Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

1 ҚЫРКҮЙЕК — БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕШҚАНДАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТПЕЙДІ

31 тамыз 2020
РУХАНИЯТ
1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕШҚАНДАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТПЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында өткен кезекті брифинг жаңа оқу жылына дайындық барысын қамтыды. Онда Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли аймақтағы мектептердің дайындығы мен оқушылардың қашықтан білім алу жайын баяндады.

– Облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтықтан басталады. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың өтініші негізінде кезекші сыныптарда білім алатын болады. Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған 145 мектепте санитарлық талаптарға сәйкес 15 баладан екі ауысымда штаттық режимде оқиды. Штаттық режимде білім беретін мектептерде қатаң санитарлық талаптар сақталады. Бүгінгі күнде жас ұрпаққа қашықтан білім беру мен тәрбиелеу ісінде ешқандай кедергі жоқ деген ойдамын. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.  Қабылданған шаралар нәтижесінде жаңа оқу жылында облыс оқушыларын компьютермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілетін болады.

Жалпы орта білім беретін ұйымдармен қатар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде де қашықтықтан оқыту барысында нәтижелі жұмыс жүргізілуде. Жаңа оқу жылынан бастап техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бірінші курс студенттерін жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқытады.

Өңіріміздегі мамандар тапшылығын жою мақсатында 260 жасқа білім беру гранты тағайындалуда. Оның негізгі дені көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына берілді. Облыстық грантты иеленген жастар І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде білім алады.

Мемлекеттің қолдауымен облысымызда 32 білім беру мекемесінің құрылысы жүргізілуде. Оның 23-і мектеп, 4-еуі студенттерге арналған жатақхана. 1 қыркүйекте 6 мектеп пайдалануға беріледі. Жетісу мемлекеттік университетіне қарасты Студенттер үйі ашылады, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Баспасөз мәслихаты барысында облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова журналистер қойған сұрақтарға жауап берді. Көпшіліктің көкейіндегі «1 қыркүйекте оқушылар үшін салтанатты жиын өте ме?» деген сауалға орай ешқандай шара өтпейтінін мәлімдеді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде академиялық дербестікке көшу, кредиттік технологияларды енгізу, жан басына шаққандағы жаңа қаржыландыру жүйесіне өту мәселелеріне қатысты да кеңінен баяндалды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.