Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ҰМЫТШАҚТЫҚ ДЕРТ ПЕ ӘЛДЕ ӘДЕТ ПЕ? ОДАН ҚАЛАЙ АРЫЛАМЫЗ?

11.08.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
ҰМЫТШАҚТЫҚ ДЕРТ ПЕ ӘЛДЕ ӘДЕТ ПЕ? ОДАН ҚАЛАЙ АРЫЛАМЫЗ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Күлсең кәріге күл». Бұрындары ата-апаларымызға жиі күлетін едік. Көзәйнегін тағып тұрса да айналасына айғай салып, аласұрып іздеп жататын. Бір айтқан нәрсесін он рет қайталап, бір сұрақты бірнеше рет қояды. Сөйтсек, ұмытшақтық қартайғанда алқымнан алады екен. Ал, қазір ше? Кәріге ғана емес, жастарға да күлетін күн туған секілді. Неге десеңіз, кейде ұялы телефонымыз қолымызда тұрса да іздеп әлектенеміз. Үйден шығарда, жұмыстан қайтарда кейбір заттарды ұмыт қалдыруымыз дәлелдеуді қажет етпейтін нақты мысал. Дәл осылай жалғаса беретін болса, ұмытшақтық тек әдетке ұласып қоймай, ұрпақ қуалайтын дертке айналуы ғажап емес. Сондықтан, аурудың алдын бүгін алмасақ ертең кеш болып, сан соқтыруы әбден мүмкін. Сіздерге пайдасы тиер деген ниетпен төмендегі ақыл-кеңестерді ұсынуды жөн көрдік. Кәдеңізге жаратады деген сенімдеміз!

ҒАЛЫМДАР НЕ ДЕЙДІ?

Ғалымдар ұмытшақтықтың бірнеше себебі бар дегенді алға тартып, оның ағзадағы түрлі ауруларға тікелей байланысты екендігін айтады. Адамның сол себепті де есте сақтау қабілеті күрт төмендейді. Олар қалқанша безінің аурулары: гипотиреоз, гипертиреоз. Аталмыш аурулар гормондардың өзінің функциясын дұрыс атқармауынан пайда болады. Ақыр соңы адам денсаулығын құртып, болашағына балта шабады. Бұдан бөлек қант диабеті, болмаса бас, ми қан тамырларының атеросклерозы есте сақтау қабілетін нашарлатады. Себебі, бұл дерт ең алдымен мидың қызметіне нұқсан келтіреді.

Ми 7 миллион мегабайттық ақпаратты жадында сақтай алады. Осының барлығы маңыздылығына қарай қысқа және ұзақмерзімді болып бөлінеді. Көптен күткен нәрсе іске асып немесе ерекше оқиға орын алғанда мидың оны ешқашан ұмытпайтыны сондықтан.

Аурудың тағы бір аты амнезия деп аталады. Бұл дерт адамның жүйке жүйесіне келген зақымнан пайда болады. Басқа келген зақымнан альцгеймер ауруы да ушығады. Айта кетер бір жайт, аты жаман дерттер тұқым қуалайды. Әлем ғалымдары «ХХІ ғасырда ұмытшақтық дерті жасарып барады» дегенді көп ескертуде. Оған сағат санап дамып жатқан заманауи технологиялар мен толассыз келіп жатқан ақпарат легі себеп болуда. Күні-түні жанымыздан бір елі тастамайтын ұялы телефон мен жұмысымызды жеңілдететін компьютердің әсері біз ойлағаннан да күрделі. Телеарнадағы жүздеген арна мен әлеуметтік желідегі жағымсыз жазбалар (тонау, зорлау, ату, өлтіру) да миға салмақ салады.

ПСИХОЛОГТАР ШЕ?

Өмірдің кейбір сынына сүрініп, стресс пайда болған жерде есте сақтау қабілеті де күрт төмендейді. Себебі, стресс алған адам қоғамнан тыс күн кешіп, өзінің мәселесіне ғана бас ауыртумен бәйектенеді.

Ұмытшақтық күйзелістен де пайда болады. Күйзеліс кезінде миға үлкен жүк түседі, ал жүйке жүйесі дәрумендер мен минералдар жоғалтады. Жанына жақын жаннан айырылу, сондай-ақ, қазіргі кезеңнің дерті саналатын жаңадан шаңырақ көтерген жастардың жаппай ажырасуы осыған алып келеді. Жанының емін шарап пен шылымнан іздеп, тіпті, есірткіге әуестенген адамға түскен қайғы салмағы сәт сайын ауырлай береді. Ондай кезде адам үшін ең маңызды саналатын денсаулық пен дұрыс тамақтану үрдісі бұзылып, тән мен жан азығының тепе-теңдігіне нұқсан келеді.

Тәжірибе бойынша көңіл қошы төмен адамдардың еске түсіру қабілеті жылдам әлсірейді. Сол себепті, барынша көңілді жүрген абзал. Сонда ғана өзімізден бөлек, айналамызға да жақсы көңіл-күй сыйлаймыз. Психологтар стресс кезінде арнайы мамандарға жүгінуді кеңес етеді.

ДІНДЕ НЕ АЙТЫЛҒАН?

Ұмытшақтықтың көп себебінің бірі – күнә істеу. «Күнә жасауы көп болғандардың ұмытшақтығы да көп болады» делінген. Әсіресе, бамдат намазы (таңғы) уақытында ұйықтамау қажет. Одан қалса, бес күндік жалғанда қолдың кірі саналатын ақша мен дүние үшін қатты қайғыру мен оған берілу де осы дертке шалдықтырады. Келтірер болсақ мысал жетіп, артылады.

Тұздалған ет жеу мен өте ыстық нәрселерді ішудің зияны мол. Орынсыз қалжыңдасу, мазарда күлу, естелік тастардағы жазуды оқу, әжетханада ұзақ отыру, көп уақыт бойы ғұсылсыз жүру, қолды үстідегі киімге сүрту, мешітке сол аяқпен кіру, әурет жеріне қарау, қатты аш немесе әрдайым тоқ жүру, иісі жаман нәрсе мен қышқыл алма жеу деп жалғаса береді.

Ұмытшақтық тұрғысында хадис шарифтерде де айтылған. «Қан алдыру – ақылды қуаттандырады, есте сақтау қабілетін арттырады» (Хаким). «Есте сақтау қабілетін арттыру үшін бал жеңдер!»  (М. Насихат). «Асқабақ бас миын қуаттандырады, ақылды арттырады». (Дәйләми, И. Мүнауи). Аталған әдет пен дерттен арылу үшін әуелі күнәдан тыйылу қажет. Әрдайым Алланы еске алып, Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) салауат айту керек. «Айтайын деп тұрған нәрсесін ұмытқан адам, есіне түсіру үшін маған салауат айтсын!» делінген (Ибн Сүнни).

Мінекей, ошақтың үш бұты секілді осы үшеуі де бір-бірімен біте қайнасып, бірін-бірі толықтырып тұр. Осыларды берік ұстанған жан бақытты ғұмыр кешуге мүмкіндік алады. Әдеттегідей газ бен үтікті өшіруді ұмытып кету арқылы көпқабатты үйдегі әрбір адамға қауіп төндіреміз. Бұл тұста «Ұмытшақтықтан толық айығу үшін не істеу керек?» деген сұрақ көпшілікті алаңдатары айқын. Олай болса, берер кеңес әлі де таусылмайды.

Жадты жақсартқыңыз келсе:

Жаңғақ – кондитерлік өнімдердің ең жақсы алмастырушысы. Жаңғақтың барлық түрлері миға қажетті элементтерге бай. Майлы қышқылдар (омега-3, омега-6), темір, фосфор, фолий қышқылы, Е және В6 дәрумендері жаңғақ құрамында көп мөлшерде кездеседі.
Өнім пайдалы болғанмен организмге ауыр. Жаңғақтың күнделікті тұтыну мөлшері 50-100 грамнан аспағаны дұрыс. Оны ботқалар мен ірімшік тілмелеріне, түрлі тағамдарға қосып тұтынған абзал.

Шпинат – дәрумендер «чемпионы». Шпинаттың жапырақтары ми жұмысын жақсартатын заттардың таусылмас қоры. Фолий қышқылы, В6 мен В12 дәрумендері темірмен қосылып, жадты жақсартушы құралға айналады. Шпинаттың құрамында қымыздық қышқылы мен пурин бар. Оларды бүйрек, бауыр және өзге аурулар кезінде тұтынуға тыйым салынған.

Ащы шоколад – шаршаған ми үшін жақсы қорек әрі күйзеліске қарсы тиімді құрал. Ащы шоколад флавонол мен магний, антиоксиданттарға бай. Олар қысым мен қан айналымын жақсартады. Осылайша тікелей есте сақтауға әсер етеді.

Орамжапырақтың құрамы организм мен ми жұмысын жақсартатын заттарға толы. Теңіз орамжапырағы йодқа бай. Ол миды және жүйке жүйесін тыныштандырады. Қызыл орамжапырақ құрамында полифенол бар. Ол альцгеймер ауруының алдын алады. Брюссельдік орамжапырақ дииндолилметанға бай. Олар денедегі бос радикалдарды организмнен шығарады.

Қызанақ – дәмді әрі жадқа пайдалы өнім. Олардың құрамында ликопин көп. Ликопин – мидағы бос радикалдардан қорғаушы күшті антиоксидант. Қызанақты көбірек тұтыну жадты жақсартады.

Теңіз өнімдерін пайдалану ми мен жадқа оң әсер етеді. Балық – ми мен организмге қажетті май жасушаларына бай өнім. Ал асшаяндар мен мидии ми жұмысына қажетті цинкке толы. Зерттеу нәтижесі бойынша, ойлау қабілеті жоғары адамдардың қанында цинк мөлшері салыстырмалы түрде көп болады екен.

АУРУДАН АРЫЛУДЫҢ АЛҒЫШАРТЫ

Ұйқының қанбауы да ұмытшақтыққа алып келеді. Қазіргі кезде еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін уақытымен ұйықтамайды. Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, күні мен түні ауысқан жандар аз емес. Олар не түнімен ұйқысыз жұмыс істейді, не болмаса бар уақыты (әсіресе, жастар) кино қарау, қыдыру, ойын ойнау және әлеуметтік желіге кетеді. Осындайда ескерер жайт, энергетикалық сусындар ұйқыны ашқанымен денсаулыққа зиян келтіреді. Бұл сусынға көбіне көлік жүргізушілері әуес келеді. Ұйқысыздық осы қарқынмен жалғасар болса миға демалыс болмай, зейін аудару нашарлап, ақпаратты жаттау төмендеп кетеді.

Ұмытшақтықтың біз білмейтін тағы бір тұсы суға келіп тіреледі. Мына қызықты қараңыз, денсаулығы жақсы адамның денесінің 75 пайызы судан тұрады. Егер ағзаға су жетіспесе, бірінші кезекте ми қиналып, жұмысы нашарлайды. Көбіміз судың таза өзін емес, оны шай, кофе, тәтті, газды сусындар күйінде ішкенді жөн көреміз. Бұл дұрыс емес.

Ұмытшақтықтан арылудың бір әдісі – салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану. Мамандардың айтуынша, миға салмақ түсіретін интеллектуалды жаттығулармен тиісінше көбірек айналысу қажет. Жадты үнемі жаттықтыру арқылы ми қызметі мен есте сақтау қабілетін арттыруға болады. Осылар ми қан айналымын жақсартуға көмектеседі. Ұйықтамас бұрын күнді қалай өткізгеніміз жайлы, болған оқиғалар, кездескен адамдардан тартып ұсақ-түйегіне дейін саралап шығу керек. Уақыт өте келе осындай жаттығудың керемет нәтижесін берері айдан анық.

Аурудан айығудың әрі алдын алудың тағы бір көрінісі – кітап, газет-журнал оқу. Абай, Шәкәрім, Мағжан, Ілияс, Сәкен, Тұманбай, Мұқағали сынды қазақтың бағына туған ақындардың өлеңін жаттап өскен баланың жады да жақсы болмақ. Жазушының шығармасындағы шытырман оқиғалар, сюжет кейіпкерлері, барлығы дерлік адам санасына әсер етпей қоймайды. Шығарманың киносын көргеннен кітабын оқу әлдеқайда пайдалы. Тек оқумен шектелмей қалам алып, қағазға жазуды әдетке айналдырған дұрыс. Мысалы, күнделік жазу осындайда көмекке келеді. Адам жазбаса, қол мен ми жұмыс жасамаса, «моторика» дұрыс іске аспайды. Күндік жоспар мен қарапайым ғана дүкеннен алатын азық-түліктің тізімін де қолмен жазған жөн.

Кейбір адамдар туабітті таңқаларлық есте сақтау қабілетіне ие. Мысалы, Моцарт бір естіген музыкасын іштей қайталап, нотасын қағазға түсіретін болған. Америкалық шахматшы Пол Морфи бір мезетте 8 шахмат тақтасында ойнап, жұртты таңдандырған. Ал, Наполеон болса қоластындағы әр сарбаздың есімін білген.

Мысалды алыстан іздемей-ақ өзіміздің білікті де білімді басшы Дінмұхамед Қонаевтың өмірін үлгі етуге әбден болады. Бір танысқан адамның есімін, мейлі, ол әкім, қарапайым шаруа болсын ұмытпайды екен. Дінмұхамед Ахметұлы оны екінші рет кездестіргенде есімін атап, қолын алғанда айналасындағылар қарапайымдылығымен қатар есте сақтау қабілетінің мықтылығына таң қалған.

Мінекей, есте сақтау, ұмытшақтық, жадты жаттықтыру жайында біраз тақырыптың басын шалдық. Сондықтан, бесіктегі бірге толмаған бөбекті ұялы телефонның әуенімен емес, қазақтың «әлдиі» арқылы уатқан жөн. Бастауыш сынып жасындағы балаларға шетелдің таңсығын емес, өзіміздің «Балапан» арнасын тамашалатқан тиімді. Күндіз-түні атыс-шабыс ойынымен әуестенген ұлдан ертең ұлттың қамын жейтін ұлан шықпайды. Осылардан тыйылсақ ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелеп шығамыз. Болашаққа шабылған балтаны бүгін тыймасақ, ертең кеш болады. Баба жолын келер ұрпаққа аманаттау үшін де бәрімізге мықты жад керек.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Суреттер ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық – ұлт жадының қазынасы

Сандық – ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.