Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖАБАЙЫ АҢДЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА БАҚҚАН АЗАМАТҚА АЛҒЫС ХАТ БЕРІЛДІ

4 қараша 2020
КҮНДЕРЕК
ЖАБАЙЫ АҢДЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА БАҚҚАН АЗАМАТҚА АЛҒЫС ХАТ БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қызыл кітапқа» енген жануарды құтқарғаны үшін Ұйғыр ауданының тұрғынына марапат пен сыйлық табыс етілді. Бұл жайында Алматы облысының полиция департаменті хабарлады.

Ұйғыр ауданының тәртіп сақшыларына табиғат қорғау ұйымдары тарапынан тұрғындардың бірі ауласында тұқымы құрып кету қаупі төнген жабайы аңды асырап жатқаны және заңға сәйкес шара қолдану қажеттілігі туралы хабар түсті. Тексеру барысында жабайы аңның қарақұйрық екені анықталды.

«Қызыл кітапқа» енген аңды ұстау және еркінен тыс қапасқа қамау дерегі анықталған соң қолданыстағы заңнамаға сәйкес Ұйғыр ауданы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексреу барысында қыстақта тұратын малшы қыс мезгілінде аяғы жараланған жабайы аңның баласын далада көрген. Екінші күні сол орында жатқан соң елік тұқымдас жануарды үйіне әкеп, сиыр сүтімен баққан.

— Аудан тұрғынының әрекеті табиғи байлыққа қол сұғу емес, керісінше, оны қорғауға, қамқорлық танытуға бағытталған игі іс екенін ескере отырып, қылмыстық іс қысқартылып, оған Алғыс хат пен көркем картина табыс еттік, — деді Ұйғыр ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Шыңғысхан Сабыров.

Қараған адамның көзі тоймайтын нәзік жануарға қамқорлық танытып, бауыр басып қалған сол үйдегі бүлдіршін қыз да назардан тыс қалмады. Табиғатқа жанашырлығы үшін ол да полиция басшысының сыйлығына ие болды.

Сөйтіп, жабайы аңға жаны ашып, оны құтқарып қалғаны үшін істі бола жаздаған аудан тұрғынының мерейі үстем болды. Дегенмен, ол елік тұқымдас аңның тұқымы сирек кездесетінінен және «Қызыл кітапқа» енгізілген аң екенінен бейхабар болып шықты.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.