Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШАРАПАТЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА

23 қараша 2020
КҮЛТӨБЕ
ШАРАПАТЫ МОЛ БАҒДАРЛАМА
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданында «Жұмыспен қамту – 2020: Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде көптеген ілкімді істер атқарылуда. Мәліметтерге сүйенсек, аталған бағдарламаға биыл 57 жоба кіріп отыр. Олардың жалпы құны 4 млрд. 492 млн. теңгенің төңірегінде. Жоспар бойынша 603 адамды жұмыспен қамту көзделген болатын. Алайда сұраныстың өсуіне байланысты 56 жобамен 612 адам қамтылды. Тағы да бір жоба бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл азаматтардың орташа жалақысы 87 мың теңгені құрайды.


Игілігі халыққа молынан тиіп жатқан бағдарламаның арқасында аудандағы 32 әлеуметтік нысан, 15 көше, 3 тұрғын үй-коммуналдық және көгалдандыру, абаттандыру нысандары бойынша 7 жоба жүзеге асуда. Нақтыласақ, Қайнар орта мектебін, 26 білім ордасының ішкі дәретханасын ағымдағы жөндеу, Ақши ауылында көл жағалауына санитарлық-гигиеналық желілер орнату мен спорт алаңын салу, Үшарал қаласындағы «Сымбат» стадионын ретке келтіру жұмыстары қолға алынды. Үшарал шаһарындағы Қазақстан, Жеңіс және Стебляков көшелерін, Ақши ауылындағы 11, 12-учаскелерді, Еңбекшідегі Байбала, Жайпақтағы  Б. Момышұлы, Көктұмадағы Қасабай батыр, Қарабұлақтағы Қараш балуан, Бескөлдегі Қайыров, Екпіндідегі Касалямов, Қарлығаштағы Тәуелсіздік, Жанамадағы  М. Мәметова, Сапақтағы Абай, Теректідегі Д. Қонаев, Көлбайдағы М. Мәметова көшелері де жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Қабанбай және Ж. Балапанов ауылдарындағы ауызсу жүйесінің құрылысы және Ақшидегі кәріз жүйелерін жөндеу, Бескөлдегі көпқабатты үйлердің аумағына жаяу жүргіншілер жолын салу, жарық бағаналарын орнату, саябақ пен аталған ғимараттарды абаттандыру, Үшаралдағы Жеңіс және  К. Қасымжанов көшелерінің бойындағы саябақ пен спорт және балаларға арналған ойын алаңын ретке келтіру сынды істер де назардан тыс қалмады.

Ең ірі жобалар ретінде Үшбұлақ ауылындағы Мәдениет үйі мен мектептің күрделі жөндеуден өтуін айтуға болады. Білім ордасында атқарылған күрделі жұмыстарға барлығы 601 млн. 890 мың теңге жұмсалып, 170 адам жұмыспен қамтылды. Олардың 86-сы осы бағдарлама негізінде қызметке орналасқан болатын.

Ал мәдениет ошағының жөндеу жұмыстарына 350 млн. 620 мың теңге қарастырылып, 180 адам тартылды. 

Алмат ЕСЕНБЕКОВ
 

Қатысты жаңалықтар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бір шаңырақтан – бір сапқа: Ұлттық ұланда әскери борыштарын бірге атқарып жүрген ағайындылар

Бүгін, 13:00
Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Отандық мамандар көне құжаттарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабағын өткізді

Бүгін, 12:30
Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Талдықорғанда «Балаларға базарлық» республикалық байқауы өтті

Бүгін, 12:00
Табысты майлы дақыл

Фермерлерге арналған жаңа сауда стратегиясы мен баға ұсынымдары жарияланды

Бүгін, 11:30
Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Елімізде 160 тоннаға арналған қосымша бактар әшкереленді

Бүгін, 11:05

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.