Талдықорған: +2°C
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ӨТЕ ҰЯТ: «ОРЫСТЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТЕ АЛМАҒАН СОҢ НЕ СОРЫМ?»

15.07.2020
ҰЛТ ҰЯТЫ
ӨТЕ ҰЯТ: "ОРЫСТЫ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТЕ АЛМАҒАН СОҢ НЕ СОРЫМ?"
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда «Ана тілі» газетіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланды. Онда айтылған ел Президентінің мемлекеттік тілге қатысты ой-пікірлері ешкімді бейжай қалдырмады. Әсіресе, мына бір сөздері маған ерекше әсер етті. «…Біздің мемлекеттік тілдің жағдайын қайта-қайта көтеріп, оның мүшкіл халі туралы айта бергенімізге өзге елдер, әсіресе, Орталық Азиядағы мемлекеттер түсінбей, таңданыспен қарайды», – дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Шынымен-ақ, басқаны қоя тұрып, көрші елдерге дұрыстап назар салайықшы. Тіліміз жұтылып барады деп дабыл қағып жатқан ешкімді кездестірмейсіз. Өйткені, ондағы жұрт өз тілінде сөйлейді. Бар болғаны осы ғана. Ал біз әлі күнге дейін өз тілімізді өгейсітіп, өзге тілде шүлдірлеуден танбаймыз.

Осындайда әкемнің айтқан бір әңгімесі еске түседі. Студент кезінде курстас досымен Өзбекстанға сапарлапты. Көшеде самса сатып тұрған өзбек әйелге орысшалап қанша тұрады деп сұраған ғой. Сатушы әйел оларға үн қатпапты. Тағы да сұраған. Жауап жоқ. Үшінші рет сұрағанда барып әлгі өзбек әйел: «Немене, тілің жоқ па? Әлде тіліңді жұтып қойдың ба?» деп қойып қалған. Ұяттан екі бетіміз ду етті дейді әкем сол шақтарды еске түсіргенде. Бұл оқиға сонау 70-ші жылдары болған. Осыдан-ақ көп нәрсені көңілге түюге болады.

Жарайды, ол кезде бодан ел болдық. Өз еркіміз өзімізде емес. Алматы «қазақтың астанасы, орыстың баспанасы» болған шақ. Оқырман қауым да дәл осылай ойлайтыны анық. Ал қазір ше? Егеменді ел болғанымызға отыз жылға жуықтады. Осынау кезеңде жүздеген қазақ мектебі бой көтерді. Әлі де салынып жатыр. Тәуелсіздіктің құрдастары орда бұзар жасқа келді. Бірақ әлі тіліміз мүшкіл деуден арыла алмай отырмыз. Өте ұят!

Күні кеше бір досымнан мынандай қызық оқиғаны естідім. «Біз істейтін мекемеде жалғыз орыс ағай бар. Өзі өте жақсы адам. Бәріміз оны құрмет тұтамыз. Бірде әлгі кісіге: «Осы сіз неге қазақша сөйлемейсіз?» дегенім бар емес пе. Володя ағай бетіме бажырая қарап: «Өздерің маған қазақша сөйлемесеңдер, мен қалай сөйлеймін», – деп кекесінді үнмен жауап қатты. Не дерімді білмей абдырап қалдым. Бар кінә өзімізде екен ғой. Жүз қазақ отырып, бір орысты қазақша сөйлете алмаған соң не сорым», – деп налығаны бар.

Иә, ол шындық. Осы «ынжық» мінезімізбен ана тілімізді өркендете алмай отырғанымыз жасырын емес. Әрине, журналист болған соң түрлі шараларға қатысуға тура келеді. Сондай жиындарда залда бірді-екілі өзге ұлттың өкілі отырады. Қалғанының бәрі түгелдей өз қандастарымыз. Ал жиналыс сол бір-екеуге бола басқа тілде өтіп жатады. Кеңес өкіметі кездегіден  айырма жоқ. Қарап отырып қайран қаласың. Көшедегі халыққа қызмет көрсететін орындарға бара қалсаңыз да осы көрініске тап боласыз. Өзге ұлттың өкілін ортаға алып, оған өгей тілде сөйлеп жатқанымызға еш қымсынбаймыз. Сонда деймін-ау, тіл өркендемей жатыр деп біз кімді кінәламақпыз?

Болат Мәжит

Қатысты жаңалықтар

Пікір алмасты

Пікір алмасты

05.02.2026
Мал азығы жеткілікті

Мал азығы жеткілікті

05.02.2026
Талдықорғанда 21 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесіне үкім шықты

Талдықорғанда 21 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесіне үкім шықты

05.02.2026
Ақсу қант зауытының өкілдерімен және аудан шаруа қожалықтарымен жиын өтті

Ақсу қант зауытының өкілдерімен және аудан шаруа қожалықтарымен жиын өтті

05.02.2026
Су үнемдеу технологиялары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Су үнемдеу технологиялары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.