Талдықорған: +15°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КЕГЕН АУДАНЫНДА ҚЫРЫЛҒАН МАЛ: ӘКІМДІК РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

27 қаңтар 2021
КҮНДЕРЕК
КЕГЕН АУДАНЫНДА ҚЫРЫЛҒАН МАЛ: ӘКІМДІК РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданында қырылған малға байланысты Алматы облысының әкімдігі ресми түсініктеме берді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

«Бірқатар БАҚ-тарда Алматы облысы Кеген ауданында тұрғындардың аулаларындағы малға Бөлексаз ауылдық округінде орналасқан «Meat Processing and Service» ЖШС-ның мал бордақылау алаңының кесірінен белгісіз ауру жұғуда деген сипаттағы ақпарат жарияланғанына байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

«Meat Processing and Service»ЖШС Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық округінде орналасқан. Бордақылау алаңында 1249 бас ірі қара бар. 2020 жылы сәуірде бордақылау алаңында 1000 бас ірі қара эмфизематоздық карбункулға қарсы вакцина салынды.

Облыстық ветеринария басқармасының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы»2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығына сәйкес пастереллезге қатысты эпизотикалық жағдайдың тұрақты болйына байланысты эпизоотикалық бірліктепастерреллезге қарсы вакцинация жасау жоспарланбаған.

Алайда 2021 жылдың 1 қаңтарында «Meat Processing and Service» ЖШС басшысыБ.Абдрасиловтың атынан Бөлексаз ауылдық округінің ветеринарлық пунктінің меңгерушісіне 2 бас ірі қараның өлгені туралы ақпарат келіп түскен.

Хабарлама келген сәттен мал өлексесінен патологиялық материал сынамасы алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы аймақтық филиалына өткізілген.

Зерттеу қорытындысында эмфизематоздық карбункул және пастереллез аурулары анықталды.

Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы№01 шешімімен»Meat Processing and Service» ЖШС-да эмфизематоздық   карбункул тіркелуіне байланысты карантин белгіленіп, сол сияқты 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 02 шешімімен пастереллездың тіркелуіне байланысты шектеу шаралары енгізілді.

Тиісті шараларды қабылдау аясында ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан малдың әр басына эмфизематоздық карбункулға, пастереллезға қарсы вакцина және «Дезол» дезинфекциялаушы препараты бөлінді.

Ауру ошағы болған жерлерде ҚР АШМ ВБжҚК«Республикалық эпизоотикаға қарсы отряд» РММ сауықтыру шараларын жүргізуде.

«Meat Processing and Service» ЖШС директоры Н.Смаиловтың 2021 жылғы 20 қаңтарда бордақылау алаңында 53 бас ірі қараның өлгені туралы хатына байланысты жергілікті және облыстық ветеринарлық қызмет өкілдерінен комиссия құрылды. Мал өлекселерінен патологиялық материал сынамалары алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы аймақтық филиалына жіберілді.

Бөлексаз ауылдық округінің аумағындағы «Meat Processing and Service» ЖШС-дан 2,5 кмқашықтықта орналасқан арнайы орында мал өлекселері жойылып, дезинфекциялық шараларжүргізілді.

Атап өтсек, карантин енгізілген 11 қаңтардан бері «Meat Processing and Service» ЖШС аумағынан мал сырқа шығарылған жоқ. Анықталған кемшіліктерді жою мақсатында «Meat Processing and Service» ЖШС-ға ветеринария саласындағы барлық нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын, соның ішінде «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көрсетілген талалаптарды орындау міндеттелді.

Карантин шаралары жалғасуда.

Бүгінгі күнге Кеген ауданы Бөлексаз ауылдық округі тұрғындарынан бір мезетте бірнеше малдың ауырғаны туралы хабарлама түскен жоқ», — делінген Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

Бүгін, 12:45
Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Бүгін, 12:15
Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Бүгін, 11:45
Алғыс арқалаған жандар

Алғыс арқалаған жандар

Бүгін, 11:30
Елдегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары

Елдегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары

Бүгін, 11:15

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.