Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

МАМАН ЖОҚ ЕМЕС, БАР…

07.08.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
МАМАН ЖОҚ ЕМЕС, БАР...
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізді елең-алаң күйге түсірген коронавирус пен пневмония инфекцияларының салдары ауыл-аймақты былай қойғанда, бас қалалардың өзінде дәрі-дәрмек тапшылығымен қатар медицина мамандарының жеткіліксіздігін көрсетті. «Бас ауырса жан қорқады» деп бекер айтпаған, бір жұтым ауаға зар қылған емі жоқ аурудан талай асылдарымыздан, жақындарымыздан көз жазып қалуымыз қабырға қайыстырып, кең-байтақ даламызды күңірентіп жіберді. Жадыраған жаз айында қос өкпені қысқан тұмауы ма, басқасы ма, есі кеткен елдің бәрі әлеуметтік желіні шарлап жүрген ақпаратқа жүгініп, өз беттерінше жан далбасалап емделуде. 

Ауру қарқын алғанда «қан қысымын өлшеп, укол салып беретін мейірбике болса ғой» деген арман әр адамның көңіл түкпіріне қонақтағаны рас. Ауруханаларда тынысы тарылған науқастарға медицина мамандарынан өзге еріктілер жұмылдырылып, оттегі концентраторларын көтеріп, жан ұшыра көмектесіп жүргенін де әлеуметтік желілерден жиі көрудеміз. Өмір мен өлім айқасқан күрделі кезеңде қолынан ине салу келетін мейірбикеге жетудің өзі оңайға соқпағанын халық басынан кешті. Ақ халатты абзал жандардың шыбын жанға сеп боларын алпыс екі тамырмен сезіндік. 
Мұндай орта буын мамандарды оқытып, даярлауда Талғар медициналық колледжі игі істер атқарып келеді. Биылғы жылы бұл білім шаңырағын фельдшер, акушер, мейірбике, медицина лаборанты, фармацевт сынды бес мамандық бойынша 208 студент тамамдап, жолдама алған. Осы екі жүзден астам жас маман денсаулық сақтау мекемелеріне түгелдей тартылып, жұмыспен қамтылса «әлгіндей мәселелердің туындауы мүмкін бе?» деген сұрақ туындайды. 
Бұл сұрақты Талғар медициналық колледжінің директоры, Денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымының кандидаты, тәжірибелі хирург Бағжан Әкім-байұлына қойған едік.
– Биылғы жылы 208 студент аталған мамандық бойынша диплом алды. Олар мемлекеттік емтихан тапсырып, сертификатын да қорғап шықты, яғни, бел шешіп, білек сыбанып еңбек етуге даяр, – дейді колледж директоры Бағжан Әкімбайұлы. – Бірақ, колледж басшысы ретінде айтайын, аудандық аурухана мен әкімшілік тарапынан бірде-бір жас маманға сұраныс жоқ. Төтенше жағдай енгізілген наурыз айында студенттерді аудандық ауруханаға практикадан өтуге жібердік. Есігін ашпады. Бірде-бірі өте алмады. Осыдан соң жас маманның қалай тәжірибесі толысып, шыңдалады? Жуырда бітіріп кеткен жастардың да жұмыспен қамтылуы екіталай. Ал осындай ел басына күн туған қиын шақта 200 маманның кем дегенде жартысын осы ауданның ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияларға кезекшілікке, көмекшілікке қойса ауыл тұрғындарына көп көмегі тиетін еді. Ауруханаға жете алмаған немесе үйден ем қабылдайтын науқастардың қан қысымын, сатурациясын, дене қызуын өлшеп берсе де көмек емес пе? Система қоя алмаса да жамбасқа укол салу қолынан келеді ғой, – деген Бағжан Әкімбайұлының күйіне айтқан әр сөзінің жаны барын бүгінгі уақыт дәлелдей түсуде. 
Бұған қоса, колледждегі 30-ға жуық ұстаздық ететін дәрігерлердің де халыққа қол ұшын беруге әр кез даяр екенін әңгіме арқауы еткен Бағжан Құдабаевтың қалта телефонына да тыным жоғын байқадық. Ауруға душар болған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң да білікті дәрігердің бірауыз кеңесіне жүгініп, ем-шараларын жүргізеді екен. Мұның өзі де байқала бермейтін халыққа қамқорлықтың бір парасы екендігі айдан анық.   
Аты жаман індеттің асқынуы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы олқылықтарды әшкереледі. Әлгіндей кесек дипломын алған жастардың да жұмысқа орналаса алмайтындықтары «бүйректен сирақ шығаратын» кертартпа кезеңнің кесірі болса керек.
– Қазір Талғар ауданындағы науқастар Панфилов ауылдық және аудандық ауруханаларда емделуде. Науқастарды емдеуде орын тапшылығы бары, жасанды жолмен тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігі жиі айтылады. Менің ойымша зәулім сарайлар салып, тойдан табыс тапқан меценаттар осы уақытта халыққа қамқор болуы керек. Олардың дені осы ауданның аумағына орналасқандығын да халық бес саусақтай біледі. Осындай қысылтаяң шақта қол ұшын беріп, қамқорлық танытып жатқан жан ілуде біреу. Бұл «басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ» дегенді білдірсе керек. Қалталы кәсіпкерлердің ең болмағанда оттегі баллондары мен тыныс алу аппараттарын алып беріп, ел ішінде жүретін кездері ғой, – деген өкпесін жасырмады.
Ал Құдабаевтар әулеті болса мұндай шақта қарап қалмай, шалғайдағы Райымбек ауданының ауруханасына 2 тыныс алу аппаратын жеткізіп берген екен. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да қайырымды жандардың жылуын аудан жұртшылығы сезіне бастағанын сүйіншілей жеткізуде.
Аурудың өршуіне «өлімнен ұят күшті» дейтін халықтық менталитеттің зардабы тиіп отырғанын ашып айтқан Бағжан Құдабаев ауыр індеттен аман алып шығар жол «өзін-өзі оқшаулау» ғана екендігін тағы да шегелей түсті. 

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық – ұлт жадының қазынасы

Сандық – ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.