Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІНДЕ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ БАР

27 ақпан 2021
РУХАНИЯТ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСІНДЕ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ҮШ ДЕҢГЕЙІ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстазға артылған жауапкершіліктің мол екені бәрімізге белгілі. Ұлт болашағы – ұстаз бен шәкірт қолында. Білімді шәкірт тәрбиелеу жолында ұстаздың біліктілік деңгейі маңызды рөл атқарады. Оқушыға білім беру оңай жұмыс емес. Ол үшін педагогтің оқыту әдіс-тәсілдерінің рөлі басты орында.

«Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі,  ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді», – деген Бауыржан Момышұлының сөзі барша ұстаздар қауымының құлағында жаңғырып тұрса керек. Білім беруде теория мен практиканың бірлігі үйлесім тапқаны жөн. Педагог өз пәнімен қатар психологиядан хабардар болуы қажет. Өйткені оқушылардың қабылдау қабілеті әртүрлі. Бұған қатысты психологияда адамдарды визуал, аудиал, кинестетик, дискрет деп бөледі. Яғни, 2-3 бала тек қана теорияны тыңдау арқылы сабақтың жаңа тақырыбын түсінсе, қалғандары түсінбеуі мүмкін. Сол себепті ұстаз көрнекілік пен практикалық тұрғыда білім беруді қатар жүзеге асыруға міндетті.

Қазіргі таңда сапалы білім беру барысында, жаңа технологияларды ағарту саласында тиімді әрі сапалы қолдану үшін бірнеше инновациялық әдіс-тәсілдері айқындалды. Ғылыми-педагогикалық тұрғыда қарайтын болсақ, оқытудың әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып келеді. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Оқытудың инновациялық әдісінде белсенділіктің үш деңгейі байқалады. Олар: 1)Қайта айту белсенділігі – оқушы білімді түсінуге, есінде сақтауға, қайта айтуға ұмтылады, үлгі бойынша қолдану тәсілін меңгеруге тырысады; 2)Интерпретациялау белсенділігі – оқушы меңгерілетін білімнің мәнін түсінуге, байланыстарды анықтауға, өзгерген жаңа жағдайда білімді қолдану тәсілін меңгеруге ұмтылады; 3)Шығармашылық белсенділігі – оқушы белсенділігі теориялық мәнді ашуға, келелі мәселелерді шешуге өз бетінше әрекет жасауға бағытталады. Ізденуі, танымдық қызығушылығы жоғары деңгейде көрінеді.

Бүгінде инновациялық технологиялардың мынандай түрлері оқыту барысында қолданылып жүр: жобалау, саралап оқыту; сын тұрғысынан ойлауды дамыту; модуьдік, деңгейлеп оқыту; сатылай комплексті талдау; компьютерлік оқыту; ойын технологиялары және білім берудегі интерактивтілік технологиясы және тағы басқа. Адамның миы алғашқы берілген ақпаратты тез қабылдап алады. Мәселен, психологтар суық суды ыстық су деп шашқан кезде адам денесінің күйіп қалғандай сезімде тұратынын айтқан болатын.

Білім беру де дәл сондай нәрсе. Балаға күрделі тақырыпты күрделі тақырып деп түсіндіру жақсы нәтижеге жеткізе қоймаса, жоғарыда инновациялық технологиялардың бірі – ойын технологиясы арқылы білім беру оқушының теориялық білімді практикалық тұрғыда жылдам әрі тез қабылдауына әсер етеді. Себебі ойын баршамыздың санамызда жеңіл, қызық деген түсінікпен қалыптасқан.

Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру – әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін, жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларына қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады», – дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені, қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті.

Ж.САРЫБАЕВА,

Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі

Сарқан ауданы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Талдықорған орталығында отшашу атқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Бүгін, 11:00
729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

729 қазақстандық мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

Бүгін, 10:30
Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Халықтың орташа жасы өсіп, егде жастағылардың үлесі артып келеді

Бүгін, 10:06
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31
Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Елімізде жаңартылатын энергетика мен қайта өңдеу саласы дамиды

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.