Талдықорған: +13°C
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

30 қыркүйек 2020
КҮНДЕРЕК
ТАЛДЫҚОРҒАНДА "БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ" АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Бейбіт заманның батырлары» атты тағылымды шара өтті. Онда Отанға адал қызмет ету, тыныштықты сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек ету тұрғысында әрлі әңгіме айтылды.

Ардагерлер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысқан басқосуда Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақшабай Керімбеков кездесудің мақсат-міндеттерін түсіндірді. Оның сөзіне сүйенсек, ҚР Тәуелсіздігінің 30, Конституцияның 25 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шаралар абыроймен атқарылуда.

— Жас ұландар, сіздер біздің болашағымызсыздар. Ал, бүгін аға буын ардагерлер сіздерге ақыл-кеңес беріп, жөн көрсетуде. Қарттардың  ұлағатты сөздерін, жақсы қасиеттерін жоғары жауапкершілікпен есте сақтап, үлгі алады деген ойдамын, – деген Ақшабай Дүйсембекұлы жер-жаһанды жайлаған індетпен күрестің алғы шебінде полиция қызметкерлері жүргендігіне ерекше тоқталды. – Өздеріңізге мәлім, жер жүзін жайлаған коронавирус індеті біздің аймаққа да жайылып, халық аурудан азап шеккен кезде осы облыстық, қалалық полиция өкілдері көз ілмей жұмыс жасап, өз міндеттерін абыроймен атқарды. Сол үшін мен сіздерге жалпы аймақтағы ардагерлер атынан ерекше алғыс айтамын.

Қала жастарын отансүйгіштікке, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу міндетін басшылыққа алған кездесу арқылы ардагерлер жас ұландарға темірдей тәртіпті ұстанып, жауапкершілік жүгін абыроймен арқалау туралы өз бастарынан өткен өнегелі істерді мысалға келтірді. Полиция подполковнигі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрметті ардагері Болат Молдабеков, зейнеткер подполковник, Ішкі істер саласының және Көксу ауданының Құрметті азаматы Болат Қожақов сөз алып, ұлт келешегіне қажет асыл қасиеттерді тілге тиек етті.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ардагер Талдықорған қалалық полиция басқармасы бастығының Алғыс хатымен марапатталды. Облыстық полиция департаменті мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Болат Қожақов пен екі баланы өрттен құтқарған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Арман Бақтыбайұлы Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатын иеленді.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Фото — Данияр САҒЫНДЫҚ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдар мен қымбат мүлікті тексеретін жүйе қалай жұмыс істейді?

Бүгін, 11:00
Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Enbek.kz хабарламалары Aitu мессенджері арқылы жіберіледі

Бүгін, 10:30
Өңірде 8 мың тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды

Өңірде 8 мың тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды

Бүгін, 10:00
Президент Жолдауы азаматтық қорғау саласын жаңғыртуға негіз болады

Президент Жолдауы азаматтық қорғау саласын жаңғыртуға негіз болады

Бүгін, 09:30
Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Доллар, еуро және рубль: Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін, 08:51

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.