Алматы облысында өткен жылдың көктемінен бері қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 108-ге жетті. Бұл туралы «Жетісу» газеті коронавирус инфекциясы жайлы ресми мәлімет тарататын сайтқа сілтеме жасап хабарлады.
Соңғы мәлімет бойынша, Алматы облысында барлығы 9225 адам ковид жұқтырған. Оның ішінде, 7 мыңға жуығы жазылып шыққан. Ал қайтыс болғандар 108 адамға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш ПТР-тест арқылы анықталған.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





