Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«АУЫР ТИДІ»: АЯУДЫ БІЛМЕЙТІН ІНДЕТ БАС ДӘРІГЕРДІ ДЕ АЛЫП КЕТТІ

17.08.2020
ЖАНСАРАЙ
"АУЫР ТИДІ": АЯУДЫ БІЛМЕЙТІН ІНДЕТ БАС ДӘРІГЕРДІ ДЕ АЛЫП КЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мен бұл кісіні ұзақ жасайтын шығар деп ойлаушы едім. Спортты жаны сүйетін. Жасы алпыстан асса да жұмыстан қолы қалт еткенде футбол ойнап, қашықтыққа жүгіруден жастардың өзімен жарысатын.

Салауатты өмір салтын берік ұстанды. Онысы көпке үлгі еді. Үлкен ұжым соған қарап бой түзеді. Ақ халатты абзал жандар еңбек ететін мекемеде бір уақыт спорттық шаралар ұйымдастыруды жылдағы дәстүрге енгізді. Көпшіл, мінезі ақжарқын арда азамат Сертай Сейфоллаұлы айналасына сонысымен де сыйлы еді. Алайда әлемді дүрліктірген тәжтажалдың адам талғамайтынына тағы бір көзіміз жетті.

Шілденің 30-ы күні таңға жуық жеткен қаралы хабар аудан жұртшылығының қабырғасын қайыстырды. Қарғалы ауылындағы Қарғалы аудандық ауруханасының бас дәрігері, аудан халқының денсаулығы күзетінде ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарған Сертай Сағиев алпыс үш жасында жаһанды жайлаған жұқпалы індеттің құрығынан құтыла алмай дүние салды.

Сертай Сейфоллаұлы 1957 жылғы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысының қазіргі Риддер қаласында туған. 1980 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін бітірген соң Алматы облыстық клиникалық ауруханасына интерн-дәрігер болып қызметке орналасып, ондағы тәжірибелі мамандардан хирург-стоматолог мамандығын жете меңгереді. Келесі жылы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылындағы ауруханаға жолдамамен барып, тіс дәрігері болып еңбек жолын бастайды.

Ізденгіш, адам жатырқамайтын ашық мінезінің арқасында жас маман қайда болса да ұжыммен тез тіл табысып, нәтижелі еңбек етті. 1981-1986 жылдары Қарғалы ауруханасының дәрігер-стоматологы, 1986-1991 жылдары Жамбыл аудандық орталық ауруханасы стоматология бөлімінің меңгерушісі, 1991-1997 жылдары аудандық стоматология емханасының бас дәрігері болып қызмет істеді.

Заман ағымына орай 1997 жылы аудандық стоматология емханасын жекешелендіру үшін тендер жарияланады. Сонда «Тәуекел түбі – желқайық, өтесің де кетесің» демекші, Сертай Сейфоллаұлы зайыбы Салтанат екеуі «Алмас-мед» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің медициналық орталығын құрып, тендерге қатысады. 1997-2005 жылдары осы жекеменшік емдеу орнының директоры болады. Одан кейінгі жерде аталған орталықтың жұмысымен Салтанат Самединқызы айналысты. Бүгінде онда көрсетілетін дәрігерлік қызмет түрлері едәуір кеңейтілген.

Сертай Сағиев 2005-2009 жылдары Жамбыл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары лауазымында қызмет істеді. Ал 2009 жылдан өмірінің соңына дейін Қарғалы ауруханасының директоры-бас дәрігері қызметін зор жауапкершілікпен атқарды. Осы уақыт аралығында оның білікті басшылығымен емдеу мекемесінің жұмысы заман талабына сай жаңа деңгейге көтеріліп, 2013 жылы ауруханаға аудандық мәртебе берілді.

Ол қай ортада жүрсе де үлкен адамгершілігімен танылып, медицина саласының майталман маманы екенін дәлелдеді. Талмай ізденді, басшылық жауапкершілігіне талапкершілігі сай болды. Осынау жемісті қызметінің нәтижесінде 2013 жылы Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, «Жамбыл ауданының Құрметті азаматы» атанды. Аудан, облыс, республика деңгейінде басқа да көптеген марапаттарға ие болды.

Сертай Сейфоллаұлы зайыбы Салтанат екеуі Алмас, Малика, Мадина есімді өнегелі ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Үлгілі отбасының тірегі, асыл жар, абзал әке атанған ол немерелерінің шуақты күлкісіне бөленді.

Жан жары Салтанат екеуінің алға қойған мақсаты биік болды. Оның ең бастысы – дәрігер ретінде айналасындағыларға қолынан келгенінше жақсылық жасап, көмек қолын созу болатын. Оның жұмысқа деген күш-жігері айрықша еді. Ауданның қоғамдық өміріне де белсене араласатын.

Сертайдай саналы азаматынан тым ерте көз жазып қалған аудан жұртшылығы бүгінде жергілікті газет бетінде жерлестеріне көңіл айтып, пікір білдіруде. Сондай қаралы мәтіндердің бірінде: «Сенен айырылып қалғаныма көңілім әлі сенер емес. «Тәте, мне очень плохо!» деп едің қиналып жатқан кезіңде бір хабарласқанымда. Айналайын-ай, саған ғана емес, сені білген, сыйласып құрмет тұтқан барша жақындарыңа мына күннің қайғысы өте ауыр тиді. Не дерімізді білмей тұрмыз. Алла енді тек алдыңнан жарылқасын», – дейді Күмісжан Құдайбергенқызы.

«Осынау қасиетті Қарғалы жеріне 1981 жылғы 17 тамызда табаным алғаш тиіп еді. Содан бері бұл ауыл менің өзім туған Риддерден бір кем еместей сезіледі. Осы жердің табиғатына да, адамдарына да шексіз ғашықпын», – деп еді Сертай дос бір сырласқан сәтімізде. Енді, міне, өзі тура отыз тоғыз жылға жуық Отанындай көрген Қарғалысы – Қарғалы өзені құмығып ағып бара жатқандай, бір қабырғамыз қақырап түскендей күй кешіп қалғанымызды қарамайсыздар ма? Тамызда келіп едің, тамыз басталар сәтте тым ерте кеткенің қалай болды бұл, қайран Сертай-ай!» – дейді Рәтбек Сағид-Уаһас.

«Аяушылықты білмейтін індет арамыздан тамаша адамымызды алып кетті. Біз білікті дәрігерімізден айырылдық. Екеуміз бірге тауға шықтық, театрларға бардық, бірігіп кітап оқитынбыз. Ол менің кітаптарымның кейіпкері болды. Ол зейнеткерлікке шыққан соң туған еліміз Қазақстанды бірге аралап, шетелге саяхаттаймыз деп армандап едік. Әттең, ол ойымыз орындалмайтын болды», – дейді қарғалылық Исмаилжан Иминов.

Ал Қарғалы өзені құмыға ағып барады…

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

1 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Жетісуда күн райы құбылады

10.02.2026
Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

10.02.2026
Жаңа Конституцияда ардагерлер мен зейнеткерлердің құқығы қалай қорғалады?

Жаңа Конституцияда ардагерлер мен зейнеткерлердің құқығы қалай қорғалады?

10.02.2026
Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды

Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды

10.02.2026
«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.