Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

ГАДЖЕТКЕ ӘУЕС БАЛАДАН РОБОТ ТЕХНИГІ ШЫҒА МА?

30.07.2020
ТҮПСАНА
ГАДЖЕТКЕ ӘУЕС БАЛАДАН РОБОТ ТЕХНИГІ ШЫҒА МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Қазір баланың қарапайым ойыншықпен ойнап отырғанын көру – сирек жағдай. Гаджетке жақын баланы робот техникасына қалай қызықтыруға болады? Бұл ретте ата-ана  балаға  қандай жағдай жасауы қажет? Бұл сұрақтарға Robo Wunderkind жобасының авторы Рүстем Ақышбеков жауап берді.

– Robo Wunderkind стартабын қолға алуға не түрткі болды?
– 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінен Вена техника университетіне ауыстым. Кішкентай кезімнен гаджет пен робот құрастыруды армандап, осы салаға қызықтым. Оған қоса электроникамен, микроконтролермен, сенсормен жұмыс істеуді үйреніп жүрдім. 
Оқу жүйесінде әдетте робот техникасы теория ретінде түсіндіріледі де бала робот жасауға онша қызыға бермейді. Осы мәселені ескеріп, кез келген жастағы балаға бағдарламалауды үйрететін, сонымен қатар робот құрастыратын стартапты қолға алдым. Бұл ұсынысымды достарым да қолдап, маған серіктес болды. 

Мен бүгінде робот техникасына қатысты қалыптасқан көзқарасты өзгерткім келеді. Себебі, оны тек қаладағы емес, ауылдағы мектеп оқушылары да меңгере алады. Тіпті, мектепке дейінгі даярлық класы мен балабақшаның естиярлар тобындағы баланың да роботты сатып алып, арнайы нұсқаулық бойынша программалап, идеясын іске асыруға мүмкіндігі бар. 
Негізі, бағдарламалау мен робот техникасы – өте қызық сала. Кішкентай бала түгілі, өзімді қызықтырып жүрген нәрсе көп. Жаңа инновация мен технологиялар заманында бұл саланы мектеп жасынан қызығып меңгерсе, кейін үлкен жобаларды жүзеге асырып, еліміздің атын шығаратын жастардың қатары көбейеді.
– Роботты қалай құрастырдыңыз? Жобаны іске асыруға қажет қаржыны қайдан алдыңыз? 
– Бастапқы кезде роботты Arduino платформасында құрастырып жүрдім. Кейін стартап жұмысы алға жылжуы үшін инвестиция қажет болды. 2013 жылы Юрий Левин мен Анна Яроцкая сияқты мамандармен серіктес болып, кәсіпкер Кеңес Рақышевтың “Өз бизнесіңді құрастыр” конкурсында жеңімпаз атандық. 
Егер пайдалы дүниені іске асырғың келсе, ешқандай қиындық жоқ екен. Мен соны түсіндім. 2014 жылы Американың SОSVentures қоры стартапқа инвестор болуға ұсыныс жасап, біз командамызбен Қытайға көштік. Жарты жылдай Қытайда тұрып, өнімімізді балаларға қызықты етіп жаңартып құрастырдық. Кейін Венаға көшіп, бір жылдан соң Австриядағы “Жыл стартабы” жүлдесін иелендік. Қазіргі таңда Arkley VC жобасын инвестициялаумен айналысып жатырмын.
– Бала бұл роботпен қалай жұмыс істейді? 
– Robo Wunderkind – бұл программалау арқылы жұмыс істейтін робот. Әуелі модульдерді жинап, роботты смартфон немесе планшеттегі арнайы қосымша арқылы басқаруға болады. Бізде 9, 15 және 25 деңгейлі модуль бар. Осылайша программалау мен робот техникасын біріктіріп, жобаны баланың ойыншығы ретінде іске асырдық. 
Роботтың үш жинақ түрі бар: Robo Wunderkind Starter Kit, Robo Wunderkind Advanced Kit және Robo Wunderkind Professional Kit. Әр пластик блокта сенсор, мотор, зарядтағыш және қашықтықтан басқарылатын бөлшектер бар. Роботтың компоненттерін сыммен байланыстырып әуре болмайсыз. Құрастырған ойыншық роботты Android немесе iOS платформасындағы RoboPlayApp және Robo Programming App мобайл қосымшамен программалайды. 
Бірінші мобайл қосымшаның функциясында тек роботпен ойнау мүмкіндігі бар. Ал екінші мобайл қосымша балаға программалау тілін үйретеді. Осы мобайл қосымшалар арқылы роботты өзіңіз қалаған күйде программалауға болады. Роботтың жинағында қозғалыс, температура блоктары, камера және микрофон бар.
– Роботыңызды сатып алған ата-аналардың пікірі қандай?
– Бұл робот ата-ана мен баланың қарым-қатынасын нығайтады. Себебі, қазір балалардың қолынан түрлі гаджет түспейді. Олардың не көріп, қандай ойын ойнап отырғанынан ата-аналардың басым бөлігі бейхабар болады. Бәрі өзгеріп жатыр. Қазір баланың гаджеттен басқа қарапайым нәрсемен ойнап отырғанын көру – өте сирек көрініс. Олар, керісінше, жаңа технологияға қызығады. Осы мәселені ескергендіктен баланы электроника мен компьютер тіліне үйрететін роботты құрастырдық. 
Ал роботты сатып алған ата-аналардың пікірі өте жақсы. Үлкен адамдар да бала болды. Іштей бала кезіндегі ойын іске асырғысы келеді. Соған орай роботты ата-ана баласымен бірге программалап, құрастыруына болады. Біздің роботтың базасында бейнебақылау жүйесін іске қосып, “ақылды үй” ғылыми жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылған.
– Сонда ата-ана баласын робот техникасы мен программалауға қалай қызықтыра алады? 
– Өз тәжірибем бойынша айтсам, 5 жасымда менде интернеті бар компьютер болды. Техникаға қызығып, газет-журналдағы ғылыми мақалаларды оқыдым. 
Меніңше, бала вундеркинд болып тумайды. Егер ата-ана баланың қызығатын дүниесіне жағдай жасаса, ол өз арманын іске асыра алады. Мысалы, Моцарт, Бетховен мен Бах талантты болып туды деп ойламаймын. Оларды ата-анасы 4-5 жасынан бастап музыкаға беріп, қолдау көрсетті. Мұндай мысалдар спорт, өнер мен робот техникасы тарихында өте көп. Сондықтан ата-ана баласының ерекше қызығатын саласына мән беріп, оны соған бейімдеуі қажет.
Қазір робот техникасы мен программалауды үйрететін үйірмелер бар. Бейімі болса, баланы солардың біріне беріп, оның арманын бірге іске асыру керек. 
Кішкентай баланың зейіні өте мықты. Ол кез келген ақпаратты тез қабылдайды. Сондықтан баланы компьютер ғылымдары мен робот техникасына қызықтырсақ, кейін олар бұл саланың маңызын терең түсінетін болады. 
Болашақта міндетті түрде ІТ-маман болу міндет емес. Меніңше, бұл саланы кез келген адам білуі қажет және келешекте мамандығының қандай болғанына қарамастан бәрі бағдарламалау мен робот техникасын еркін меңгеретін болады. Мен соған сенемін. 
– Әңгімеңізге көп рақмет! 

Назым Сапарова 

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.