Талдықорған: +15°C
$ 478.77
€ 548.62
₽ 5.87
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«ӨМІН, ӨМІН!» АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ШЫҒАРЫЛҒАН ЖАНАЗА БҮКІЛ ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРДІ

16.09.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
"ӨМІН, ӨМІН!" АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ШЫҒАРЫЛҒАН ЖАНАЗА БҮКІЛ ЕЛДІ ДҮРЛІКТІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жаназа шығарудың жаңа жолы! Әлеуметтік желіге «Тәңіршінің жаназасы» деген атпен таралған видео бірнеше күннен бері қоғамның қызу талқысына түсті. Онда жаназаға жиналған жамағат марқұмды мұсылмандық емес, тәңіршілдік жолмен ақтық сапарға шығарып салады. Құранның орнына қара сөз арнап, жаназа намазы мүлде оқылмайды. Дәстүрлі дінді ұстанушылар бұл шаманизмнің қалдығы десе, Діни басқарма өкілдері тәңіршілдерді еш жерде тіркелмеген дін бұзушылар деп отыр.

Бұл туралы толық материалды КТК телеарнасы көрсетті.

Үш күн бұрын әлеуметтік желіге тараған видео Алматы облысында түсірілген. Жиналған жамағат тәңіршілдік ілімін ұстанатын азаматты ақтық сапарға шығарып салуда. Бірақ әдеттегідей қайтқан кісіге құран бағышталып, жаназа намазы оқылған жоқ. Алдымен марқұмның қарызы мен парызы сұралды. Одан кейін қара сөзбен жаназасы шығарылып, Құдайға табысталды. Тәңіршілдер ас қайырғанда да алақан жайып, әумин деп айтпайды екен. Барлығы қос қолын кеудесіне қойып, өмін деп дауыс шығарады. Алланы да ауызға алмайды. Құдай деп қол жайғанымен, құран оқымайды. «Барлық дұға-тілекті қазақи қара сөзге салып, көкейден айтамыз», — дейді марқұмның жаназасын шығарған Қайрат Рамазан.

Қайрат Рамазан, «Тәңір ілімі» қоғамдық бірлестігі діни департаментінің бастығы:

— Біз бата бергенде, тілек айтқанда, лебіз үйіргенде, ниет білдіргенде бет сипамайды емес, сипаймыз. Жоқ болсын дегенде. Жамандық болмасын, қайғы қасірет болмасын дегенде бет сипаймыз. Қалған уақытта көкейден шығарамыз. Өмін, өмір деген сөз бар. «Құдайға көңіл бөл» деген мағына білдіреді ол. Біз Құдайға мынаны істе, анда жібер деп айта алмаймыз ғой. Сондықтан өмін деп айтамыз.

Ал Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы тәңіршілдік ешқандай дінге жатпайтынын айтты. Өйткені оның ілімі, мәдениеті, тарихы жоқ екен. Сондықтан өздерін тәңіршілміз деп жүргендер бүйректен-сирақ шығарып, ел ішіне іріткі салуда дейді имамдар. Тәңіршілдік жолмен жаназа шығару нағыз мәңгүрттік деді мүфтият өкілдері.

Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі:

— Өте обал болды, кешегі қайтыс болған кісіге. Адам қайтыс боларда оған кәлиманы айтқызады. Кімнің ақырғы сөзі осы болса, ол жәннатқа кіреді дейді. Оның мирам суы, шешіндіріп жуындыру, оны жуындырды ма, құдай біледі. Кебінге орау, төрт тәкпірлі жаназа, біреуі қалып кетсе тура болмайды. Жерлеу, одан кейін құран оқу. Бұның біреуі де болған жоқ.

Алматыда «Тәңір ілімі» деп аталатын қоғамдық бірлестік бар. Оған елде 200 мыңға тарта адам мүше көрінеді. Бірақ олар діни бірлестік ретінде ресми тіркелмеген. Соған қарамастан, тәңіршілдіктің жөн-жоралғысы мен салт-дәстүрін ашық жарнамалай бастады. Ал одан Дін істері комитетінің хабары жоқ сияқты. Себебі, құзырлы мекеме аталмыш телеарна тілшілерінің «Тәңіршілер ұйымының жұмысы заңды ма?» деген сауалын созбалаңға салып, ақыры жауапсыз қалдырған.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

Жастарға арналған кеңес беру пунктінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді

31.03.2026
Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

31.03.2026
Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

Әділет министрлігі: Жаңа Конституция тұрғын үй иелері құқықтарының басымдығын сақтайды

31.03.2026
Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.