Талдықорған: +6°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКТІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

10 ақпан 2021
КҮНДЕРЕК
ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕКТІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін — қазақ әдебиетінің қайталанбас классиктерінің бірі, дауылпаз ақын Есенқұл Жақыпбектің туған күні.

Қасиетті қара домбырасын құшақтап, айтыс өнерін шырқау шегіне жеткізген, бекзат болмысына сай барақатты ғұмыр кешіп, қаламды да жанына серік етіп, сыршыл өлең тудырған, иісі Алаш жұртының жүрек төрінен тұғыр сайлаған тұғырлы тұлғаның туған күнін жетісулықтар таңмен таласа мерекелеп кетті.

«Көк шыққанға бір қуанып, шөп шыққанға бір қуанып, өмір өтті зырғып ағып», — деп сынаптай сусыған тіршілік ырғағына қарата саф жыр түлеткен Есенқұл Жақыпбекке «Jetisý» телеарнасының «TAŃJARYQ» бағдарламасы арнайы хабар арнады. Ақынның сөзіне жазылған ғажайып әндер әуелеп, оқырмандарға шайыр шығармашылығынан сауалдар қойылды.

Хабарға көрнекті ақын, Алматы облыстық «Jetisý» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым, айтыскер ақын, «Алатау» гезетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов арнайы қонақ болып, Ес-ағаның бедерлі ізі, шығармашылығы мен рухани болмысы туралы тебірене әңгімеледі.

Сахнада елдің мұңын мұңдап, жырын жырлаған айтыс ақтаңгері қарапайым ғұмыр кеше жүріп, қаймана жұрттың сөз өнеріне өз қазынасын молынан қотарды. Елін ерекше сүйді. Туған жердің түп жусанына дейін жанарымен аймалап, алақанымен аялады. Тұғырлы елдің ғана емес, табиғаттың да перзентіне айналған Есенқұл Жақыпбек шын мәнінде халық ақыны еді.

Дара тұлғаның сара жолын ой сарабына салып, өмірде Ес-ағамен дос, аға-бауыр болып етене араласқан, рухани пікірлес болған Нүсіпбай Додабайұлы мен Айтақын Мұхамедиұлы ақтаңгер өмірінен есті естеліктер айтысты. Өз кезегінде, «TAŃJARYQ» бағдарламасының қонақтары ақынның баспа бетінен жуырда ғана жарық көрген «Алуан ойлар» атты балаларға арналған өлеңдер кітабы мен «Ғашық жүрек ғазалдары» лирикалық жыр жинағының тұсаукесер рәсімін өткерді. Ақынның бір өлеңін оқып, кітапты таныстырып өтті.

Айта кетерлігі, Есенқұл Жақыпбектін қос кітабы ақынның рухани шәкірті Айдос Майлыбаевтың демеушілігімен 1000 дана болып оқырманға жол тартып отыр. «Алуан ойлар» балаларға арналған кітабында шымшыма ойлар, мағыналы тақпақтар топтастырылса, аталмыш екінші кітапқа мәңгілік тақырып — махаббатқа арналған ақынның таңғы шықтай туындылары басылған.

Тірісінде ешқандай кұжат-қаулысыз-ақ ел жүрегінен ойып орын алған Есенқұл «халық ақыны» атанып кетті. Алпысқа аяқ басқан шағында салалы саусағынан қаламын сусытып алған ақын соңына мол мұра қалдырып үлгерді.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Фото — автор

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді

3 қараша 2026
Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

Құқықтық мәдениет: Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі артты

2 қараша 2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

2 қараша 2026
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

2 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.