Талдықорған: +3°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

«ҚЫЗҚҰМАР БАСШЫ»: МЕДБИКЕЛЕР МЕКЕМЕ ІШІНДЕГІ БЫЛЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ

11.08.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
"ҚЫЗҚҰМАР БАСШЫ": МЕДБИКЕЛЕР МЕКЕМЕ ІШІНДЕГІ БЫЛЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының Есік қаласындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикелері директоры үстінен шағымданды. Олардың айтуларынша, қызқұмар басшы төсектен бас тартқан жұмысшылардың соңына түсіп, келіспегендерге қысым көрсетеді екен. «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы бұл айыпты мойындамады. Бұл жайында «КТК» телеарнасы көрсетті.

Эльмира Асқарова білдей басшының қызқұмар қылықтарын жалпақ жұртқа жария етуге бел буған. Алматы облысындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикесі директордың қыз-келіншектерге қол жүгіртіп, жыныстық қатынасқа тартатынын айтады. «Көзіне түскенді кабинетіне шақырып, ішімдік ішуге мәжбүрлейді», — дейді шыр-пыр болған қызметкер.

Эльмира Асқарова, медбике:

— Кабинетіне шақырып: «Кел, ішіп қояйық» деді. Мазақ қылды. «Ұлттық асханада боласың ба?» деп. Мен үйде емеспін. Неге жасап алып келу керекпін? Жыладым да, кабинетінени шығып кеттім. «Тоқташы», — деді. «Бір айналып жіберші», — дейді. «Фигураңды көрейін» дегендей. Тікелей басшыма барып, жыладым.

Қарамағындағы қызметкерлерді палатада емес, төсекте көргісі келетін басшы, әсіресе ажырасқан немесе күйеуі қайтыс болған жалғызбасты келіншектерге қырғидай тиеді дейді медбикелер.

Айнұр Керімова, медбике:

— Кабинетке кірсем, іш киіммен отыр. «Енді не істейміз? Бастаймыз ба?», — дейді. «Нені», — дедім. Ол бірақ бой бермей, шашымнан ұстап бас салды. Есін білмейтін, мас. Итеріп жіберіп, алды-артыма қарамай қаштым. Сосын жылап, әріптестеріме айттым. Бұл деген барып тұрған бассыздық қой!

Есік қаласындағы «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығына жаңа басшы ақпан айында келген екен. Содан бері жұмысшылардан маза кетіпті. Күшейтілген карантинде «артығымен жұмыс істедік» деген наразы топ айлықтың қысқарғанына да қапалы.

Айдар Сәменов, бақылаушы-санитар:

— Біздің айлығымыз ай сайын төмендеп бара жатыр. Бухалтерияға барсақ, «Бедный месяц» дейді. Сонда қалай, мемлекетте айлар «бедный», «богатый» боып бөліне ме? Айтқан сөзінде тұрмады. Бір айлық берем дегеніне. Эльмира деген қыз жылап келгеніне өзім куәмін. Кешкі сегізге бастық шақырды деп. Сол кезде айттым, мен сенімен барайын деп. Жұмыстан шығарса, шығара берсін деп.

Басшылықтың бассыздығын айтқан медбикелер бас прокуратура, еңбек инспекциясы мен жауапты министрлікке арыз жазыпты. Ал аурухана басшысы Мақсат Бекетаев өзіне шаң жуытқан жоқ. «Қол астымдағы қызметкерлер күшейтілген талапқа көнбей, негізсіз жала жауып отыр» — дейді ол.

Мақсат Бекетаев, Есік қаласы «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы:

— Бәрі жала. Бәрі өтірік. Мынаны екі-үш адам ұйымдастырып жасап отыр. Жұмысты талап еткен соң, мүмкін жаза бастады. Мен сотқа берейін деп жатырмын. Сот бәрін анықтайды. Қаржы полициясы бәрін тексереді, сосын өздері шешім шығарады. Айлық туралы айтқандары да өтірік.

Айта кетейік, Есік қаласындағы ақыл-есі кем адамдарға арналған орталықта 500-ден астам науқас бар. Ал оларға 300-ге жуық медициналық маман қызмет көрсетеді. «Құқығымыз тапталды» деген қызметкерлер құзырлы орындарға екі ай бұрын шағымданыпты.

Ең сорақысы, олардың жанайқайына әлі күнге дейін ешкім назар аудармаған. Орталықтың қызметкерлері қызқұмар басшымыз бассыздығын тоқтатпаса, базынамызды Мемлекет басшысына жеткіземіз деп отыр.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

Адамдар жақыннан дрон ұшырып, ережелерді бұзған: қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

05.02.2026
Келешек инвестициясы

Келешек инвестициясы

05.02.2026
Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингіндегі орнын сақтап қалды

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы талқыланды

Жаңа Конституция жобасы талқыланды

05.02.2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.