Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылдық округінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жаяу жүргіншілер жолы қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстарын «Хан Тенгри Құрылыс» ЖШС жүргізді. Жұмыстарының қарқынымен қала әкімі Бақтияр Өнербаев танысып қайтты.
Жергілікті бюджет тарапынан бөлінген қаражат есебінен су қоймасы қайта жөндеуден өтіп, Рудничный ауылдық округіне жаңа су қоймасы салынды. Еске сала кетсек, ауылдық округтегі бұрынғы су қоймасы осыдан 70 жыл бұрын қолданысқа берілген. Сол себептен де су қоймасы жаңадан жаңартылып, қайта іске қосылды. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстарын «Шымыр» ЖШС жүргізген.
Биылғы жылы Рудничный ауылдық округінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2 жоба қолға алынды. Соның бірі – Рудничный ауылдық округіндегі балалар футбол алаңының құрылысы. Аталмыш нысан осы айда қолданысқа берілуі қажет болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты келісімшарт мерзімі ұзарды.
Нысан құрылысына жауапты «Элит Строй» ЖШС мердігер компаниясының өкілдеріне Бақтияр Әлтайұлы бірқатар ескертпелер жасады.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





