тұрады. 
– Ол өте ержүрек, батыл азамат, Отанымыздың қайсар солдаты, – деп бұл кандидатураны Айтжан бірден құптады. 
Сол күні кешкісін Жаркент уездік партия ұйымының бірінші хатшысы Айтжан Түркебаев Жаркент уездік милициясының бастығы Қасымхан Чанышев пен милиция қызметкерлері Махмуд Қожамияров пен Мұқай Байсымақовты кабинетіне шақырып, атаман Дутовтың көзін жою жөніндегі жоспарды тағы да тиянақтады. Осылайша Айтжан Түркебаев Жаркент милициясымен бірлесіп, партиялық басшылықты да алдыңғы орынға шығарды. 
Міне, биыл, яғни 2021 жылдың 5 ақпанында бұл оқиғаға 100 жыл толды. Егер Дутовтың көзін жою операциясы екі күнге кешіктірілсе, Жаркент аймағы сол кезде уақытша болса да түгелімен атаман Дутовтың қол астына өтіп кетуі мүмкін еді. 
1921 жылдың қазан айында Жаркент уездік партия комитетінің бірінші конференциясы өткізілді. Сонда баяндама жасаған А. Түркебаевтың жалынды да жігерлі сөздері делегаттардың көкейінен шықты. Конференция жұмысына облыстық партия комитетінің өкілі ретінде Ораз Жандосов қатысты.
Конференциядан соң екеуі ұзақ әңгімелеседі. А. Түркебаевтың О. Жандосовпен бірге болған күндері оның одан әрі жемісті жұмыс істеуіне үлкен ықпал етті.
Сол жылдары А. Түркебаев қызмет атқарған Жаркент уездік партия комитетінің тарихи үйі Жаркент қаласының Красноармейская мен Пушкин атындағы көшелерінің қиылысқан жерінде еді.
1922 жылдың басында А. Түркебаев Жетісудың 2-Түркістан полкінің саяси қызметкері болып тағайындалады. Бұл жұмыста ол өзінің болаттай шыңдалғанын алғашқы күндерде-ақ айқын көрсетеді. Соған орай Түркістан округі жауынгерлерінің арасында зор беделге ие болады. 
Бірақ, ол бұл жұмыста ұзақ істемеді. 1923 жылы Талдықорған уездік партия комитетінің хатшысы қызметіне ауысты. Үлкен уезге қиын-қыстау кезде 23 жасында басшылық жасап, жергілікті халықпен қоян-қолтық араласудың, олардың мұң-мұқтаждарын ескеріп, көмектесіп отырудың оңай емес екені белгілі. А. Түркебаевтың сол кездегі басты міндеті қайт- кен күнде еңбекші халықтың әл-ауқатын жақсарту еді. Ол бұл міндеттің де үдесінен шығып, көпшілікке дер кезінде көмек көрсетіп отырды.
1924 жылғы 8-сәуірде Талдықорған қаласында партия конференциясы болып, онда А. Түркебаев баяндама жасайды. Айналасы екі жылға жуық уақытта ол өңірдегі партия комитетінің жұмысын жолға қояды. Партия комитеті оның беделді де іскер басшы екенін жоғары бағалап, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы басшы партия қызметкерлерін даярлайтын арнайы курсқа оқуға жіберген.
Бұл курсты өте жақсы бітірген А. Түркебаев бұдан кейін де партияның жауапты қызметтерін өте жақсы атқарып отырған.
1936-1937 жылдары Қазақ ССР жер шаруашылығы жөніндегі басқармасының бастығы қызметінде болды. «Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды» дегендей, осындай жауапты жұмыстарды атқарғанда білімді де білікті басшы екенін көрсете білді.
А.Түркебаев 1937 жылы халық комиссариатының тапсырмасымен Жаркент қаласына келеді. Ол мұндағы маңызды жұмыстарды тындырып, Алматыға қайтады. 30-сәуір күні кешке Сарыөзек стансысынан пойызға мінеді. Ертесі 1-мамыр мерекесін Алматыда халықпен бірге қарсы алмақ. Бірақ Айтжанның Жаркентке келгенінен хабардар болған жаулары оның жолын аңдып жүріп пойыз ішіне жасырынып кіріп, жеті жерінен пышақтап кетеді.
Асыл азамат осылайша дұшпандарының қолынан қаза табады. Бірақ оның ісі мәңгі өшкен жоқ. Ол басқарған Жаркент уезі бүгінде Панфилов ауданы атанып, республикамызға жақсы көсеткіштерімен танылды. 
Аудан еңбеккерлері асыл азаматты есінен шығарған жоқ. Сол үшін де 1983 жылы қаламыздың үлкен бір көшесін А. Түркебаевтың есімімен атау жөнінде аудандық газетке көлемді мақала жаздым. Сол кездегі аудандық партия комитеті мен аудандық Кеңес атқару комитеті газетте көтерілген мәселені дұрыс деп тауып, арнайы шешім шығарды. Бүгінде Жаркент қаласының үлкен бір көшесі Айтжан Түркебаевтың атымен аталады.
Асыл азамат Айтжан Түркебаевтың есімі ел есінде. Оны халық қашанда құрметпен еске алып тұрады. «Жақсының артында із қалады» деген де осы емес пе?

Садық  Жұмабай,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

09.02.2026
Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

09.02.2026
“Рыбакинаның жеңісін тойлап, уақыттары болмаған шығар” – Француз комментаторы Қазақстанның Олимпиададағы формасын сынға алды

“Рыбакинаның жеңісін тойлап, уақыттары болмаған шығар” – Француз комментаторы Қазақстанның Олимпиададағы формасын сынға алды

09.02.2026
Қар тазалау қарқынды жүргізілуде

Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық жолдар жабылды

09.02.2026
Депутат Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

Депутат Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінде қызметке тағайындалды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.