Талдықорған: +27°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

«БАЙЛАНЫС НЫҒАЙСА ДЕЙМІЗ»: АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ИРАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

11.11.2020
КҮНДЕРЕК
"БАЙЛАНЫС НЫҒАЙСА ДЕЙМІЗ": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ИРАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Иранның Алматы қаласындағы Бас консулымен кездесті. Кездесу барысында екі тараптың өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері сөз болды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдымен Жетісу жеріне келген қонақтарға жылы ілтипатын білдірген облыс басшысы екі ел Президенттерінің арасындағы келісімдер өзара тығыз байланыстарға жол ашып бергенін айта келе, Иран ислам мемлекетінің ресми өкілдеріне Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктері жайлы баяндады. Соның ішінде, облыстың Қытаймен шекаралас орналасуы, «Қорғас» шекара маңы аймағының мүмкіндіктері, мал шаруашылығының дамуы, қант қызылшасын, жүгері мен соя өсіруге басымдық беретіні, туристік тартымдылығы туралы айтты.

— Біздің өңір аграрлық аймақ болғанымен, индустриалды бағытта да жақсы дамып келеді. Бір кездері облыс аумағынан Ұлы Жібек жолы өткен. Қазір де бұл өңір осы Жібек жолының шығыс қақпасы болып отыр. «Қорғас», «Достық», «Қалжат» шекара бекеттерінің біздің өңірімізде орналасуы бізге көптеген инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады. Біздің жерімізде шөлді жерлер де, жартылай шөлейт жерлер де, жасыл жайлау да, өзен-көлдер де – бәрі бар. Шарын, Көлсай, Алакөл сияқты туристік тартымды орындарымыз өте көп. Сондықтан, қай салаға болса да, инвестиция тартуға бізде мүмкіндік бар, — деп атап өтті А.Баталов.

Өз кезегінде Иранның Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фагани өздерін жылы ықыласпен қарсы алған облыс басшылығына ризашылығын білдірді. Иран Республикасының бүгінгі дамуы жайлы, Қазақстанмен, соның ішінде, Алматы облысымен қай бағытта ынтымақтастық орнатуға пейілді екендерін айтты. Соның ішінде, жеміс-жидек, құрылыс тауарларын, теңіз өнімдерін жеткізуге мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Екі елдің Каспий теңізінің екі жағалауында орналасуы тауар алмасуға зор мүмкіндік береді деді ол.

— Еліміз Қазақстанмен байланыстарын одан әрі дамытуға мүдделілік танытып отыр. Иран мен Қазақстанның тек ірі қалалары ғана емес, аймақтары да бір-бірімен байланысын нығайтса дейміз. Осы орайда жан-жақты дамыған Хорасан, Язд облыстарының осы Алматы облысымен тығыз қарым-қатынас орнатуына пейілдіміз. Оларда инженерлік технология саласы, медициналық құрал-жабдықтар өндірісі алдыңғы қатарда. Осы және басқа да бағыттарда байланыстарымызды дамытуға дайынбыз, — деді Иран мемлекетінің өкілі. Сол сияқты ол Алматы маңынан медициналық орталық салуға ниеттері бар екенін, соған қолдау көрсетуді сұрады және Алматы облысы басшылығы Хорасан облысының әкімімен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізсе деген ұсыныс жасады.

Облыс әкімі медициналық орталық салудың өте жақсы бастама екенін, оған жергілікті әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін айтты және Хорасан билігімен бейнекездесу өткізуге де дайынбыз деді.

Кездесу соңында облыс басшысы:

— Иран Республикасы – біз үшін өте ірі серіктес ел. Іскерлік байланыстарды дамыту біз үшін тиімді. Сондықтан, осы кездесуде айтылған ұсыныстарды одан әрі іс жүзіне асырып, қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтеру үшін ынтымақтастығымызды құжат жүзінде бекітуіміз керек. Бұл іскерлік байланыстың алғышарты болады. Одан әрі нақты жобаларды қолға алып, іске кірісетін боламыз, — деді А.Баталов.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Құрбан айт қағидалары түсіндірілді

Құрбан айт қағидалары түсіндірілді

26.05.2026
Көңіл толқытқан кеш

Көңіл толқытқан кеш

26.05.2026
Қазақ футболының үміті: Дастан Сәтпаевтың жетістіктері мен рекордтары

«Челсиге» баратын күн жақын. Сәтпаевтың чемпионаттағы соңғы ойыны

26.05.2026
ҰБТ-да ереже бұзған 170-тен астам талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды

ҰБТ-да ереже бұзған 170-тен астам талапкер емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды

26.05.2026
ІІМ жолдарда 40 мыңнан астам ереже бұзу дерегін анықтады

ІІМ жолдарда 40 мыңнан астам ереже бұзу дерегін анықтады

26.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.