Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЖАТЫРЫН АЛЫП ТАСТАҒАН, 9 СИСТЕМА САЛҒАН: ЖАРКЕНТТЕГІ АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ

10.04.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ЖАТЫРЫН АЛЫП ТАСТАҒАН, 9 СИСТЕМА САЛҒАН: ЖАРКЕНТТЕГІ АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаркент қаласында ана мен бала өлімі тіркелді. Осыдан бірнеше күн бұрын белгілі болған қайғылы хабарды Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы ресми растады. Сондай-ақ, басқарма істің мән-жайы тексеріліп жатқанын айтты.

24 жастағы Жанар Баратова үшінші баласын босануы тиіс болған. Бір апта бұрын сәбиді жерлеген отбасы енді Жанарды жер қойнына тапсырды. Жанардың соңында төрт жаста қызы, екі жаста ұлы, жан жары қалды. Туыстарының сөзінше, 12 күн бұрын Жанардың іші өтіп, инфекциялық ауруханаға түскен.

Алдын ала ақпарат бойынша, ай-күні толған әйелге бір күнде 9 система салынған.

— Инфекциялық ауруханаға жатқызды, сол күні 9 система салды. 9 системаны әйелім көтере алмай, ауырып, перзентханаға түседі. Ол кезде ай-күні толып тұрған кез. Перзентханаға түскі сағат бір мен үштің арасында түскен. Түнгі сағат он екіге дейін оған ешбір дәрігер көз қырын салмаған. Түнгі он екіден отыз минут кеткенде әйелімнің жатырынан суы кетіп, баланың жүрегі тоқтаған, – дейді марқұмның жолдасы Бейімбет Мұрат.

Сәби дүниеге өлі келген. Ж.Баратованың жолдасының сөзінше, қан тоқтамағаннан дәрігерлер ешбір туысының рұқсатынсыз жатырын алып тастаған. Бірақ қан кету сонда да тыйылмаған.

Бейімбет Мұрат ешбір сақтау талабын білмесе де, Алматыдағы қан орталығынан қан тасымалдаған. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің асқазанындағы жара жарылып, қан кеткен. Алайда паталогоанатомдардың сараптама нәтижесі оны жоққа шығарған.

— Сараптама қорытындысы бойынша, асқазанында жара жоқ, — дейді марқұмның жолдасы. Ал дәрігер Жанардың өліміне қан кету себеп болғанын айтуда.

— Босанғаннан кейін қан кету басталды. Асқазанынан, ішінен кетті. Қан кету коронавирусқа да байланысты болуы мүмкін, — дейді Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасы директорының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары Гауһар Байдаханова.

Қара жамылған отбасы егер келіншек коронавирустан қайтыс болса, ол неліктен санитарлық талап бойынша жерленбегенін түсінбей дал. Ақ халатты маман бұл жайт бойынша пікір білдіре алмайтынын жеткізді.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ана мен бала өлімін растап, қазіргі таңда Жаркент қаласындағы ауруханада тексеріс жүріп жатқанын, қосымша ақпарат болса, тағы да хабарлайтынын жеткізді.

 

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.