Талдықорған: +7°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ХИМИЯҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУ: БҰЛ ӘДІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?

4 наурыз 2021
КҮНДЕРЕК
ХИМИЯҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН КІРІКТІРІП ОҚЫТУ: БҰЛ ӘДІСТІҢ ТИІМДІЛІГІ НЕДЕ?
WhatsAppTelegramFacebook

Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес химия пәні мектептерде ағылшын тілінде оқытыла бастады. Оның негізгі мақсаты — оқушылардың химия пәнінен білімін әлемдік деңгейге жеткізу. Бұл әдіс Елбасы Н.Назарбаевтың «Үштұғырлы тіл» саясатының негізінде қабылданған шешім болатын. Онда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға кіру тілі деп атап көрсетті. Сол себепті химия пәні екі тілде қатар оқытылуда.

Көптеген ғалымдар А.Джуринский, М.Розов, А.Лиферов көрсеткендей, жаһандану белең алып келеді. Қазіргі замануи адамға көптілділік деңгейіне көтерілу міндетті. Ақпараттармен бөлісіп, білім жетілдіру үшін ағылшын тілін білу маңызды. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында мектеп қабырғасында химия пәні ағылшын тілінде өткізіле бастады. Оның тағы бір маңыздылығы – бүгінгі оқушылар интернет жүйесін белсенді қолданады. Бала кез келген мәліметті түпнұсқадан оқи алатынына мүмкіндік жасау. Оқушы тұлғасының өзгеруіне орай мұғалімге жаңаша кейіпке енуге тура келеді. Ол үшін шетелдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, білім берудегі ақпараттық-коммуникативті технологияның қарқынды дамуына сай жаңа әдістемені қолдану керек.

Арнайы дайындалған белсенді оқу әдістері арқылы химия пәнінің мектеп бағдарламасына енуі ұстаздар мен оқушыларға жаңа серпіліс берді. Оқушылардың деңгейіне сай, кіріктірілген сабақ ретінде өтіледі, яғни, тақырып бойынша негізгі тірек сөздер мен ұғымдар ағылшын тілінде беріледі. Химия пәніне қызыққан оқушы қосымша мәліметтерді осы ағылшын сөздерін пайдаланып, өз бетінше іздене де алады. Сабақтың қызықты өтуі де оқушының белсенділігін көтереді.

Химия пәнін оқытуда спираль әдісі қолданылады. Ол оқушылардың білімді қарапайымнан күрделіге қарай алуына мімкіндік береді. Сонымен қоса, қоршаған ортаны қабылдау сезімі дамып, сабаққа саналы түрде назар аударады. Заманауи стандарт полимәдениетке негізделген. Мұғалімдер оқушыларға білім беріп қана қоймай, толерантты, тәрбиелі, жан-жақты дамыған кең ауқымда ойланатын жеке тұлға қалыптастыру жолында қызмет етуде. Бүгінге дейін көптілділік лингвистикалық тұрғыдан қаралса, бүгінде бірнеше тілді меңгере отырып, білімін жетілдіру, оны тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырылады.

Оқытуда ағылшын тілін қолдану кезінде мұғалім берілетін материалдың көлемі мен оқушылардың деңгейін ескергені жөн. Ол үшін химия пәні мұғалімі сынып оқушыларын зерттеуі тиіс. Ағылшын сабағына қатысып, пән мұғалімімен бірге оқушылардың тілдік деңгейін анықтап алады. Содан кейін бірге отырып, химия пәнінің жоспарына ағылшынша материалды ақырындап қосып, алдымен химиялық терминдерді түсіндіріп, тапсырмалардың берілгенін қалай анықтауды үйретеді. Мұғалімдердің бірге құрған жоспары сыныптың оқу деңгейіне сай сабақтың берілуін бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Сабақтың берілуі әдістемесіне баса назар аударылады. Бірігіп шешкен тон келте болмас.

Кіріктірілген сабақта сөйлеудің барлық тәсілі қолданылады. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу деңгейі мен қабылдауына сай келетін сөздерді таңдап, түрлі карточка, сызба, схема түрінде берілуі абзал. Үлкен мәтіндерді бөлшектеп, кішкенеден берген кезде түсінуге жеңіл, қабылдауға оңай болады. Әсіресе, мәтінмен жұмыс жасағанда мәтін алды, мәтіннен соң тапсырмалар беріледі. Ойлаудың когнитивті жүйесі қарапайымнан ақырындап күрделіге көшкенде саналы қабылдау процесі жүреді: сұраққа жауап бере отырып, тақырыпты түсінеді, кейін мәтінді талдап, мәнін-мағынасын түсінуге ыңғайлы. Түрлі диаграмма, таблицалар ақпартты бөлшектеп есте сақтауға, негізгі ойды анықтауға  оңай.

Тілдік-пәндік кіріктірілген сабақ мұғалімнің шығармашылық дамуын талап етеді. Сабақ беру әдісін күнделікті жетілдіріп, сабақты түрлендіріп отыруына тура келеді. Сонымен қоса, білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіруі тиіс. Әрине, жұмыс барысын жоспарлағанда оқушылардың қызығушылығын басты назарда ұстау маңызды. Білікті ұстаз – биік мәртебе.

Аида АҚЫЛБЕКОВА,

А.Макаренко атындағы №6 орта мектептің химия пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.