Талдықорған: +20°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕККЕ АРНАЛҒАН МУЗЕЙ МҮЙІСІ АШЫЛДЫ

09.12.2020
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕККЕ АРНАЛҒАН МУЗЕЙ МҮЙІСІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алаштың арда туған азаматы Бейсен Құранбекке Журналистер үйінде музей мүйісі ашылды. Оған Бейсен тұтынған заттар қойылды. Арнайы орында «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі, қолына таққан сағаты, қаламсабы, қамшысы, қызметтік куәлігі, кабинетіндегі шахмат тақтасы, уақытты есептейтін құмсағаты тізілген. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Бейсен журналист көпке ортақ еді. Адам баласын бөліп-жармайтын. Тірі болғанында 49 жасқа толар еді. Туған күнінде музей мүйісінің ашылуына жиналған көпшілік жанарына жас алды. Ұлын халқы сағыныпты. Сөйлегендер толқыды, тыңдағандар көз жасын тия алмады. Жылағанның жасын сүрткен, тағдыр тауқыметіне ұшырағанның «жел жағына» шығып, қалқан болған Бейсенжанды әріптестері егіле еске алды. Ағалары ағынан жарыла ақтарылып, таусылмайтын жақсы қасиеттерін жарыса айтты.

«Жетісу» газетінің бас редакторы, халықаралық«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әміре Әрін:

– Бейсенжанның туған күні, самаладай жайнаған мұражайы құтты болсын! Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамыз. Бейсенжанның спорт газетінде журналистиканы бастаған кезінен мәңгілік сапарға аттанғанға дейінгі өміріне куәмін. Оның өмір жолын қарап отырып, артықшылығы неде еді деген ойға тірелеміз. Сонда оның басқаларға бақыт сыйлауға жаралған азамат екеніне көз жеткіземіз. Расында да бақыт дегеніміз – өзгені бақытты ету деген қағидадан туса керек. Сондықтан да болар, Бейсеннің журналистикаға келуін осы ауаннан іздейтініміз. Әйтпесе, ол құрылысшы мамандығын меңгеретін оқуға түскен еді. Журналистикаға келу себебі, журналистика халықтың атынан сөз алатын, халықтың өкілі ретінде үлкен мінберге шығатын бірден-бір мамандық. Осы жолға бойындағы бар қайратын арнады. Қолдан келгенін де, келмегенін де жасады. Көз алдымызда «жанып» кетті. Өртті жалынмен өшірмейді. Ақыл, салмақ, сабырмен өшіреді. Соның бір дәлелі, бүгінгі ашылып отырған мұражай деп есептеймін. Бейсенжанның мұражайына келіп, асыл бейнесін көріп, есімізді жинап, бейсентану ілімінің бастамасына куә болдық. Жалған дүниеде бір шырағдан өшкен кезде, бір шырағдан жарқ етіп жанады екен. Сол шырағдан өз отбасынан, кіндігінен жаралған балаларынан шықса екен деймін. Сол шырағдан өзі құрған ұжымдағы ізбасарларының арасынан шықса екен деймін. Сондай шырағдан бес күн жалғанда дос бола білген Серік пен Досан тәрбиелеген жастардан шықса екен деймін, – деп ағалық қимастыққа толы лебізін жеткізді.

Шындығында, Бейсен телеарнада журналистика мектебін қалыптастырып кеткен еді. Оның үлгісін, өнегесін, журналистикаға адалдығын бойына сіңірген жастар ісін жалғастырып, атын шығарары сөзсіз.

Музей мүйісінің ашылуындағы келесі сөзді Бейсен Абайұлының ағасы Бейісбай ата алды.

– Бірге жүрген әріптестері, халқым, баламызды еске алып жатқандарыңа рахмет. Көпке жақсылық жасады. Жасаған жақсылығы балаларының алдынан шықсын. Маған сөйлеу қиын болып тұр, – деп егілді ол.

Шарада «Айтуға оңай»,  «Қарекет» хабарларының жүргізушісі жайлы қатарластары, көз көрген, араласқан дос-жараны көп естелік айтты. Ауыз толтыра айтты. «Өлке тынысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мейрам Базарұлы бірге жүрген күндерін тебіреніспен еске алды.

– Мына жаңа, әдемі ғимаратты салуға Бейсен ұйытқы болған еді. Сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетовке журналистердің тар жерде отырғанын айтты. Содан мәселе көтеріліп, Журналистер үйі салынды. Басында 7 қабатты болып салынады деп жобаланған. Бірақ қаржыға байланысты бес қабатты етіп тұрғызылды. Осының барлығына Бейсен еңбек сіңірді. Оның адамгершілігі, журналистикаға деген адалдығы, барлық адамға бауырмалдығы ерекше еді. Өкініштісі, Бейсенді өткен шақта айтқанымыз. Мұндай музей мүйісі ашылмауы керек еді. Бейсен осы жерде жүруі керек еді. Алланың ісіне шара жоқ. Жаны жанатта болсын. Отбасына амандық тілейміз, – деп қызметтік жолдағы қимас шақтарын еске алды.

«Жетісу» телеарнасының басшысы Серік Сарыбай:

– Музей төрт ай бұрын ашылуы керек еді. Бейсеннің отбасында ауыр жағдайлар болды. Атамыз бен апамыздан айырылып қалдық. Тілеулестер ғұмырлы бол, бала-шағаңның қызығын көр дегенде жаттанды тілек сияқты қабылдайтынбыз. Сол сөздің астарында қанша мағына барын Бейсекең түсіндіріп кетті. Досың туралы өткен шақта сөйлегеннен артық қиындық жоқ.  Облыстық білім басқармасы Бейсен Құранбекке арнап, ұстаздар мен оқушылар арасында олимпиада өткізді. Бейсен ілімі қаланды. Бейсекең атында қор ашып, көмекке зәру адамдарға көмектессек деген ой бар. Алла сол ниетке жеткізсін, – деді.

Музей мүйісінің ашылуынан кейін Бейсен Құранбекке арналған олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. Оқушылар, ұстаздар арда туған азаматқа арнаған өлеңдерін оқыды. Музей мүйісіндегі әр сурет игілікті істердің дәлеліндей жан-жағына нұр шашып тұрды. Ашаң жүзді әріптес бауырымыз барлық суретте өзіне тән жылы шырайымен, мөлдіреген жанарымен қимастық танытты.

Журналистикадағы азаматтар Бейсен Құранбекті ардақтау мақсатында әлі талай шара ұйымдастырады. Оны жігерлі жүздері мен арық айтып, семіз шығатын іскерліктерінен сезіп, білуге болады.

Гүлжан ТҰРСЫН

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

TopIQ.kz: оқушылар неге бұл платформаны таңдап жүр?

26.06.2026
Журналистер құрмет төрінде

Журналистер құрмет төрінде

26.06.2026
Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

Әке беделі – ұлт беріктігінің тұғыры

26.06.2026
7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

7-сыныпқа дейін смартфонға шектеу қойылмақ

26.06.2026
AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

AI Opportunity Partnership: Еліміздің технологиялық дамуына жаңа серпін

26.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.