Талдықорған: -1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

ЖЕТІСУДЫҢ ЖОМАРТ ТА ІЗГІ ЖАНДАРЫ «АСЫЛ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

12.12.2020
ІЗГІЛІК ІЗІ
ЖЕТІСУДЫҢ ЖОМАРТ ТА ІЗГІ ЖАНДАРЫ "АСЫЛ ЖҮРЕК" СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен жарияланған Еріктілер жылының ресми жабылуына орай Алматы облысы әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Әлем елін әбігерге салған індеттің арасында жүріп, жұрттың жүзіне қуаныш ұялатуға тырысып, қолындағы барымен бөліскен, мейірімге мұқтаж адамдар мен отбасыларға шарапат шұғыласын себездеткен жомарт жандар аталмыш сыйлықты иеленіп, мәртебелері өсті.

Айта кетейік, «ASYL JÚREK» – еріктілерге берілетін облыс әкімінің алғашқы сыйлығы. «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Қоғамдық келісім» КММ бір ай бұрын Еріктілер жылын жүзеге асыру аясында үздіктердің ішінен үздіктерді анықтау мақсатында байқау өткізген еді. Байқауға өңірімізден өрелі іске бастамашы болған 50-ге жуық еріктінің өтінімі келіп түскен. Солардың арасынан жүзден жүйрік танылғандары Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының сахнасында марапатқа ие болды.

Салтанатты шараның шымылдығы күмбірлеген күймен түрілді. Өз кезегінде Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Елдар Сапаров құттықтау сөз алды. Ол:

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ағымдағы жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғаны баршаңызға айқын. Бұл жылы көптеген жетістікке қол жеткізіп, толайым табыстарға кенелдік. Көптеген қиыншылыққа қарамастан мейірім мен шапағатқа, көмекке мұқтаж жандарға еріктілеріміз қол ұшын созды. Жақсылықты жарыса жасады. Бұл біз үшін зор қуаныш, – дей келе, қайырымдылық пен мейірімділік арқасында қоғам жақсаратынын, сол жолда еріктілердің атқарар ісі ең ізгі іс екенін тебірене жеткізді. Сонымен қатар, жеңімпаздарды мерейлі сәтімен кұттықтады.

Өз кезегінде жүзден жүйрік танылып, аймақ әкімінің алғашқы сыйлығын қанжығасына байлағандар сахнаға көтерілді.

Атап айтсақ, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының тұрғыны Александр Сон «Asyl Júrek: Мұрагер», Талдықорған өңірі бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілер жетекшісі Амангелді Төлемісов «Asyl Júrek: Жан жылуы», «Instagram» әлеуметтік парақшасындағы «Народный Талдык» паблигінің админі, «Волонтерское движение» экотобының құрушысы, «ҚазЭКО» қоғамдық қорының директоры Сергей Тандеев «Asyl Júrek: Табиғат сүйер», «Зооклуб» қоғамдық қорын құрған Талдықорған қаласының тұрғыны Вероника Гузенко «Asyl Júrek: Хайуанаттар қорғаушысы», 2017 жылдан бастап LIDER.KZ еріктілер клубының белсендісі, талдықорғандық Оксана Әмірғалиева «Asyl Júrek: Көзсіз ерлік», мектепішілік еріктілер клубының президенті Әлішер Бекмұстафаев «Asyl Júrek: Білгенімен бөліскен», 2005 жылдан Талдықорған «Жедел жәрдем» станциясында еңбек етіп келе жатқан Алмабек Батқалбеков «Asyl Júrek: Шипагер», Талдықорған қаласы, «Еркін» ауылдық мешітінің имамы Құмар Хадысұлы «Asyl Júrek: Халық жанашыры» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Шара барысында Талдықорған өңірі бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының еріктілер жетекшісі, «Asyl Júrek: Жан жылуы» аталымының жеңімпазы Амангелді Төлемісов сөз алып, жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған ұлтымыздың ұлы өзегінде мейірім мен махаббат, шапағат ұялағанын, көпке көмек көрсету ізгілердің игілікті ісі екенін, бұл марапат азғантай еңбекке деген құрмет екенін атап өтті.

Үздіктер үкіленген айтулы шара соңында республикалық «Харекет» қайырымдылық қорының өкілі, «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев ақжарма тілек білдірді. Ол:

— Қайырымдылық — қанымызға сіңген қасиет. Біз сіздердей ізгі жүрек жандарға тәнтіміз. Марапаттарыңыз құтты болсын, — дей келе, «Харекет» қоры мұқтаж жандарға биыл 365 үйдің кілтін тапсырғанын атап өтті. Өз кезегінде көптен жиналған жылудың нәтижесінде 366-ншы пәтер кілтін тағдырдың сынағына ұшырап, бес баланы өсіріп отырған Ақмарал анаға табыс ететіндігін жеткізді.

Бес балауса қызды өмірге алып келіп, жалғызбастылыққа мойымай, ауыртпалықты балаларының бақыты жолында еңсеріп келе жатқан ғазиз жүрек иесі өз кезегінде толқыған көңілмен қазақ халқына, «Харекет» қорына деген ақеділ пейілін, ризашылығын жеткізді.

Жанашырлары мейірленіп, мейірімге мұқтаж отбасы шаңырақ шаттығына кенелген шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.