Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ӨМІРДЕН ТҮЙГЕНІ МОЛ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

24 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ӨМІРДЕН ТҮЙГЕНІ МОЛ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында ардагерлермен жүздесуі дәстүрге айналған. Биыл да осы үрдісті ұмыт қалдырмаған аймақ басшысы жылдағыдай көпшілікті жинамаса да, шағын ортада ардагерлерді қабылдауды жөн көрді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Шара Салтанат сарайында өтіп, оған облысымыздың дамуында өзіндік із қалдырған, қазіргі таңда да жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ардагерлер қатысты.

Қазыналы қарттарға қарата сөз сөйлеген Амандық Ғаббасұлы:

— Халқымыздың тарихында бір асыл заңдылық бар. Ол – үлкенге құрмет, кішіге  ізет көрсету. Бүгінде осы игі дәстүрімізден жаңылмай өздеріңізбен бас қосып отырмыз. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында, қиын күндерде бар ауыртпалықты көтеріп, елдің берекесін арттырған өздеріңізсіздер, ардақты ардагерлер! Сіздер елге бас болып, әр салада ерінбей еңбектеніп, көшіміздің көлікті болуына ықпал еттіңіздер. Алдыңғы толқын ардагерлер – өмірден көрген-түйгені көп, мол тәжірибе жинаған абзал жандар. Сол білгені мен жиғанын ұрпақ санасына жеткізсем деп жүрген ақ сақалды қария мен ақ жаулықты аналар барлық құрметке лайық, – дей келе, осы орайда тынымсыз еңбек етіп жүрген, жуырда Президент Жарлығымен «Құрмет» орденін иеленген ардагер-ұстаз Дина Нұрғалиеваға камзол кигізіп, иығына ақ орамал жапты. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облысымыздың 70-тен астам азаматы мемлекеттік марапатқа ие болғанын айта келіп, бұл қатарда ардагерлер арасынан «Құрмет» орденін иеленген Әлімғазы Райымбеков, Ақшабай Керімбеков ағаларымыздың есімін ілтипатпен атады.

Келесі кезекте сөз алған облыстық ардагергер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт қазіргі таңда Жетісу жерінде 28 000 ардагер бар екенін, Ұлы Отан соғысына қатысқандардан көзі тірі 67 қария ғана қалғанын, олардың есімін тарихта қалдыру мақсатында өмірі мен ерлігі жайлы жазылған «Ерліктің даңқы, елдіктің нарқы» атты кітаптың да жарыққа шыққандығын айтып өтті. Мұнымен қатар аймақ басшысына облыс орталығы мен аудан-қалаларда ардагерлердің денсаулығын шыңдайтын спорттық орталықтар ашылса деген ұсынысын жеткізді.

Шара барысында Алматы облысының Құрметті азаматы Әскербек Абаев та сөз алып, Жамбыл ауданында халықтың тұрмысын, әл-ауқатын арттыру барысында атқарылып жатқан игі істерді ортаға салды. Облыс орталығының да күн санап құлпырып, кеңейіп келе жатқандығын айтып, осы орайда еңбек етіп жатқан азаматтарға алғысын жеткізді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген ол алдағы жылда да талай белестерді бағындыра беруге тілектестігін білдірді.

Бұл күні 16 ардагер облыс әкімінің құрметіне бөленіп, ақшалай сияпатқа қол жеткізді. Жалпы, облысымыз бойынша 160 ардагерге осындай құрмет көрсетілуде. Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол боларына бұл күнгі шарада тағы бір мәрте көз жеткізіп қайттық.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.