Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРҒАН ШӘКІРТТЕР

01.09.2020
КҮЛТӨБЕ
ШЫҢДЫ БАҒЫНДЫРҒАН ШӘКІРТТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі облысымыздағы дарынды балаларға әлемдік деңгейде терең білім беріп, жастардың болашағына жарқын жол ашып отырған айтулы білім шаңырағы. Биыл аталмыш оқу ошағын 70 талантты жас бітірсе, олардың 26-сы еліміздегі ең беделді білім ордасы – Назарбаев университетіне, 13 түлек АҚШ, Венгрия, Германия, Корея, Болгария, Гонконг сынды шет мемлекеттердің айтулы  жоғары оқу орындарына қабылданды.


 Өзге оқушылар да жазғы уақытын тиімді өткізіп, қашықтан өткізілген түрлі білім, шығармашылық сайыстарына қатысып, дипломдар мен сертификаттар иеленді. Солардың бірі 10 «С» сынып оқушысы Назерке Рымбаева Республикалық «Дарын» байқауында «Абайдың ақын шәкіртерінің шығармалары» секциясы бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынып, жеңімпаз атанды. 

– Қазір қашықтан білім алып жатқанымызға қарамастан онлайн режимде өтіп жатқан түрлі сайыстарға қатысудамыз. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Өз ізденісімізді ортаға сала отырып, қабілетімізді паш етеміз. Бұл бізді қанаттандырады. Биыл Абай атамыздың 175 жылдығы болғандықтан ақын шығармашылығына терең бойлағанды жөн көрдім. Әрбір сөзінен ғибрат іздедім. Оным нәтижесіз емес, – деп ағынан жарылды ол.

12-сынып оқушысы Әлім Тілеулиев қатысқан, Стэнфордта ұйымдастырылған екі апталық «Биомедициналық инженерия» онлайн курсы да сәтті өтті. Жас зерттеуші Қарағанды мен Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларынан құрылған команда негізінде «Өкпе обырын анықтаудағы жасанды интеллект» тақырыбында ғылыми мақала жазды.

– Біз медицина және биология инженериясын қолданып, түрлі қызықты тақырыпта зерттеу жүргіздік. Мәселен, медицинадағы жасанды интеллект, нанобиотехнология, биоимплант, тағы басқа. Курс соңында профессор, доктор Джаган өз блогында ғылыми мақаламызды жариялады. Осы еңбектің арқасында мен ғылыми жұмыстарды саралауды үйрендім. Бұл мен үшін қайталанбас құнды тәжірибе болды, – дейді Әлім.

Жаз айларындағы ең бір жарқын жетістік – шәкірттер Даниил Филимонов пен Виктор Кохноның роботталған стансы жобасы болды. Аталмыш жоба «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық жарыста ІІІ жүлделі орынға лайық деп танылды. Жас ізденушілер аппараттық режимде құрылыс жұмыстарын жасайтын мобильді роботтың прототипін ойлап тапқан. Аппарат жасанды интеллект жүйесімен және арнайы құралдармен жабдықталған.

– Біздің жұмысымыз Марста құрылыс жүргізгенде алғашқы болып пайдалануға негізделген. Егер мұны жүзеге асырса адамзат жұлдыздарға бір табан жақындай түседі,  – дейді робототехниктер. 
Міне, осындай дарынды шәкірттерді тәрбиелеп жатқан Назарбаев зияткерлік мектебі жаңа оқу жылында 900-ге жуық шәкіртке сапалы білім беріп, қиялдарына қанат бітіріп, ғылыми ізденістерге жол ашпақ.

Алма ТОПАНТАЙҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.