Талдықорған: +18°C
$ 477.48
€ 555.83
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ МЫЗҒЫМАС КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ІРГЕСІН ШАЙҚАЛТТЫ

17.12.2020
РУХАНИЯТ
ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ МЫЗҒЫМАС КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ ІРГЕСІН ШАЙҚАЛТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан біз үшін Тәуелсіздік күні қастерлі.

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның жазық даласында барша елді тез өсуімен таңғалдырған жаңа Астанамыз дүниеге келді. Еркіндікті мұрат тұтқан батыр ата-бабаларымызды атқа қондырып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістерінің қатысушыларына рух берген, қазақ елін бір тудың астына жинап, біртұтас мемлекет болуды армандаған Алашорда зиялыларының жігерін жаныған азаттық деген аңсар болатын.

Бүгінгі тәуелсіздігіміз ғасырлар бойғы күрестің нәтижесі еді. Осы жолда жан қиған боздақтардың бәрі елінің егемендігі үшін арпалысты. Алаш ұлдарының арман-тілегі жүзеге аспағанымен ұлттық сананың оянуына түрткі болды. Адамзат тарихында ел мен жер, азаттық үшін қаншама соғыстар болды. Соның нәтижесінде әлемдік мемлекеттер қатарының толыққаны белгілі. ХХ ғасырдың соңында әлем картасы үлкен өзгеріске ұшырып, әлем жұртшылығын алаңдатқан алып империя КСРО күйреді. Оның орнында тәуелсіз 15 мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан Қазақстан Республикасы еді.

Қазір қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұл мың өліп, мың тірілген қазақ халқының сан ғасырлық аңсаулы арманы болатын. Басты құндылығымыз – Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Осы жылдар ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін әрқашан айтып өтеміз. Қазақстан Компартиясы орталық комитеті пленумының бар болғаны 18 минутқа созылғаны көп айтыла бермейді. Себебі, Дінмұхамед Қонаев орнынан алынып, орнына бұрын-соңды Қазақстанда қызмет атқармаған, көпшілікке беймәлім Г.Колбин сайланды.

Орталықтың мұндай зымиян әрекеті 1986 жылы 16-17-18 желтоқсандағы жаппай толқуға ұласты. Сәл кейінірек еліміздің басқа қалаларын қамтыған Желтоқсан көтерілісінде Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды жазықсыз жапа шеккен ұл-қыздар тәуелсіздік үшін жас өмірлерін қиды. Оларды жиі еске алып, көзі тірі жүргендерге рахмет айтсақ артық болмас.

Тәуелсіздік күнінің орны баршамыз үшін ерекше болуы тиіс. Себебі, жүрекжарды қуанышқа толы бұл күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады. Жыл сайын Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан, тоталитарлық режімге қарсы тұрған жандарға құрмет көрсетіліп, ілтипат жасалады. Расында, Желтоқсан көтерілісі мызғымас Кеңес одағының іргетасын шайқалтып, ерекше бір өзгеріске серпін бергені анық. Сол күндерде еліміздің жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылары мен студенттері, жұмысшылар мен құрылысшылар қудалауға ұшырап, жазықсыз жапа шекті.

Желтоқсандағы жастардың наразылығын саяси көзқарас деуге келмес. Дегенмен, КСРО басшылығы мен тоталитаризмге қарсылық екені анық. Желтоқсанның ызғары қандастарымыздың санасы мен намысын оятып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған азаттығына жол ашты.

Уақыт деген зымырап өтіп барады. Желтоқсан оқиғасына қатысқандар үшін бұл күн кеше ғана болған оқиға. Осы қуанышты күнге жету үшін талай қиындықты бастан кешірдік. Ата-бабамыз армандап кеткен Тәуелсіздіктің құнын түсірмейік. Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырлардың, қыршын жастардың рухы асқақтай берсін деп тілеймін!

А.ДОНБАЕВА,

Алматы облысындағы мемлекеттік архив қызметкері

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

Жетісу футзалының соңы ма? Қаржылық қиындық

26.05.2026
Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

Өнеркәсіп және құрылыс саласына жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

26.05.2026
Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

Дәстүрлі қолөнер шеберлеріне 5 миллион теңгеге дейін грант беріледі

26.05.2026
Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

Мектептерде БЖБ мен ТЖБ жүйесі біртіндеп жойылуы мүмкін

26.05.2026
Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

Мектеп оқушылары мен студенттер жазда жұмыс істей алады

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.