Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АҚЫН МҮСІНІ ОРНАТЫЛДЫ

5 ақпан 2021
РУХАНИЯТ
АҚЫН МҮСІНІ ОРНАТЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұзынағаш кәсіптік колледжі мұражайына жыр алыбы Жамбылдың мүсіні қойылды.

Ауылшаруашылығына қажетті арнаулы мамандардың бірнеше буынын дайындаған, 85 жылдық тарихы бар колледжде оқу орнының мұражайы ашылып, ақын бейнесі мұражай төрінен орын алды. Мұнда кəсіптік білім беру саласына еңбегі сіңген колледж ұстаздары мен іргелі білім ордасын əр жылдары басқарған азаматтардың және колледжден шыққан еңбек озаттарының құрметіне арналған жәдігерлер топтастырылған. Колледж бұған дейін ұзақ жылдар бойы «Жамбыл атындағы кәсіптік-техникалық училище» деген атаумен жұмыс істеген болатын. Кейінгі жылдары колледж қызметі заман талабына орай жанданып, оқу ғимараттары мен жатақханасының сыртқы келбеті айшықтала түсті. Мұнда берілетін кәсіптік білімнің бірнеше түріне негізінен алыс ауылдардың балалары оқытылады. Олардың арнаулы білім алуымен қатар өткеннен хабардар болып, ел-мен жерді танып, жақсы тәрбие алып шығуына баса мән берілгенін мұражай жәдігерлерінен де байқауға болатындай.
Бірегей білім ордасының тарихынан сыр шертетін мұражайдың алғашқы қонағы аудан әкімі Бағдат Әлиев пен Ұзын- ағаш ауылдық округінің әкімі Ескелді Қасымов болды. Бағдат Байшал-ұлы мұражайдың ашылу лентасын қиып, ақынның 175 жылдығына орай орнатылған Жамбыл бюстінің шымылдығын түсіріп, колледж ұжымын құттықтады. Оларға колледждің тыныс-тіршілігін осы мекемеде басшылық етіп отырған Болат Бекбосынұлы баяндады. Аудан мен ауыл әкімдері пән кабинеттері мен өндірістік шеберханаларды аралап көріп, жаңа технологияларды меңгеруге талпынған білімгерлердің көрмеге қойылған жұмыстарымен танысты. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Бүгін, 09:31

ҰҚШҰ жиыны: Ортақ мүдде мен ұжымдық қауіпсіздікке бағытталған жаңа келісімдер

Бүгін, 09:28
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

Бүгін, 09:23
«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.