Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АТҚАРЫЛАР ІС АУҚЫМДЫ

1 тамыз 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына облыстан 9 үміткер ұсынылды. Олардың қатарындағы Сұлтан Дүйсембінов Қарасай, Ұйғыр, ал Әсет Қыдырманов Ескелді ауданының мәслихат өкілдерімен, жеке шаруа қожалықтарының басшыларымен, кәсіпкерлермен, мұғалімдермен онлайн режимде бейнеконференция өткізді. 


Жиында сөз алған үміткерлер аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық бағытында орасан зор жұмыс атқарылып жатқандығына назар аударды. Сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылатын бірқатар мәселені тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, тұрғын үй кезегінде тұрған адам санының жыл сайын өсуі. Қазіргі таңда 50 мың 664 адам баспана алу кезегінде тұр. Ал үшауысымды мектеп санының артуы білім саласындағы кезек күттірмей шешілуі тиіс мәселенің бірі. Бүгінде облыста үшауысымды 38 мектеп бар. 

Облыс бойынша 241 денсаулық сақтау нысаны, 70 пайыз ирригациялық жүйелер тозған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйелері 50, электрмен жабдықтау жүйелері 58, жылумен қамту жүйелері 49, сумен қамту жүйелері 50 және су жүйелері 70 пайызға тозған. Үміткерлер «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сәйкес ҚР Парламенті Сенатына депутат болып сайланған жағдайда жоғарыда аталған мәселелердің шешімін табу үшін күш салатындықтарын мәлімдеді.

Өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатымен алдағы 5 жылда 134 мың жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Ол үшін Ақсу,  Жамбыл, Еңбекші, Іле, Панфилов, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында 35 серпінді жоба жүзеге асырылады. 

– Туризм – облыстың ең серпінді дамып келе жатқан саласы. Облыс бойынша жыл сайынғы туризм әлеуетін орташа есеппен 2,5 миллион адамға жеткізу көзделіп отыр. Осы мақстатқа қол жеткізу үшін Алматы тау кластері шеңберінде Түрген шатқалында «Долина-3» тау шаңғысы курортын, «Апорт Ақ Тас» көпсалалы тау шаңғысы кешені жобаларын іске асыру жоспарланған.  Алакөл және Балқаш көлдері мен Қапшағай су қоймасының жағалауларын абаттандыру арқылы  құмды жағажай мен емдеу-сауықтыру туризмін дамыту, Панфилов және Ұйғыр аудандарындағы жерасты термалды суы негізінде істеп тұрған объектілерді дамыту және жаңа объектілерді ашу, туризм саласына қажетті мамандарды әзірлеу арқылы  туристік қызметтің сапасын арттыратын боламыз. Әрине, ең алдымен, адамдардың туристік аймақтарға жетуін жеңілдету үшін жол жөндеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілетін болады, – деді Сұлтан Мырзабекұлы.  
Облыс аумағында кәсіпкерлерді қолдауға баса көңіл бөлінген. Соңғы 5 жылда облыстағы кәсіпкерлер саны артып, рейтинг бойынша Жетісу аймағы кәсіпкерліктің дамуына ең қолайлы жағдай жасаған 3 өңірдің қатарына енген. 

– Өңір кәсіпкерлеріне “Бизнестің жол картасы – 2025” бағдарламасы аясында кемінде 115 жобаға субсидия беріліп, “Еңбек” бағдарламасы шеңберінде 80 грант пен 1200 мемлекеттік грант және шағын несие бөлінеді. Бұл үлкен мүмкіндік. Ал облыстың 732 ауылында жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және қауіпсіз экологиялық жағдайды сақтау бойынша жұмыс жоспары құрылды. Бүгінде орталықтандырылған ауызсумен қала тұрғындарының 97 пайызы, ауыл тұрғындарының 90,7 пайызы  қамтылған. «Nur Otan»  партиясының жоспарына сәйкес 2025 жылға дейін бұл мәселе толық көлемде шешіліп, 1,5 миллион тұрғыны бар 679 елді мекен сапалы ауызсумен қамтылатын болады, – деді Әсет Серікқалиұлы.   

Басқосуда өңірдің 144 елді мекені газдандырылып, газдандыру деңгейі 30 пайызға жеткендігі айтылды. Алдағы уақытта «Шелек – Кеген», «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын салу жоспарланып отыр. Осының нәтижесінде қала тұрғындары газбен 98 пайызға қамтылмақ.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 47 медицина объектісін салу, 3 мың 940  медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру, 122 жоғары медицина оқу орнының түлектерін зәру мамандықтар бойынша оқыту мәселелері қозғалды. 

Сапалы білімге қолжетімділік облыстың одан әрі дамуының негізгі екенін алға тартқан үміткерлер  39 жаңа мектеп салу, 92 білім объектісін күрделі жөндеу, барлық мектептің 50,5 пайызын  химия, биология, физика тақырыптық және IT кабинеттерін қажетті құрал-жабдықпен жабдықтау жұмыстарының іске асырылатындығын айтты. 

Жиында мәдениет саласы, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жастарға қолдау білдіру бағыттары бойынша атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Әр сала бойынша өзекті мәслелерді шешу үшін нақты қадамдар ұсынылды. Үміткерлер алдағы уақытта халық пен билік арасында екі жаққа да тиімді диалогтың жүргізілуіне аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

Е. САҒЫНДЫҚОВА

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.