Талдықорған: +8°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

АЛМАТЫНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ 53 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ

23 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
АЛМАТЫНЫҢ ТӨҢІРЕГІНДЕ 53 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысында Алматы агломерациясы (Алматы қаласының төңірегі) аймағында орналасқан аудандарды дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қазіргі кезде агломерация аймағында 1 миллион 250 мыңдай адам тұрады, бұл — облыс халқының  60 пайызы. 2016-2020 жылдары мұнда 5 мың жұмыс орнын құрған, құны 215 млрд.теңгелік 53 инвестициялық жоба іске асырылды. Бұл туралы «Жетісу» газеті Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні агломерация өңірі электр желісімен 100%, орталық ауыз су жүйесімен 97% қамтылған, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 93% жеткізілген. Халық санының қарқынды өсуіне байланысты әлеуметтік нысандарға деген қажеттілік те артып келеді.

Облыста жыл сайын 50 мыңға жуық бала өмірге келеді, соның басым бөлігі агломерация аймағында дүние есігін ашады. Осыған орай үшауысымды мектептер мәселесі де өзектілігін жойған жоқ.

Мәселен, соңғы 5 жылда агломерация аймағында 27 мың орынды 50 мектеп салынған, соның 46-сы үшауысымды мектептерді болдырмау мақсатында тұрғызылған, сол сияқты денсаулық сақтаудың 19 нысаны салынып, 32 мың орынды 420 балабақша ашылған.

Экологияны жақсарту – тағы бір маңызды бағыттың бірі. Қазіргі кезде Қарасай ауданында халықтың 99%, Іле ауданында – 94,3%, Талғар ауданында 89% табиғи газға қосылған. Сондай-ақ көмір жағып отырған көп қабатты үйлерді газға қосу жұмыстары да жүргізілуде. Қазірдің өзінде Талғар және Қаскелең қалаларында 35 блокты-модулді қазандық орнатылды, 152 үй немесе 48948 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылды.

Жұмыспен қамту және барыс-келіс көші-қонын азайту да басты мәселелердің қатарында. Оны тиімді шешу мақсатында 2016-2020 жылдары мұнда 5 мың жұмыс орнын құрған, құны 215 млрд.теңгелік 53 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Сол қатарда трансұлттық компаниялардың қатысуымен «Маревен Фуд», «Wilo» және «Лукойл» компанияларының ірі зауыттары іске кірісті. Бұл жобалардың барлығы солтүстік-шығыс бағытта, сол сияқты Алматы қаласының контрмагнит және серіктес қаласы болып саналатын Қапшағайға қарай орналасқан.

Сол сияқты соя өңдейтін, қуаты 6 мың тонналық «Агритех» инновациялық жобасы іске қосылады. «Бауман» компаниясы ұсақ мал етін тереңнен өңдейтін «Жетісу Қой» зауытының құрылысын бастайды, оның қуаты жылына 30 мың тонна дайын өнім шығаруға жетеді. «Aitas.kz» АҚ-ның ірі құс фабрикасы мен «Шин-Лайн» компаниясының балмұздақ және азық-түлік өндіретін зауытын салу туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл жобаларды іске асыру арқылы 208 млрд.теңге инвестиция тартылып, 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін, 20:13
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін, 20:05
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.