Талдықорған: +11°C
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫН АРАЛАДЫ

19.09.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ӨКІЛДЕРІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫН АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты көптеген шара қолға алынуда. Солардың қатарында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаумен және бағалаумен айналысатын арнайы мониторингтік топтардың жұмысын атауға болады. Республикалық, облыстық, аудандық деңгейде жұмыс істеп жатқан топтың мүшелері өңірлерге арнайы іссапармен шығып, тұрғындардан шыққан шағымдар мен хабарламаларды тексеріп отырады.

Облыс орталығы Талдықорған қаласына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы республикалық арнайы мониторингтік топ келіп, Жетісу жеріндегі жұмыстардың нәтижесімен танысты.

Алдымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне бас сұққан жұмысшы тобы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде кездесу өткізіп, облыстық экология, геология және табиғи ресурстар департаментінің, облыстық білім басқармасының мамандарын тыңдады.

Одан соң мониторингтік топ Талдықорған қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, карантиндік шараларға байланысты мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға мүмкіндік беретін жаңа тетіктердің тиімділігін саралады. Келушілерді қарсы алған Талдықорған қалалық ХҚКО-ның басшысы Талғат Бейбітұлы күн сайын 200-ден астам тұрғынның әртүрлі қызмет алатынын жеткізіп, ұзақ-шұбақ кезекті болдырмау мақсатында тұтынушыларды кезекпен қабылдаудың, аралығы 1,5 метрлік сызықтың бойына орналастыру талаптарының қатаң сақталатындығын әңгімеледі.

Мониторингтік жұмыс тобының қандай мақсатпен жүргенін түсіндірген Қазақстан «Жас заңгерлер Альянсының» төрағасы Ыдырыс Дәмірбектің айтуынша, Алматы облысына жасалған сапар ең алдымен тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігін анықтау.

– Біздің мақсатымыз ең алдымен өңірлердегі жұмысты көру, халықтың енгізілген өзгерістерге деген көзқарасымен танысу, пандемия кезінде онлайн режимде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін, жетіспеушіліктер мен кемшіліктерді нақтылау. Осы бағыттағы жұмыстарға жергілікті халықтың берген бағасын саралау керек, – деген Ыдырыс Дәмірбек көргені мен білгенін жеткізді. – Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша қолға алған жұмыстардың нәтижесімен танысуды мақсат еттік. Соған орай егде жастағы кісілердің мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуға аса ықыласты еместігін, керісінше, өз аяғымен келіп, қажетті құжаттарды толтырғанды қалайтынын байқадық. Ал, орта жастағы, одан да жас азаматтардың қажетті мемлекеттік қызметті онлайн алуға дайын екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, Талдықорған қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымының халыққа қандай үлгіде болса да қызмет көрсетуге сақадай сай тұрғанын білдік.

Келесі кезекте мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына барған республикалық топтың мүшелерін қарсы алған орталық басшысы Анархан Тілешев автокөлік жүргізу куәлігін алу, автотранспортты тіркеу, тіркеуден шығару, транспортқа нөмір беру сынды жұмыстардың қалай жүретіндігін түсіндіріп, орталықты таныстырып шықты. Мамандандырылған орталықтың 54 қызметкері келушілерді күтіп алып, сапалы қызмет ұсынып отыр.

Облысқа арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау мен бағалаудың республикалық арнайы мониторингтік тобы Панфилов ауданына барып, «Қорғас» шегара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, «Нұр жолы» кеден бекетінің карантин жағдайындағы жұмысымен танысты. Сондай-ақ, аудандағы экологиялық ахуалға назар аударған жұмысшы тобы Жаркент қаласында орналасқан крахмал-сірне зауытында кездесу өткізді.

Кездесу аясында ауаның ластануына байланысты туындаған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен облыстық экология департаментіне ұсыныстар әзірленді. Жиында аудан орталығының ауасы ластанып бара жатқаны туралы шағымның болғаны назарға алынды.

Келесі кезекте Еңбекшіқазақ ауданына қарай бет алған республикалық мониторингтік топ мүшелері Шелек ауылындағы аудандық ауруханаға бас сұғып, медициналық мекемеде қалыптасқан жағдаймен танысты. Ауруханада жатқан науқастардың халін сұрап біліп, тәулік бойы тынымсыз кезекшілік атқарған дәрігерлердің ой-пікіріне құлақ түрді.

Бұдан кейін Іле ауданының Жауғашты кентіндегі ЛА 155/4 әйелдер колониясына ат басын тіреген республикалық мониторингтік топтың мүшелері еңбекпен түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандардың арыз-шағымын тыңдады.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

Футбол: «Жетісу» өз стадионына оралатын күн жақын

12.04.2026
Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

Ішкі істер министрлігі тоқсандық қорытындыны жариялады

12.04.2026
Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

Зорлық-зомбылыққа ұшырағанда қайда жүгіну керек?

12.04.2026
Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

Есірткі індеті Жетісу жастарын неге шырмап жатыр?

12.04.2026
Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

Мұқаншы – береке мен бірліктің мекені

12.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.