Талдықорған: +17°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

07.12.2020
ӘЛЕУМЕТ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ СТУДЕНТТЕР ҮЙІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында қос қуаныш орын алды. Екі бірдей оқу орнының Студенттер үйі қолданысқа берілді. Алғашқы болып лентасы қиылған Талдықорған жоғары политехникалық колледжі Студенттер үйінің ашылу салтанатына Алматы облысы әкімі Амандық БАТАЛОВ қатысып, ізгі тілегін жеткізді.

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында және студенттерге жайлы жағдай туғызу мақсатында облысымыздың 9 білім мекемесіне арнап 1718 орынды қамтитын 9 жатақхана салу жоспарланған болатын. Осы орайда Жетісу мемлекеттік университетіне қарасты бір Студенттер үйі және Қаратал ауданы Бастөбе ауылындағы сервистік-техникалық колледжінің жатақханасы қолданысқа берілді. Міне, бүгін Талдықорған қаласындағы жоғары политехникалық және медициналық колледждерінің Студенттер үйін пайдалануға беріп отырмыз. Жатақханаларды салу үшін облыстық бюджеттен 4,4 млрд. теңге бөлінді. Бұл талдықорғандық жастар үшін үлкен сый деп білемін, – деді.

Бұдан соң жоғары политехникалық колледжінің директоры Ерхат Мұқажановқа ғимарат кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Аталмыш оқу орнында 2,5 мыңға жуық студент білім алуда. Колледжде 200 орынды жатақхана болғанымен, ол студенттердің сұранысын толық өтей алмаған. Қолданысқа берілген 200  орынды жаңа Студенттер үйі  жатақханаға зәрулік мәселесін толығымен шешіп отыр.

Есігін айқара ашқан Студенттер үйінде жастардың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Бес студентке ортақ ас бөлмесі, компьютерлі кітапхана, медициналық бөлімше, жатын бөлмелер, бәрі талапқа сай жабдықталған.

Жұмысты сапалы орындаған «Сем-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС құрылыс компаниясына да оқу орны ұстаздары мен студенттерінің айтар алғысы шексіз.

Қазіргі таңда қашықтан білім беріліп жатқандықтан Студенттер үйінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған 25 және инклюзивті топта білім алатын 8 жас орналасқан.

Талдықорған жоғары медициналық колледжі Студенттер үйінің де ашылу рәсіміне қатысқан облыс басшысы жиналғандарға құттықтауын жеткізді. Облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт лентасын қиған соң жатақхана ішін аралап көріп, жастарға барлық жағдайдың жасалғанына тағы бір мәрте көз жеткізді.

— Құрылыстың басы-қасында жүріп, заманауи, талапқа сай болуына, әрбір жиһаздың, тұрмыстық техникалардың дұрыс таңдалып, орналасуына мән бердім, – деген Амандық Ғаббасұлы бірінші қабаттың мүмкіндігі шектеулі балаларға беріліп отырғандығына ризашылық білдірді.

Бес қабатты ғимарат құрылысын «Жөндеу құрылыс» ЖШС жүргізген. Әр қабатта оқуға дайындық, демалыс, кір жуу, үтіктеу бөлмелері бар. Бірінші қабатта 20 адамға арналған асхана орналасқан. 280 орынды Студенттер үйі  жатақханаға зәру студенттердің сұранысын толықтай қанағаттандырып отыр. Бұған дейін қолданыста болған ескі жатақхана ғимараты ендігі кезекте оқу-тәжірибе кешеніне айналмақ.

Кең де жарық, жайлы әрі жылы жатақхананың жастар көңіліне қуаныш ұялатқанын көрудің өзі бір ғанибет. Студенттер үйі атына заты сай, алдағы уақытта жастар игілігі үшін қызмет ете бермек.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

25.04.2026
Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.