Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

«ӘН-ЖЫРСЫЗ ЖЕТІ АЙ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ КОНЦЕРТ КӨПТІҢ САҒЫНЫШЫН БАСТЫ

08.10.2020
ТҮПСАНА
"ӘН-ЖЫРСЫЗ ЖЕТІ АЙ": ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ КОНЦЕРТ КӨПТІҢ САҒЫНЫШЫН БАСТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Әнмен атқан таңдар-ай». Аты осылай әспеттелген дәстүрлі әншілердің концерті көптің көңілін көкке өрлетті. Жастардың жігерін жанып, қарттардың көзіне жас үйірді. Неге дейсіз ғой? Талай айдан бері аты жаман індеттің кесірінен халық саф өнердің ордасын, сахнаны сағынды. Мұны – бір деңіз. Екіншіден, жиналған жұрт сахарада қалып, аңқасы кепкен адамдай дәстүрлі әнге анталай шөлін қандырды. Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының төріндегі думан ескіліктен жаңалық жасап, есті дүниені еске салды.

Қазіргі тілмен айтқанда мюзикл жанрына сүйеніп, тыңнан түрен салған театрландырылған кеш – қазақы бояуды қанықтырып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып атты қастерлі ұғымды ұлықтады. Індеттің кесірінен жеті айдан кейін шымылдығы түрілген сахна көрерменге ерекше әсер сыйлады. Ән-жырсыз өткен жеті ай руханиятты ұлықтаған халыққа ауыр тигендей. Мына концерт көрерменнің сағынышын басты, жансарайын тербеді.

Сахнадағы көрініс те бөлек, мазмұны да тың. Жайлаудың кешкі салқынында қыз-жігіттер алтыбақан жанына жиылып, әзіл-қалжыңдары жараса, әсем ән шырқады. Сал-серілер мен қылықты қыздар әнмен айтысып, өнер бәйгесіне түседі. Махаббатқа масайған жастар бір-біріне деген сезімді көз қиығымен сездіріп, баба жолымен жүрегіне жол салады.

Ақан серінің «Торыны таң асырып мінген қандай» әніндегі «Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып, Сыбанып ақ білекті түрген қандай» дегенде шолпысы сыңғырлап, күлкісі құлақ қытықтаған қыздардың қылығы шабыттанбасыңа қоймайды. Нұрғиса Тілендиев, Үкілі Ыбырай, Кенен Әзірбаев, Әсет Найманбаев, Дәнеш Рақышев, Сүйінбай сынды қазақтың бағына біткен алыптарының туындысы мен неше алуан халық әндері кезек-кезек орындалып, жайлаудағы кештің көркін қыздырды. Көз алмай тыңдаған халық та сахна емес, құдды солармен бірге жайлауда жүргендей қиқуға басты. Бірі «Сала берме көзіңді әр жақсыға, бәрі жақсы көрінер алғашқыда» дегендей жігіттің сезіміне сезіктенсе, бірі оларды қолдап:

Тұрмай ма жақсы қызға көңілің ауып,

Әзілмен сөйлеу керек ебін тауып.

Білетін құрбы жайын адам болса,

Ілгегін өзі ашпай ма, есік жауып, – деп тілектесіп жатты.

Думанды тойдың түйіні – айлы түндегі «Ақ сүйек» ойыны. Көпшіліктің көлдей көңілі сүйекті сылтауратып, бірін-бірі іздеп, түн ішінде табысатын ғашықтармен бірге өрілді.

Концерттің келесі бөлігі қазақ үйдің ішінде жалғасты. Бұл жердегі көрініс те көз қызықтырарлық. Дидарынан мейірім төгілген ұршық иірген әже, қабағынан қарт Алатаудың мұзартындағы ызғар ескен төрдегі ақсақал, келіге түйіп, талқан жасаған келін бәрі-бәрі бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Дастарқан басындағы үлкендердің жастық шақты аңсауы:

Қайран жастық-ай!

Бала тілді алмаса беттен алып,

Келін тілді алмаса кердең қағып.

Кемпірім де соларға қосылып ап,

Отырарсың амалсыз жалғыз қалып, – дейтін Кенен әнімен көркемделді. Әне-міне ата жолымен ұзатылғалы тұрған кенже қыздың биі де қазақ өнерін биіктетіп тастады.

Ессіз эстрада емес, жанды дауыста айтылған әрлі ән, домбыраның көмейінен төгілген көркем күй, қолаң шаш, қыпша белді арулар билеген би, бәрі-бәрі ұйықтап жатқан сананы сілкіп оятып, көкірек көзін ашты.

Концерттің соңын ала сахна төріне облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли мен облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт шығып, керемет кеш көрсеткен өнерпаздарға алғыс айтты.

— Шіркін-ай, осындай концертте жастар көп болса, мына дүниені көрсе, көңілдеріне түйсе ғой. Өнер ұжымына көп рақмет. Көз алдымызға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, өмірін, әдет-ғұрпын әкелді. Киім киісінің өзі қандай?! Осының бәрі болған дүние, жастар осыны бойына сіңіруі керек. Өнердің құдіреті – осы, – деген Ермек Әбілмәжінұлы ардагерлер атынан тілектестік танытты.

Рустам Әли болса сөзін сүйінші хабармен бастады. Ол республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалінде «Үздік маңызы бар облыстық кітапхана» номинациясы бойынша бас жүлдені С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының жеңіп алғанын және Темірбек Жүргенов атындағы арнайы жүлдені Шеңгелді ауылдық Мәдениет үйінің директоры Медет Дүйсембеков иеленгенін жеткізді.

— Осының барлығы өнерге қолдау көрсетудің жемісі. Дәл біздегідей өнерге деген қолдау басқа өңірлерде жоқ. Облыс әкімінің қолдауымен өнер саласына 2017 жылы 6 миллиард теңге бөлінсе, 2018 жылы ол қаржы 7 миллиардқа өсті. Биыл 17 миллиард теңге бөлінді. 47 мекеме күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мақтануға тұрарлық жайт. Өнерді әрі қарай дамытып, қолдауымыз керек. Жақында ғана Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысовтан хат алдық. Нәтижесінде, келесі жылы санитарлық талаптарды сақтап, Лондонда өнер көрсетеміз, – деді Рустам Әли.

Концерттің ұнағаны сондай, сахнаға өзі сұранып шыққан көрерменнің бірі алған әсерін былайша баяндады:

— Тілдеріңіз, діндеріңіз бір, тілектеріңіз, жүректеріңіз бір. Сахна саңлақтарының концертін көзбен көріп, құлақпен естіп, разы болып жатырмыз. Нағыз қазақы, дәстүрлі әндердің үлгісін көрсетті. Жастармыз бірінен-бірі өткен, барлығының жұлдыздары жана берсін. Концерттің кереметін айтуға менің тілім жетпей тұр. Қазақтың кең дастарқаны, сапырылған қымызы, иірілген ұршық. Қандай әдемі, сұлу, әндері тамаша. Еңбектеріңіз жанып, халыққа қызмет жасай беріңіздер! – деді ол.

Өнер саласының жаңалығы осымен таусылмақ емес. Ұлттық өнерді ту еткен өнерпаздар тың туындыларын келешекте де тарту етпек. Біздің борыш – қажетті азықты бойымызға сіңіру ғана.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Kazakhstan – UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы

Kazakhstan – UAE SWAT CHALLENGE-2026 жеңімпазы

12.02.2026
Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

12.02.2026
Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

Магеррам Магеррамов: Қазақстан Халық партиясы Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын қолдайды

12.02.2026
Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

Айдос Сарым: жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

12.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Жаңа Конституция мемлекеттің дербес таңдауын және кемелдігін айғақтайды – Айдарбек Қожаназаров

12.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.