Талдықорған: +19°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАНЫШ АҒАНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

19.07.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Ел басына түскен қиын-қыстау кезеңде қол қусырып қарап отыруды ар санайтын азаматтар шама-шарқынша жан-жағына жақсылық жасап, халыққа шарапатын тигізуде. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп осыдан айтылса керек. Бұл орайда Талғар ауданында да бірқатар қайырымдылық шаралары жүзеге асырылғандығын атау артық етпес. Соның бірі «Nur Otan» партиясының «BizBirgemis» акциясы мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының аясында жүзеге асырылды. Талғар ауданының Құрметті азаматы, «Nur Otan»  партиясының белсенді мүшесі Қаныш Темірбеков осынау қиын кезеңде 60-тан астам мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуына қажетті кеңсе тауарларын сатып алып, қолдарына табыстады.


Бүгінде аталған ауданда шамамен 3 жарым мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұратын болса, олардың 400-ге жуығы 1-топтағы мүгедек көрінеді. 
– Әлемдік індетпен халық болып күресіп жатқан кезеңде қысылған жандарға қайырымдылық қолын созуды азаматтық парызым деп санаймын. Теңізге құйған тамшыдай болса да бұл игілікті іске атсалысқаныма өте қуаныштымын. Бұл қайырымдылық шарасы маған үлкен жауапкершілік жүктейді. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деп қасиетті Құран кәрімде айтылған қанатты сөз мені бұдан да биік белестерге жетелейді, – деп ағынан жарылған қайырымды Қаныш аға бұған дейін де бірталай істердің бел ортасында жүрген жүрегі жомарт жан.

Соңғы жиырма жылдың ішінде  барымен бөлісіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға демеу болып жүрген жаны жайсаң, үлкен жүректі азамат бұл жолы да түрлі түсті бояу кітапшалары, ермексаздар, сызғыш-өшіргіш сияқты ұсақ-түйекке дейін түгенделген сөмкені мүгедек балаларға таратты. 
Осыдан 20 жыл бұрын Талғар оқу-өндірістік кәсіпорнына жұмысқа келген кезінен бастап қайырымды істердің басы-қасынан табылатын Қаныш Темірбеков осы уақыт аралығында қаншама мүгедек жанның білім алуымен қатар еңбек етуіне, жұмыспен қамтылуына, отбасын құруына, сөйтіп, аяғынан нық тұруына жәрдем жасады. Мұны ол өзіне жүктелген азаматтық парыз санайды. 

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде мүгедектерге арналған оқу-өндірістік кәсіп- орнының бір кірпішін де бұзғызбай сақтап қалуда белсенділік танытқан Қаныш аға 2017 жылға дейін аталған кәсіпорын-ға басшылық жасапты. Осы күні «Шапағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жетекшілік ететін атымтай жомарт азамат өз қаражатына Талғар қаласынан мүгедек жандарға арналған заманауи оқу-өндіріс орнын салуды қолға алды.
Қоғамдық істерге аянбай атсалысып жүретін қоғам белсендісі 2012 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Талғар ауданының Құрметті азаматы» атанса, одан кейін Даңқ орденін жарқырата тағып, мерейі тасыды. Бұл күнде аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде де түйткілді мәселелердің түйінін тарқатуға өзінің қажыр-қайратын, іс-тәжірибесін жұмылдырып келеді.

Тағдырдың жазуымен ауыртпалық арқалап жүрген мүгедек жандардың жанашырына айналған Қаныш Темірбеков 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында тарихи іс тындырды. Нақтырақ айтатын болсақ, ол Ресей мемлекетінің Невель қаласы, Турки-перевоз стансысында қан майданда ерлікпен қаза тапқан 20 боздаққа ескерткіш қою рәсімін ұйымдастыруға атсалысты.

– Бұл боздақтардың арасында біздің әулеттің тұңғыш ұлы, 17 жасында өзі сұранып майданға аттанған минометшілер ротасының командирі, аға сержант Асанғазы Темірбеков бауырымыз бар екен. Бұл боздақтар 1943 жылдың 15 қарашасы күні Невель қаласын азат еткеннен кейін жауынгерлік орден-медальдармен марапатталып, әртүрлі жарақаттарына байланысты дала госпиталіне жіберілген. Содан көпке дейін хабарсыз кетіп, соншама жылдар бойы іздеуде болған. Далалық госпитальға жетпей тағы бір шайқасқа кіріп, ерлікпен қаза тапқан боздақтардың кімдер екендігі туралы деректер тек Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында ғана анықталып, ерлікпен қаза тапқан бауырымызбен қайта қауышқандай күй кештік, – деген Қаныш аға боздақтардың басына еңселі ескеркіш қоюды өз міндетіне алған екен. Сөйтіп, облыс орталығы Псков қаласында қара мрамордан жасалған ескерткішке бірге жерленген боздақтардың аты-жөндері мен туған жылдары, әскери атақтары мен қаза тапқан уақыты қашалып жазылады. Нәтижесінде 9 мамыр – Жеңіс күнінде Невель аудандық әкімшілігі мен жұртшылығының, әскерилердің қатысуымен еңселі ескерткіш салтанатты түрде ашылып, 20 дүркін салют беріледі. Осы ерен еңбегі үшін Қаныш Темірбеков Ресей мемлекетінің ұсынысымен, Халықаралық ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Кеден одағы мемлекеттерінің Құрметті азаматы» атанады.

Міне, ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, мүгедектерге жанашырлық жасаудан бір тынбайтын Қаныш ағаның алдағы жоспарлары да ауқымды. Өзіне жүктелетін жауапкершілік жүгі де жылдан-жылға артпаса, кеміген емес. 

Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Қауіп сақтықта сейіледі

Қауіп сақтықта сейіледі

11.07.2026
Қыз арына кір келтірген

Қыз арына кір келтірген

11.07.2026
«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

«Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы

11.07.2026
Қара жолдың қамқоршысы

Қара жолдың қамқоршысы

11.07.2026
Мәртебелі мамандар марапатталды

Мәртебелі мамандар марапатталды

11.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.