Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

30 қазан 2020
КҮНДЕРЕК
ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа әдісі ретінде еліміздің қалалары мен ауылдарының орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің қасбетіне жемқорлыққа қарсы муралдар салу туралы бастама көтерілді.

Осыған орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті мен Іле ауданы әкімдігінің қолдауымен Өтеген батыр ауылында қос бірдей қазақтың данагөйлеріне арналған мурал салынды.

С.Қолдасов көшесінің бойындағы №19 үйдің қасбетіне қазақтың ұлы ақыны композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың алып суреті салынды. Муралға данагөйдің «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген сөзі жазылған. Аталған мурал хакімнің 175 жылдық мерейтойына тамаша тартудың бірі.

Ал екінші мурал Абай көшесі №23 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың бейнесі бейнеленген. Мурал ағартушының «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» деген терең тәрбиелі кмазмұнға ие даналық сөзіне негізделген.

— Осындай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеуге арналған, — деді Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Мақажанов.

Әр қазақстандықтың құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында өзінің белсенділігін танытуы елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

4 қараша 2026
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

4 қараша 2026
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

4 қараша 2026
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

4 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.