Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН МЕЙРАМХАНАЛАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

9 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН МЕЙРАМХАНАЛАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел аумағындағы коронавирустың таралуы жөніндегі кейінгі көрсеткіштің өзгеруіне байланысты облыс орталығы Талдықорғанда сенбі-жексенбі күні кейбір шектеу шаралары қайта енгізілді. Көрсетілген тәртіпті аттап өткісі келетіндер әлі көп. Осы орайда Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов бастаған арнайы бақылау тобы қаладағы сауда орындарын, мейрамхана, сондай-ақ, халық көп жиналатын жерлерді аралады.

Бақылау тобының мүшесі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова:

– Облыстағы бас санитарлық дәрігердің кейінгі қаулысына сәйкес қойылған талаптарды бақылау үшін қала бойынша төрт тексеру тобы (екеуі қалаға қарасты ауылдық округтерде, екеуі қалада) жұмыс істейді. Бір күнде 52 нысанды аралаған сәт те болды. Кіші және орта бизнес субъектілеріне қойылған санитарлық талаптар орындалып жатыр. Алайда тәртіп бұзатындар да жоқ емес, – деді.

Расымен де, өзін де, өзгені де ойламай, заңды белден басқандар табылды. Мәселен, «АЙЯ» мейрамханасы араға апта салып, елу адамды жинап, ас өткізіп жатқан жерінен екінші мәрте ұсталды. Заңға сәйкес, сенбі-жексенбіде жиын, той, шара өткізуге тыйым салынған. Сәулеті келіскен «Салтанат сарайына» барғанымызда жайылған төрт дастарқанға куә болдық.

Батыржан Құлаймергенұлы бастаған тексеру тобы бірден хаттама толтырып, әкімшілік құқықбұзушылықтың 425-бабында көрсетілген «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша жауапқа алды.

Толтырылған хаттамалар облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданады. Сенбі-жексенбіде тек тапсырыс бойынша жұмыс істеуге тиісті «Теңіз хан» кафесі де адам қабылдап, қызмет көрсетіп жатқаны үшін хаттамаға ілінді. Ал «Еуразия банк», «Хоум кредит банк» және «Технодомдағы» кезектегі ара қашықтықтың сақталмағынана байланысты ескерту айтылды.

Тексеру тобымен барған «Skazka» кафесі (тек тапсырыспен жұмыс істеуде), «Пинта» демалыс орны, «Alser» электроника тауарларын сататын жер, «Magnum» сынды дүкендерде тәртіп толығымен сақталған. Есіктен кіріп-шыққаныңа дейін індеттің алдын алу шаралары көзге көрініп тұр. Бұл тұтынушының, тұрғындардың денсаулығына жауапкершілікті білдіреді.

Бақылау тобының бір күндік жұмысын қорытындылаған Алматы облысы әкімінің орынбасары: «Қалада карантиндік талаптардың сақталуы қалыпты. Арақашықтықты сақтау, бетперде киіп жүру тұрақты. Ал тәртіп бұзғандарға айыппұл салынады, одан қорытынды шығармаса, жаза күшейеді. Бақылау тобының жұмысы күнделікті тұрақты жүріп отырады. Нәтижесі айтылады», – деді.

Серік ҚАНТАЙ

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.