Талдықорған: +10°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«ҚАЗАНДЫҚТАҒЫ ӨРТ»: ТЕКЕЛІДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

12 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
"ҚАЗАНДЫҚТАҒЫ ӨРТ": ТЕКЕЛІДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметімен «Текелі энергокешені» ЖШС ғимаратында оқу-жаттығу дайындағы өтті. «Қыс – 2020» республикалық штабтық жаттығуына сәйкес дәл осындай шаралар аймақтың барлық өңірлерінде көрініс тапты.

Оқу-жаттығудың мақсаты – азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының әзірлігін тексеру. Тактикалық арнайы жаттығу кезінде «Текелі энергокешені» ЖШС қазандық объектісінің екінші деңгейдегі галереясында қысқа тұйықталу нәтижесінде өрт шығып, қазандық төбесіне өрттің таралу қаупі туындады. Өрт салдарынан қазандық қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп, Текелі қаласының тұрғындарына жылу энергиясы берілмей қалу оқиғасы орын алды.

— Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері қазандықтағы өртті жою, зардап шеккен қызметкерлерді қазандық ғимаратынан эвакуациялау бойынша дағдыларды пысықтады. Оқу-жаттығу барысында күйік белгілері бар, иісті газбен уланған адамдар ғимараттан шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Оларға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейіннен ауруханаға жатқызылды, – деген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Данияр Ысқақов адамдарды құтқару үшін альпинистік жабдықтарды қолданғанына тоқталды. Сонымен қатар, оқу-жаттығу өз деңгейінде өтіп, жеке құрамға қойылған мақсаттар орындалғанын айтты.

Оқу-жаттығуға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 39 қызметкері мен 10 бірлік техникасы, Аппаттар қызметі орталығынан 3 қызметкер мен 1 бірлік техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем қызметінен 2 бригада жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып шықты. «Қыс – 2020» жаттығуы шеңберінде бүкіл облыс бойынша өрбіген оқу-жаттығулар күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып өткізілді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Текелі қаласы,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.