Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАНАТ ТӘКЕБАЕВ «ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ» АТАНДЫ

30 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
ҚАНАТ ТӘКЕБАЕВ "ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ" АТАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Саналы ғұмырын қазақ баспасөзіне арнаған белгілі журналист Қанат Тәкебаевқа Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес шешімімен «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағы мен медалі берілді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Төсбелгіні Қоғамдық марапаттар жөніндегі Республикалық кеңес төрағасы, жазушы-публицист, профессор Марат Тоқашбаев тапсырып, қырық жылдан астам уақыт еліміздің баспасөзіне елеулі еңбек сіңірген қаламгер Қанат Тәкебаевтың 8-сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ жазу-сызуға бейімдігі бар екендігін байқатып, Нарынқол аудандық радиосында еңбек еткендігін атап өтті. Сол күндерден бастап бүкіл өмірі бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты болған Қанат Тұрсынұлы Алматы облыстық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Жетісу» газетінде, Қазақ радиосында, «Қазақстан-ZAMAN» апталығында қызмет етіп, қаламы қарымды, ойы ұшқыр журналист атанған.

– Журналистік шығармашылықпен 8-сыныптан айналысқан Қанат Тұрсынұлы аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хантәңірі»), республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), облыстық «Жетісу» газеті мен республикалық «Қазақстан әйелдері» журналына талапқа сай келетін хабарлама, суреттеме, очерк, фельетон жазып тұрды, – деген Марат Байділдаұлы марапат иесінің шығармашылық жолына жан-жақты тоқталды.

Жоғары сынып оқушысы Нарынқол аудандық радиохабар тарату редакциясында диктор болып жұмыс істеп жүрген жылдары ерекше көзге түскен. Аудандық газетте қызметте жүргенінде ауданның алдыңғы қатарлы шаруашылықтары, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері туралы арнаулы нөмірлер ұйымдастырып, сан-салалы мамандықтың иелері жайлы суреттемелер мен очерктер жариялаған. Облыстық газетте түрлі жанрда қалам тербеп жүргеніне 40 жыл болыпты.

Жалпы айтқанда, өзі қызмет істеген республикалық «Дала мен қала», «Қазақстан – ZAMAN» газеттері мен штаттан тыс тілшісі ретінде белсене атсалысқан «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Алматы ақшамы», «Ана тілі», «Экономика» газеттерімен қатар «Ақиқат», «Мұқағали», «Үркер», «Ақ желкен», «Ақ босаға» журналдарында жазбалары әлі жарыққа шығып тұрады. «Қырық жылдың ішінде 3 мыңнан астам мақала жазған ол «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағына әбден лайық!» — деді Марат Тоқашбаев.

Елімізді елең-алаң күйге түсірген биылғы жылдың соңын ала осындай марапатқа  ие болған Қанат Тұрсынұлы ризашылығын білдіріп, көпшілікке алғыс айтты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.