Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА МАҢЫЗЫ ЗОР ЕКІ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

09.12.2020
ӘЛЕУМЕТ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА МАҢЫЗЫ ЗОР ЕКІ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Жамбыл ауданында екі бірдей жаңа нысанның салтанатты ашылуы болды. Аудан орталығында 100 орынды перзентхананың және Қасымбек ауылындағы орта мектеп жапсаржайының пайдалануға берілуіне Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысып, жамбылдықтардың қуанышына ортақтасты. Бұл туралы «Жетісу» газеті мәлімдеді.

Аудан орталығы — Ұзынағаш ауылының жаңа шағынауданынан бой көтерген перзентхананың сыртқы сәулеті келіскен, көркі көз тартады. Жаңа ғимарат алдында көпшілікті құттықтаған аймақ басшысы Амандық Ғаббасұлы мерекелі де берекелі желтоқсан айында облыс көлемінде бірқатар жаңа нысандар, тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатқанын атап өтті.

Оның ішінде, әсіресе, Талдықорған қаласында екі бірдей бірегей студенттер жатақханасының бой көтеруі болашағымыз – жастарға деген нақты қамқорлықтың айқын көрінісі екенін айтты.

— 2014 жылы Елбасы мені осы қызметке тағайындағанда мен бірталай ұсыныстар жасап, сол бойынша біраз жұмыстар атқарған едік. Соның бірі осы нысан болатын. Бұл өңірде, әсіресе, Жамбыл мен Қарасай аудандарында, өздеріңізге белгілі, туу көрсеткіші жоғары, ал перзентхана жеткіліксіз. Қосымша әлеуметтік нысандар салып, халыққа жағдай жасауды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әркез тапсырады. Мына перзентхананың ішінде керекті құрал-жабдықтардың барлығы бар. Медициналық жабдықталуына қосымша тағы 1,9 миллиард теңге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Қазір қиын кез, екінші толқынға дайын болуға қомақты қаржы бөлініп, өңірдің емдеу мекемелері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 180 «Жедел жәрдем» көлігі алынды. Алыстағы ауылдарға барып, сондағы тұрғындарға қызмет көрсету үшін 12 стационарлық шағын емхана салынды. Мұның барлығы халықтың денсаулығы үшін жасалып жатыр. Еліміздің ең үлкен мерекесіне орай ашылған мына керемет нысан құтты болсын! — деді Амандық Ғаббасұлы.

Шарада жамбылдықтардың ризашылығын аудандағы медицина саласының ардагері Сәбира Мұсаева жеткізді. Ол осындай заманауи перзентхана халық игілігіне берілгені үшін Елбасына, Мемлекет басшысына және облыс әкіміне зор алғыс айтты. Салтанатты шарада, сондай-ақ, перзентхана меңгерушісі Бақыткүл Есімханова лебіз білдіріп, халық саны жыл өткен сайын өсіп отырғанын, соған сәйкес өткен жылы ауданда 4600 нәресте дүниеге келсе, биылғы 11 айда 4720 бала туғанын тілге тиек етті. Перзентханада 119 медицина қызметкері жұмыс істейтінін, заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілгенін, халыққа сапалы қызмет етуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы, ардагер дәрігер Сәбира Әлжанқызы, облыстың және ауданның Құрметті азаматы Әскербек Абаев нысан лентасын қиғаннан кейін құрметті қонақтар ішін аралап көрді. Перзентхананың жабдықталуымен аудандық орталық аурухананың директоры Дамир Сұраужанов таныстырды. Амандық Ғаббасұлы аудан басшылығы мен сала жетекшілеріне қажетті мамандарды, әсіресе, жастарды жұмысқа тартып, баспанамен қамтамасыз ету және басқа да жағдай жасауды, заманауи құрал-жабдықтармен нәтижелі жұмыс істей білу үшін қажет болса, мамандарды шетелде оқыту жағын қарастыруды тапсырды.

Облыс басшысына аудандық орталық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ботагөз Медетбекова, перзентхана дәрігері Ольга Тимкина әріптестері атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ, перзентхананың жас маманы, акушер-гинеколог дәрігер Айдана Жылысбекқызы өзінің осындай заманауи емдеу мекемесіне жұмысқа тұрғанына риза екенін айтты.

Нысан құрылысын жүргізген мердігер ұйым – «Лидер-НК» ЖШС. Жоба құны 4,9 миллиард теңге. Ғимараттың жалпы алаңы 13,1 мың шаршы метр. Мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемесінде ана мен балаға білікті стационарлық дәрігерлік көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, аурудың жағдайына диагностика жүргізіліп, әйелдерге акушерлік-гинекологиялық кеңес беріледі.

Одан кейін облыс басшысы Қасымбек ауылындағы орта мектептің жаңадан салынып біткен қосымша ғимаратының ашылуына қатысып, ұстаздарды құттықтады. Өз сөзінде облыстың білім беру нысандарындағы жағдаймен таныстырған өңір жетекшісі салаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтарды айтты. Соның барлығы да еліміздің болашағы үшін жасалып жатқандығын айырықша атап өтті. «Әлеуметтік нысандар салу – Мемлекет басшысының халықтың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасау жөніндегі тапсырмасы», — деген Амандық Ғаббасұлы:

— Жыл сайын өңірде 50 мың нәресте өмірге келеді. Алматы маңындағы аудандарда халық көп шоғырланғандықтан, мұнда мектепке деген сұраныс жылдан-жылға артуда. Оқушы орындары жылына 20 мыңға көбейіп отыр. Халықтың өскені жақсы, әрине. Жаңа білім ошақтары салынып, бұрынғылары кеңейтіліп жатқанымен, қажеттілік әлі де жоғары. Осыған байланысты үш ауысымды мектептер мәселесі өткір күйінде қалуда. Оны шешу үшін жұмыс тұрақты жүргізіліп жатыр. Келесі жылы осы өңірде 1500 орынды тағы алты мектеп салынады. Оның жобасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, дайындалып қойды. Балаларымыз осындай заманауи мектепте сапалы білім алып, елімізді болашақта бұдан да жоғары деңгейге шығаратын жақсы маман болып өссін. Мен маман болғандықтан, мына ғимарат құрылысының сапалы салынғанын сыртынан бір көргеннен-ақ байқадым, — деді. Аймақ басшысы құрылысты жүргізген мердігер мекеме «BІ Global» ЖШС-не ризашылығын білдірді.

Көпшілік алдында ауылдастарының атынан Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, ардагер ұстаз Сәуле Ағыбаева сөз алып, осыдан екі жыл бұрын Ұзынағашта өткен жиында Амандық Ғаббасұлының алдында осы мектепті күрделі жөндеу және кеңейту жайлы ұсыныс айтқанын, сол өтініштің бүгін орындалғанын тілге тиек етіп, Жамбыл бабаның жақсы адам туралы өлең шумағын өңір басшысына арнап оқыды.

Облыс әкімі бастаған топ ғимарат ішін аралап шықты. Мектеп жанынан жаңадан бой көтерген нысан 300 орынды мәжіліс залынан, спорт залынан және асханадан тұрады. Мектептің жалпы аумағы 4,5 мың шаршы метр болса, іске қосылған жаңа ғимаратының аумағы 2134,8 шаршы метр. Жоба құны 1,1 миллиард теңге. Үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында әкімшілік кабинеттер, спорт залы, асхана және мәжіліс залы орналасқан. Екінші және үшінші қабаттары оқу кабинеттерінен тұрады. Мектепте 25 оқу кабинеті бар, жүз адам жұмыспен қамтылған. Амандық Ғаббасұлы акт залына кіргенде төменгі сынып оқушыларының тақпағын тыңдап, спорт залында жас мамандардан құралған волейболшылармен жүздесті. Мектепте жалпы оқушы саны — 1136.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

25.04.2026
Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.