Талдықорған: +14°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ «САМҒАУ» БАЙҚАУЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

02.10.2020
КҮНДЕРЕК
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ "САМҒАУ" БАЙҚАУЫНЫҢ ТОЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауының толық ЕРЕЖЕСІ жарияланды.

  1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ
    1. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы — Алматы облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі — ІСБ).
    2. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады.
    3. Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың  редакциялары,  шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлары қатысады.
  2. БАЙҚАУДЫҢ  МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ
    1. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы   Алматы облысында  атқарылып жатқан жұмыстар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.
    2. Байқаудың негізгі мақсаттары: Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің дамуы туралы көрсету; Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтың жетістіктерін көрсету; Сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын жылжыту және дамыту; New-media-ның (блогинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін дәріптеу;

2.3 Байқаудың негізгі міндеттері: Облыс аумағында Тәуелсіздік жылдарында ақпараттық-имидждік жетістіктерін жария ету; Баспа және электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби өсуі мен шығармашылық өзін-өзі дамыту үшін моральдық және материалдық ынталандыруды құру; Облыстағы журналистика қоғамдастығында жаңа перспективалы есімдерді анықтау; Журналистердің назарын «Рухани жаңғыру», «COVID-19» коронавирустық инфекциямен күресу, цифрландыру, «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, ҰОС Жеңісінің 75 жылдығын мерекелеу», тағы да басқа тақырыптарын, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын жариялауға аудару;

3.КОНКУРСҚА  ҚАТЫСУШЫЛАРҒА  ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР

  1. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін  журналистер арасындағы «Самғау» байқауына қатысуға жіберіледі: Жеке ізденушілер — өңірлік және орталық БАҚ-да жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді баспа басылымдарының және телерадиокомпаниялары; блогерлер/кемінде 5К/50К жазылушы аудиториясы бар (достар) қоғамдастық әкімшіліктері; 
  2. Байқауды өткізу барысында байқауға қатысушылар презентациялар, қайырымдылық іс-шаралар және баспасөз-конференцияларға тартылуы мүмкін;
  3. Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Номинант туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуациясы сақтала отырып жарияланады.

4.КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ

Байқау Алматы облысында  келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

  1. «Жылдың үздік журналисі» (ақпараттық мақала);
  2. «Жылдың үздік тележурналисі» (жаңалық сюжет);
  3. «Жылдың үздік операторы» (бейнематериал);
  4. «Жылдың үздік фотосуретшісі» (фотосуреттер);
  5. «Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін» (ардагер журналист);
  6. Жылдың үздік республикалық (халықаралық) тілшісі (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал);
  7. «Жылдың үздік тілшісі» (аудан, қалалық баспа басылымдары);
  8. Жылдың баспа басылымдағы үздік дизайны, инфографикасы;
  9. Жылдың үздік бейне-клип өндеушісі (монтаж);
  10. Жылдың үздік облыстық, республикалық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе Үздік блогері (Алматы облысы туралы пост);
  11. Жылдың үздік желілік басылымы.

5.КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ:

  1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
  2. Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қараша аралығында эфирге шыққан, тіркелген электронды және баспа БАҚ-да жарияланған бір автордың бір материалы ұсынылуы тиіс.
  3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін байқаудың ұйымдастырушылары әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Тиісті біліктілік талаптарына сәйкес қатысушылардың материалдарын бағалауды сараптамалық бағалау әдісімен байқаудың қазылар алқасы жүзеге асырады.

БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін): Ұсынылған номинацияға сәйкестігі; Әлеуметтік маңыздылығын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігінің деңгейі; Материалды ұсынудың жаңалығы және сонылығы, кәсіпқойлық және публицистикалық шеберлік; Жарияланымдардың сапасы (тұжырымдардың , цифрлар, фактілер); Суреттердегі арнайы әсерлер 30 пайыздан аспауы керек, авторлық құқықтардың бұзылмауы қажет.

6.БАЙҚАУДЫҢ  ӨТКІЗІЛУ  ТӘРТІБІ

  1. Өтінімдер осы Ереженің жарияланған кезінен бастап 2020 жылғы 1 қарашасына дейін қабылданады. Конкурсқа 2020 жылдың 1 қаңтарынан 1 қараша аралығында интернетті қоса алғанда, тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, теле және радиоэфирлерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады.
  2. Байқаудың қазылар алқасы берілген материалдарды бағалайды және ең үздік жұмыстардың авторларын іріктейді, солардың ішінен жеңімпазды анықтайды.

7.БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

  1. Байқауды өткізуді үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
  2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстары, байқауға  қатысушылардың тізімі, байқау жеңімпаздарының тізімін құрайды.
  3. Ұйымдастыру комитеті өз жұмысында ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері, функциялары сипатталатын байқау туралы жазылған осы  Ережені  басшылыққа алады.

8.КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

  1. Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды қарауды, саралауды және ізденушілер сараптамалық бағалауын жүргізуді жүзеге асырады.  
  2. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Алматы облысының ІСБ, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың демеушілері (әріптестері) кіреді.
  3. Қазылар алқасы байқаудың ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.
  4. Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысу қажет.

9.КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ

  1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
  2. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда, қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға құқылы.
  3. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.
  4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

10.БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

  1. Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.  
  2. Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорган қаласы, Балапанов көшесі, №28 үй, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: uvp_smi@mail.ru
  3. Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс, ағылшын;
  4. Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.

Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары: Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады; Материалдың хронометражы 3 минуттан аспауы тиіс; Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пикселден басталады.

Конкурстық материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, www.politika.zhetysu.gov.kz сайтында және басқа да дерек көздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

IT-қызметтер экспорты 1 млрд долларлық межеден асты

10.04.2026
Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

Тоқаев пен Мирзиёев Бұхарада бейресми кездесу өткізеді

10.04.2026
Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

Жетісу өнеркәсібінің ардагері Қуаныш Әжмағамбетов өмірден озды

10.04.2026
QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

QazCopyright: авторлық құқықтарды басқару толық цифрландырылды

10.04.2026
Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

Астана – Талдықорған бағытында тікелей теміржол рейсі іске қосылды

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.