Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖҮК КӨЛІГІ ЖАРЫЛҒАН КЕЗДЕ ЕРЕН ЕРЛІК ЖАСАҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17 желтоқсан 2020
САЯСАТ
ЖҮК КӨЛІГІ ЖАРЫЛҒАН КЕЗДЕ ЕРЕН ЕРЛІК ЖАСАҒАН ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының екі жол сақшысы «Ерлігі үшін» медалін алды. Бұл туралы «Жетісу» газеті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Мерейлі мерекеде медаль алған екі полицей — аға лейтенанттар Максим Шевченко мен Руслан Меделханов. Олар Алматы облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция ротасының инспекторлары.

Екі қызметкер өз өмірлеріне қауіп төнсе де, жол апатынан зардап шеккендердің өмірін құтқарып, өзге жолаушыларды қауіпсіз жерден айналып жүруіне жағдай жасаған. Сол үшін оларға «Ерлігі үшін» медалі табысталды.

Мемлекет басшысының қолы қойылған медальді екі жол сақшысына ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев табыстады. Сала басшысы қос қызметкерді құттықтап, мінсіз еңбегі мен көзсіз ерліктері үшін, полицейлердің беделін арттыруға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

— Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Жол апаты орын алған кезде біз қызметтік борышымызды өтедік. Ең алдымен, адамдарды құтқаруды ойладық. Өте қауіпті болғаны анық, бірақ ісімізді ерлік деп санамаймын. Біз ел алдында ант бергенде, қолдан келгенше қорған боламыз деп сендіргенбіз. Кез келген полицей осылай жасар еді. Дегенмен, мемлекеттік деңгейде бағалағаны үшін алғысымыз шексіз. Қазақстан Республикасына қызмет етемін! — деді қуаныш иесі, полиция аға лейтенанты Руслан Меделханов.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 2020 жылы 18 шілде күні Алматы – Өскемен автожолының 548 шақырымында, нақты айтқанда, Үшарал қаласына кіреберісте орын алған болатын. Тежегіші істен шыққан газ тасымалдайтын «Зил» көлігі жолындағы полицейлердің көлігін, «Мазда» және «Рено» маркалы автокөліктерді соғып, аударылған соң отқа оранған. Әр секундтың маңыздылығын білген қос жол сақшысы «Зил» жүргізушісін қауіпсіз жерге шығарып, өзге көліктер үшін қауіпсіз айналма жолды ұйымдастырған. Дұрыс шешім қабылданғандықтан, газ көлігінің жарылысынан зардап шеккен адам жоқ. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жүк көлігінің бөлшектері бір шақырым жерге дейін ұшқан.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Сарқан ауданында 50 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Сарқан ауданында 50 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Бүгін, 12:50
Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Қапалдан қытайға дейін (Джон Масси Стюарттың «Томас, Люси және Алатау» кітабы желісімен)

Бүгін, 12:16
Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Әлемдік мұралар тізімі: Қазақстан Азия елдері арасында үздік жиырмалыққа енді

Бүгін, 12:15
Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Зейнетақы ақшасын қалай қорғауға болады? Алаяқтардың жаңа айласы әшкереленді

Бүгін, 11:12
Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Сабақтан себепсіз қалатын оқушылар енді полиция бақылауына алынады

Бүгін, 11:09

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.