Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ: САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ ӨРЕСКЕЛ БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРГЕН»

19 шілде 2020
КҮЛТӨБЕ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ: САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ ӨРЕСКЕЛ БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРГЕН»
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов фейсбук парақшасында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жұмыстары босаңсып қалғанын жазды.

— Соңғы кезде бірқатар аудан, қала әкімдері коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жұмыстарын босаңсытып алды. Әрине, оған кейбір облыстық бақылаушы құрылымдар басшыларының сырқаттануы сияқты объективті себептермен қатар басқа да факторлар әсер еткені белгілі. Сонымен қатар белгісіз себептермен оперативті штабтың жұмысы тоқтап қалған, бірақ ең бастысы — инфекциялық және провизорлық бөлімдердің жұмыс алгоритмі бұзылған. Жекелеген жағдайларда коронавируспен ауырған азаматтармен байланыста болған, «қызыл аймақта» саналатын медицина мамандары қоғамдық көлікпен қатынап, отбасы ортасына оралып жүрген, — деген облыс басшысы  мұндай жағдайлар Талдықорған, Текелі қалалары мен кейбір аудандарда орын алғанын айтты. — Бұл ең алдымен жергілікті жерлердегі әкімдердің, денсаулық сақтау басқармасы басшылығының олқылығы, медицина мекемелері бас дәрігерлерінің санитарлық нормаларды өрескел бұзуға жол бергенінің салдары.

Амандық Ғаббасұлы осындай кемшіліктер қауіпті індеттің жылдам тарауына себеп болғанын жазды.

— Осының барлығы және басқа да факторлар, әсіресе, Талдықорған мен Текелі қалаларында індеттің жылдам артуына себеп болды, бұл қалаларда коронавирустың өсімі сəйкесінше 11-12% құрап отыр. Сондықтан барлық аудан, қала әкімдеріне халық арасында вирустың одан әрі таралуына жол бермеудің тиісті шараларын қабылдауды, облыс тұрғындарына тиісті деңгейде ем жасауды ұйымдастыру, стационарларды қажетті төсек санымен, медикаменттермен, барлық қажетті құрал-жабдықтармен, соның ішінде ӨЖЖ аппараттарымен қамту тапсырылды. Қысқа мерзім ішінде халық үшін ПЦР талдау жасайтын тағы бірнеше қосымша зертханалар ашу жүктелді. Осы жұмыстардың барлығын тез арада бастауды, оның нәтижелері туралы жедел штабты күнделікті хабардар етіп отыруды тапсырдым. Мұндай шараларды қабылдауға қажетті барлық мәселелер шешілген, облыстық бюджет қайта қаралып, барлық қажетсіз бағдарламалар қысқартылып, мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсетуге және медицина мамандарын қолдауға қажетті көлемде қаржы бөлінді. Жалпы коронавируспен күрес шараларының өзіне ғана жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді, — деді аймақ басшысы.

Сөз соңында облыс әкімі: «Осы ретте қазіргі ауыр кезеңде сырқаттарға, медицина мамандарына қайтарымсыз, шын пейілмен азық-түлік, дəрі-дəрмек, құрал-жабдық жəне басқа да қажеттіліктер əкеліп беріп, қолдау көрсеткен барша жандарға шын жүректен алғысымды айтамын. Рахмет сіздерге!
Құрметті жерлестер, карантин талаптарын қатаң сақтап, өз денсаулықтарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына жауапты қараңыздар. Қазіргі кезде көп нәрсе өзіміздің саналы əрекетімізге байланысты. Өздеріңізге, жақындарыңызға жанашыр болыңыздар!», — деді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.