Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҮШТӨБЕДЕГІ АРДАГЕР МҰҒАЛІМГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

8 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ ҮШТӨБЕДЕГІ АРДАГЕР МҰҒАЛІМГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры қорғаншылық кеңесінің төрайымы Валентина Спиридонованы 8 наурыз мерекесімен құттықтады. Осыған орай, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы мектепке барып, Мемлекет басшысының жолдаған хатын ардагер ұстазға табыстады. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Шара барысында облыс әкімі:

— Сізді көктемнің керемет мерекесі қарсаңында көргеніме және құттықтауды өзіңізге жеткізіп отырғаныма қуаныштымын. Ғалым, ел қорғаған батыр, тілінен  бал тамған ақын, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де ұстаздан тәлім алған, — деген аймақ басшысы ақжарма тілегін ақтарып, Президенттің құттықтау хатын оқып берді.

«Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Осы бір көктемнің көрікті де шуақты күнінде қайырымдылығыңыз, түсіністігіңіз және жемісті еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әрбір атқан таң сізге және сіздің жақындарыңызға мейірім, сүйіспеншілік пен жан жылуын сыйласын. Сізге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!» — делінген құттықтауда. Сонымен қатар, облыс әкімі мектеп аумағында аудан жастарын жаңа және қажетті мамандықтарға оқытатын колледж бен жатақхана салынатынын айтты.

Өз кезегінде Валентина Спиридонова: «Уақытының тығыз болғанына қарамастан, ұстазын, туған мектебін ұмытпайтын Қазақстан Республикасының Президентіне зор алғысымды айтамын. Мен бүкіл өмірін жастарды тәрбиелеуге арнаған ауыл мұғалімімін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мені ұмытпағанына қуаныштымын. Адамгершілік тұрғысынан шексіз ризашылығымды білдіремін. Қазақстанымыз көркейіп, гүлдене берсін», — деп Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

Ардагер ұстаз Кемел Тоқаев қорының жұмысы жайлы да айтты. Қор 50 балаға отандық және шетелдік жоғары білім орындарында оқулары үшін грант бөлген. Сондай-ақ, оқу озаттары ай сайын шәкіртақы алып тұрады. Мектептің бірінші сынып оқушылары жыл сайын қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Індет кезінде қор қаржысы есебінен мектеп оқушыларына қашықтан оқулары үшін 50 смартфон сатып алынған. Тек оқушылар ғана емес ардагерлерге де қажетті көмектерін көрсетіп тұрады.

Ұлы әрі мәртебелі мамандықтың иесі, ардагер ұстаз Валентина Григорьевна білім беру саласында 1963 жылдан бері еңбек етеді. 1995-2009 жылдары Кемел Тоқаев атындағы мектептің директоры болған. 2009 жылдан бастап Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарады. Ардагер ұстаздың еңбек саласында жеткен жетістігі көп. «Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі», «ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин», «Алтын барыс» төсбелгілерімен, ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Шапағат» және басқа да бірқатар мерекелік медальдармен, грамоталармен марапатталған.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қаратал ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.