Талдықорған: +1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ІЗГІЛІК ІЗІ

КОРОНАВИРУС: «ШЕВРОН» МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

07.10.2020
ІЗГІЛІК ІЗІ
КОРОНАВИРУС: "ШЕВРОН" МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанға коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектер жеткізілді. «Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмекті сатып алуға және жеткізуге көмек көрсетті.

«Шеврон» корпорациясының бастамасы аясында індетке шалдыққандарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектердің бірінші топтамасы Алматы қаласына келіп жетті. «Шеврон» бұл медициналық дәрілерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне көрсетілген гуманитарлық көмек аясында сатып алған.

— «Шеврон» компаниясы үнемі әлеуметтік қолдау танытады. Сіздер Қазақстандағы өзекті мәселелерге ешқашан бей-жай қарамайсыздар. Сіздерге елімізге көрсеткен гуманитарлық көмек үшін, дәрілер үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстандағы коронавирустық инфекция мен пневмония індетінің таралуын біз бірігіп тоқтата аламыз, – деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

— «Шеврон» компаниясының атынан мен Алматы қаласына дәрі-дәрмектердің бірінші топтамасы келгенін қуанышпен хабарлаймын, олар Қазақстан емханалары мен ауруханаларындағы пациенттерге жеткізілетін болады. Осы қайырымдылық жобасы арқылы біз Қазақстан халқына күрделі уақытта қолдау көрсетуді мақсат еттік, – деді компанияның Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц.

Қайырымдылық шарасы Қазақстан Республикасына COVID-19 індетімен күресуге игі ықпалын тигізері сөзсіз. Мемлекеттің пандемияға қарсы күресіне көмектесу үшін «Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстанға аса қажетті дәрі-дәрмектер тізімін құрды.

Дәрі-дәрмекті жеткізумен қатар бұл бағдарлама медициналық жабдықты сатып алу мен жеткізуді қарастырады. Бұдан бөлек, індетке шалдыққандарды емдеу курсына оқыту мәселесін де қамтиды.

Айта кетейік, «Шеврон» корпорациясы — әлемдегі жетекші біріктірілген энергетикалық компаниялардың бірі. Бүкіл әлемде бизнесін жүргізетін еншілес компаниялары арқылы компания энергетика саласының барлық түрлеріне қатысады. «Шеврон» шикі мұнай мен табиғи газды зерттейді, өндіреді және тасымалдайды, көлік отыны мен жанармайды тазартады, нарыққа шығарады және таратады; мұнай-химиялық заттар мен қоспаларды өндіреді; қуат өндіреді және компания операцияларының барлық салаларындағы бизнес құндылықтарын арттыратын технологияларды әзірлейді және қолданады.

«Шеврон» компаниясының бас кеңсесі Сан Рамон қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) орналасқан.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.