Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТАСҚА ҚАШАЛҒАН ТАҒЫЛЫМ

15.01.2021
ЖАНСАРАЙ
ТАСҚА ҚАШАЛҒАН ТАҒЫЛЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

Тоқсан жылдық тарихын тасқа қашап, ғасырға қарай қадам басқан Алакөл ауданының өткеніне үңілсек, айдынды өңірдің тұғырын тіктеуде орамды ой, ордалы ісімен танылған азаматтар жетерлік. Қопара берсең қоңыр даланың қойнауында бұққан бірталай  арда алакөлдіктердің өмір деректерінен ғасырлық азық болар тағылым мен тәлім алып, ғибратқа шөліркеген санаңыз бір сусындап қалары сөзсіз.  Әр тасы да қарт тарихтан суыртпақтап сыр тартатын өңірдің өткені мен бүгінін сабақтастырып, мыңжылдықтар төрінен мәңгілікке қарай бағытталған көшін түзеуде табанды еңбек, толымды іс, толағай қызмет қылған тегеурінді тұлғаларына қарап таңырқамасқа лаж жоқ. Салмақты сөзі садақ адырнасынан атылған сауыт тесер жебедей нысанаға дөп тиіп, сарабдал ісі Жетісу Алатауын бөктерлей қонған исі алакөлдіктерге игілігімен жаққан Иса Жолжановтың туғанына биыл 100 жыл толып отыр.

«Мінсіз шығарма жазу оңай, алайда өміріңді мінсіз шығармаға айналдыру қиынның қиыны». Осы ретте Алакөлдің абызы атанған Исағұл Жолжановтың ғұмырнамасына халықтың өзі оң баға  беріп,  темірқазық тұлға тұтқаны рас-ақ. 94 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қош айтысқан ақсақалдың артында дәуірлік тағылым шашар ізгілік толы ізі қалды.
Азамат соғысы аяқталып, ел еңсесін енді тіктеймін деген мезетте қыстың қары, жаздың жауыны аз болып, күллі қазақ даласы ашаршылықтың қамытын киген мезетте қарапайым тұрмыстың тізгінін ұстаған Жолжан шаруаның шаңырағында Исағұл есімді ұл өмірге келеді. Бұл 1921 жылдың 15 қаңтарында Семей облысы Шұбартау ауылына қарасты №4 елді мекенінде болған сүйіншілі оқиға еді. Анасы Нұрқияның құт ұйыған құрсағына Исағаңа дейін үш ұл мен бір қыз біткен екен. Алайда өзінен кейінгі інісі мен қарындасы бес күндік дүниемен балғын шақтарында қоштасқан. Аттың жалы, түйенің қомында тірлік кешкен алмағайып кезеңнің құрдасы ерте жастан өмірдің небір солқылдақ өткелдерін еңсеріп, жаны да, тәні де шыңдала түскен. Көрген қиындық, келген кесапат пен жолыққан сыннан сабақ ала отырып, бүгінде жұрты мақтан ететін дәрежесінің дәрегейіне көтеріле білді.
Тағдырдың жазуы, Тәңірдің бұйрығымен 12 жасында анасынан айырылады. Көздегі жас тыйылып, көңілдегі мұң енді саябырси бастаған уақытта жамбасының ұршығы тайып, бір аяғы кем біткендіктен ғұмырының соңына дейін балдақ ұстауға мәжбүр болады. 14 жасында осындай ауыр жағдайға тап болған бала Исағұл алдында әлі талай ауыртпашылық күтіп тұрғанын болжап та білмеген. Ұлан-ғайыр даланы қоныс еткен ұлттың тең жарымын жер қойнауына тыққан алапат ашаршылық та, майдан өрті шарпыған атырапты мүрдеге толтырған Екінші дүниежүзілік соғыс та өмір сапарымен сабақтасып жатты.
Ауылдағы қызу тірліктің қазанында қайнап өскен дала баласы кез келген істің жөнін білер, әр жұмысты ұршықша иіріп әкетер жігіт болып ержетеді. Көкірек көзі биіктерді көздеп, кемел келешекке қарай қарымды қадамдар жасауға қолындағы балдағы да еш кедергі қыла алмады. Өмір санасына салмақ түсірсе де сағын сындыра қоймағаны шындық. Ойын баласы ой-қырды шаба шарлап, жайлау төсінде емін-еркін көсілуге құмар-ақ. Жастық жалыны шарпып тұрған Исағұл да қатарластарына ілесіп, көштен қалмауды құп көретін. Алғашқыда аяққа біткен кеселден өзін де, өмірін де өкпек-мұңмен бір сабалап алатын. Алайда даладай дарқан пейілді дос-жаранның арқасында бар қиындықты ерлікпен еңсерді, жігермен жеңді. Көше шаңын аспанға көтеріп, үйеңкі бұтағын ат қып мінген ауылдас балалар қолтығынан демеп, Исағаңды қастарынан бір елі тастамайтын. Сол кіршіксіз мейірімділіктің мизам шуағы жүрек түкпірінен мәңгілік орын алып, болашағына сәулесін шашты десек те қателеспеспіз.
Тоқтау көрмеген уақыт жылжып жатты. Қазақ даласындағы қанды қойылымын бастаған Голощекиннің солақай саясатының кесірінен әкесі Жолжан Шұбартаудан Алакөлге қарай қоныс аударуға мәжбүр болады. Бір қойы егіз туса, бір бетегесінің басы айыр шығатын жомарт даланың жұрты оларды жылы қабылдап, тірліктерін түзеуге көп қолғабыс еткен. Зобалаң жылдардың зардабынан мектепке есейген шағында барған Исағұл ұшқыр ойы мен зерек зейінінің арқасында екі жылда төрт сыныпты үздік тамамдап, озық балалардың көшін бастайды. 1937 жылы бастауыш мектепті тамамдап, «Қазақстан» кеңшарына аттанады. Бұндағы мақсат – жетіжылдық білім ордасында біліктілігін ары қарай шыңдау еді. Бір айта кетерлігі, не сырлас досы, не мұңдас жолдасы, не ағайыны жоқ жерде Исағұлға жанашыр жандар табылып, Мұқатай есімді құрдасының отбасына туған балаларындай сіңісіп кетеді. Өзгесің деп өзегінен итермеген отбасы оған бар жылылығын арнап, жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор көмек етті. Бұдан бір әулеттің ғана емес, дүйім қазақ ұлысының бауырмалдығы мен пәк пейілін аңғаруға болады.
Ашаршылықтан аман қалып, құл сүлдерін сүйреткен қалың жұртқа тағы да жұт келіп жағадан алды. Ол Екінші дүниежүзілік соғысы еді. Ел басына күн туғанда ерлердің жайбарақат отыруы мүмкін емес-ті. Жігіт Исағұл да жауға қарсы аттанамын деп ұран салғанымен ұршығы тайған жамбастың кесірінен майданға бара алмады. Мүмкіндігін шектеген мүгедектігін қарғыстаған ол «Бірлік» кеңшарының төрт түлігін бағып жүрген әкесінің жанына келеді. 
Әскерге жарамды еркек кіндіктінің басым бөлігі соғысқа кеткендіктен іс қылуға қауқарлы қыз-жігіттер жаппай кеңшар жұмысына тартылды. Бұған дейін де өз алғырлығымен көзге түсіп жүрген Исағұлды басшылық шақыртып, алдына таңдау қояды. Бірі «Қарабұлақ» жетімдер үйіне қызметке бару, екіншісі, Қазақстан Тұтынушылар одағының жанындағы бір жылдық бухгалтерлер даярлайтын училищеде оқып келу. Білектің емес, білімнің дәурені жүретінін іштей түйсінген ол екінші нұсқаны таңдайды. Оқудан орала сала, 1941 жылдың тамызынан аудандық тұтынушылар одағына нұсқаушы-ревизор, артынша бас бухгалтер болып тағайындалады. Мансаптық сатымен жоғары өрлеп, ел мүддесіне қарай қызмет ету жолы тура осы мезеттен бастау алды. Істің жөнін білетін жігіт көп ұзамай аудандық комсомол комитетінің жетекшісі болады. Кеңестік саясаттан қарыс адым қиыс кетсең болашағына балта шабылар осынау кезеңде сынсыз, мінсіз еңбек ету екінің-бірінің қолынан келе бермейтін. Себебі, аңдитын көз көп, ілескен сөз көп. Бірін-бірі көре алмағандар арызын жазып, орнын басуға құлшынып-ақ тұратын. Ал ауданда қарттар мен әйелдер, бала-шаға ғана қалған қым-қуыт заманда Исағұл секілді жастардың иығына артылған жүктің салмағы мүлдем ауыр еді. Алайда қызғаныштың қызыл итін бос қойып, 30 жасқа енді келген азаматты ағаш атқа теріс мінгізіп, жаманатты қылғандар дегендеріне жетті. Еңбектің адамы әлі келмеген соң қисық әңгіменің дауылын көтерген әумесерлердің құрығына ілініп, жұмыссыз қалады.
Өмірдің заңдылығы қызық-ақ. Мұзбалақ ақын Мұқағалиша тәпсірлесек:
Көтеріп тұрып, құлатады өмір,
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып, еңіреген кезде,
Қайтадан өзі жұбатады өмір.

Жұмысқа жанымен берілген ерекше еңбекқорлығының арқасында Дзержиснк аудандық тұтынушылар одағына қызметке келіп, 1955 жылы жұрттың қолдауы, Жаратқанның қалауымен басқарма төрағасы болып тағайындалады. Ал аудандар біріктірілгеннен кейін білікті маман Алакөлдің тұтынушылар одағын басқарады. Дәл осы мезетте «алтын көрсе періште жолдан таярдың» кейібіне кірмей, ақиқаттың ақ туын көтеріп, адалдық пен әділдікті еңбек жолына серік ете білді. Сол жанкештілігі мен тура айтып туғанына жақпас қазақы мінезінің арқасында арда азаматтың ардақты істері ғасырлық мерейтойында да халықтың жадында жаңғырып тұр. 
Сауда мұхитында салын суға кетірмей, аталған салада толайым жетістікке жетеді. Елдің құрметтісі, халықтың қадірлісі болып, ауданның атқаны жетіп, айтқаны өтіп тұрған азулы азаматтары да санасатын, сырласатын дәрежеге жетеді. Алдына барсаң ақжайлау Исағаңның өмірлік тәжірибесінен тәлім алып, ақыл сүзгісінен суырылып шыққан ой-толғамдарын тыңдап өскен талай ұрпақ бүгінде ел басқаруда. 
Тірсектен қаққан талай тас атқыштардың сан әрекеті де, сөзінде пәтуа жоқ пайдакүнемдердің жымысқы істері де тектілігінен таймаған абыз ақсақалдың тұғырын теңселте алмады. Адамдықтың шыңына көтерілген өр тұлғасы сол биігінен қарға адым да төмендемегенін замандастары жарыса айтады. Кісілік пен кішілікті қатар өріп, өзгенің ала жібін аттамаған қалпында халықпен бірге жасап келеді. Көзден кетсе де көңілде қалған мәңгілік мұрасы, кербез тұлғасы, парасатты пайымы, игілікті ісі тасқа қашалып қалды. Әр адымы адалдықпен астарлас болған азаматтың ғұмырнамасының басқаша топшылануы да мүмкін емес-ті. Еңбек жолында еншілеген «Қазақ КСР еңбек сіңірген сауда қызметкері» атағы, аудан кооперациясын дамытуға қосқан үлесі үшін берілген «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордені, сөреде қалған сансыз марапаттары мен Мақтау қағаздары қарымды қызметінің айшықты белгісі болса, ел жүрегіндегі жылы естелік пен ыстық ықыластың орны мүлдем бөлек.

Алакөл өңіріндегі үлкен-кішінің ешқайсысы көзге де, сырттай да Исағұл Жолжанов ақсақалдың атын тура атамайтын. Бәрі де бірімен-бірі уәделесіп қойғандай, айрықша бір ықылас-құрметпен Исаға, Исеке десіп тұратын. Бұл есім аталғанда елең етпейтін, жалт қарамайтын адам кезіге қоймайды… Исекең мұндай құрметті біреуден қолқалап та, сұрап та алған жоқ. Еліне, өскен жерге сіңірген ұшан-теңіз еңбегі, сол еңбегі арқылы жылдар бойы жинаған берекелі ісі мен беделіне орай өзі іздеп келген абырой бәрі. Айналасына тигізген пайдасы, көрсеткен үлгісі мен өнегесінің алтын тамыр жемісі. 

Сәкен ИМАНАСОВ, 
(«Егемен Қазақстан» газеті, 2001 жыл)

Исеке ең алдымен еліне, халқына, үкіметі мен партиясына қызмет етіп жүргенін естен бір сәт шығармады. Абырой тапса алтынмен, ақшамен емес, адамдықпен, адалдықпен, кісілікпен ғана табатынына сенді. Өзінің сол берік ұстанған жолынан айнып, ауытқып көрген кісің емес. Айналасына да соны үйретті, өз бала-шағасын да соған тәрбиеледі.

 Жұмахан БАЛАПАНОВ,
(«Жетісу» газеті, 2001 жыл)

Түздегі тірлікті былай қойғанда, Исағаң бір шаңырақтың панасы, балаларын тал бесіктен талмай тәрбиеге баулыған әке, ардақты жар бола білді. Бекзат мінез бен берекелі істің ұйытқысы Исағұл Жолжанов өмірлік сыңары Жамбытай анамызбен жарты ғасырға жуық уақыт отасып, мерейі тасыған мерейлі отбасы ретінде танылды. Алтын құрсақты анамыз Мұхтар, Бахтұр, Марат атты ұлдар мен Қарлығаш, Гүлбаршын, Бақытжан, Бибігүл есімді қыздарды дүниеге әкелді. Ақ ниеті дарыған ақ уызымен бойларына қазақылық пен тағылым дарытып, талапты да табанды етіп жеткізді. Әкеден алған үлгі, анадан сіңген өнегенің арқасында ұрпақтары тәуелсіз еліміздің дамуына атсалысып, әр саланың майталмандары болып отыр. Бір айта кетерлігі, абыз ақсақал көзі тірісінде немеренің де бал күлкісін сезінді, шөберенің де тәй-тәй басқанын көріп, шөпшегін де иіскей алды. Қарап тұрсаңыз, 7 баласынан бүтіндей бір ауыл тарағандай. Өйткені, 94 жасына дейін 41 немере, 22 шөбере мен 2 шөпшекті құшағына қысты. Ал бүгінде сол ұрпақ еліміздің байтақ даласын ен жайлап, Исағұл ақсақалдың тәрбиесін таратуда. 
Исағаң зейнеттік жасқа жеткеннен кейін де ел ісінен қол үзбеді. Мемлекеттің мызғымас іргетасын қалар жастарға темірқазық тұлға болып, олардың білімі мен тәліміне жауаптылардың бірі болды. Бойдағы қуаты таусылмаған қария екі жыл аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатын басқарып, бес жыл аудандық тұтынушылар одағы тексеру комиссиясының төрағасы болды. Жетпістің желкесіне шыққанша жауапты қызметтер атқарып, ғұмыры қалың бұқараның тірлігімен етене сабақтасып жатты. Кейіннен жастарға рухани азық беру және ұлттық сана мен салт-дәстүрімізді дәріптеу, кейінгі толқынға қазақылық мінез сіңіру мақсатында аудан қариялары Исағаңды ақсақалдар кеңесін басқаруға толықтай лайықты деп таныды. Дуалы ауызынан дұғалы бата дарыған ақсақал сол кезеңдерде жастардың отбасылық кикілжіңдерін шешу, тәрбие-білім мәселесі, халықтың хал-ахуалы, әлеумет әлеуеті сынды тақырыптарды қозғап, қоғам үшін орасан зор іс тындырды. 
Аудан халқы абыз кісіні ұмыта қойған жоқ. Келелі іс, кесімді шешім, кемел бастамалары ұрпақтары арқылы жалғасын тауып келеді. Жаратқан жаппар иеміз тақты да, бақты да молынан беріп, ең асылы, халықтың тұлғасы ретінде атын өңір тарихында өшпестей қалдырды. 
Бүгінде алдыңғы және орта толқын Исағаң десе елең етіп, еңбегін баяндаудан танған емес. Кейінгі көштің өкілдері де дария кеуде қария жайлы үлкендерден естіп-білгендерін саналарына түйген. Ал қоғам үшін қам қылып, жұртты жарқын болашаққа қарай бастаған тұлғалардың ел жадында сақталуы заңдылық деп білеміз. Исағұл Жолжанов та мәңгілік заңдылыққа айналған арда азамат.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

СУ сақтаудың – ақылды тәсілі

09.02.2026
102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

102 млн қаралым: Димаш Құдайбергеннің жаңа шоуы рекорд жаңартты

09.02.2026
Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

Еліміздің көлік саласы мен логистикалық әлеуетін дамыту

09.02.2026
UFC: Қазақстандық файтер қарсыласын тік тұрған күйінде сұлатты

UFC: Қазақстандық файтер қарсыласын тік тұрған күйінде сұлатты

09.02.2026
Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.