Талдықорған: +8°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«50-60 НАУҚАСТАН ТҮСТІ»: ТАЛҒАРЛЫҚ ДӘРІГЕР АУЫР КҮНДЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ

16 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
"50-60 НАУҚАСТАН ТҮСТІ": ТАЛҒАРЛЫҚ ДӘРІГЕР АУЫР КҮНДЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу барысында Талғар ауданында ауқымды іс-шаралар атқарылды. Індет дендегенде ақ желеңді дәрігерлердің уақытпен санаспай, бастарын бәйгеге тігіп жұмыс істегенін жақсы білеміз. Солардың бірі — Талғар аудандық ауруханасының терапия бөлімінің меңгерушісі Сайра Тәлімжанқызы. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

– Бастапқыда індетпен күрестің қиынға соққаны анық. Аудандық ауруханада коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу бойынша провизорлық бөлімше ашылды. Онда дәрігерлер мен орта буын мамандар күн-түн демей жұмыс істеді. Созылмалы ауруы барларды құтқарып қалу мүмкін емес жағдайлар да кездесті. Бізді өз өміріміз емес, науқастың аман қалуы қатты алаңдатты. Сол жолда қолдан келген емді жасап, Гиппократ антына сай дәрігерлік тәжірибемізді жұмылдырдық. Отбасы, жақындардан алыста жүріп жұмыс істеуге тура келді. Күніне 50-60 науқас түсіп жатты. Олардың арасында жүкті әйелдер де болды, – дейді індет жайлағанда провизорлық бөлімнің меңгерушісі болған Сайра Тәлімжанқызы.

Ел басына күн туған қиын-қыстау шақта әкімшілік қызметкерлері, демеушілер санитарлық- эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға үлкен-кіші демей жұмыла кірісті. Қолдан маска тікті, тамақпен қамтыды, өкпені желдететін аппарат тасыды. Елдің бірлігі, бір-біріне жанашырлық жасауы жағдайды жеңілдетуге, аурудың таралу қаупін бәсеңдетуге септігін тигізді.

Міне, осылай өмір мен өлім күресінде халыққа қалтқысыз қызмет көрсеткен дәрігерлер Әйгерім Абетова, Нұргүл Әлиқұлова, Айсәуле Жақсылықова, Олжас Жұмағазиев, Михайл Кутузов, реаниматологтар Ерболат Шәденов, Болат Түңлікбаев, Ерлан Төлеуов және акушер-гинекологтар Нұргүл Матжанова мен Эльмира Талғатовалардың тынымсыз еңбек еткені ел есінде.

Ұлбосын БӨРІБАЙҚЫЗЫ

Талғар ауданы

Сурет — ғаламтордан

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Бүгін, 20:13
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Бүгін, 20:05
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Бүгін, 18:00
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.