Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕҢ АЛҒАШҚЫ ДОКТОР, ПРОФЕССОР: КЕҢЕСБАЙ ҮШБАЕВ 80 ЖАСТА

08.07.2020
ЖАНСАРАЙ
ЕҢ АЛҒАШҚЫ ДОКТОР, ПРОФЕССОР: КЕҢЕСБАЙ ҮШБАЕВ 80 ЖАСТА
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздегі фармацевтика ғылымдарының ең алғашқы докторы, профессор, ұстаз, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, профилактикалық Медицина академиясының академигі Кеңесбай Үшбаевтың есімі көпшілікке жақсы таныс. Кеңекең жөнінде мерзімді басылымдарда көптеген мақалалар жарыққа шықты. Сондағы ағамыздың жүріп өткен өмір белестеріне зер салсақ, тәлім мен тағылымға тұнып тұрғандығын байқау қиын емес. Мақтауға емес, мақтануға тұрарлық өнегелі өмір жолы дерсің.

Ағамыз мен білген ширек ғасырдан астам уақыттан бері өзінің өмірлік принциптерінен еш уақытта айныған емес. Олар қарапайым ғана, бірақ, көп адам ұстана алмайтын ұстанымдар. Себебі, әркім биік мансап, бақ-дәулетті, айналасы көрсететін қошемет-құрметті көтере алмай қалады. Ал, менің досым осының бәрін көрді, көріп те келеді. Бірақ, айнымайды. Өйткені, ағамыздың өмірінде айнымай ұстансам деген өз жолы бар.
Тоқтықта да, аштықта да, лауазымның биігінде де, зейнетке шыққаннан кейін де адамдық, азаматтық келбетін жоғалтпаған, қанмен берілген жақсы қасиеттерінен айнымаған бірден-бір жан осы Кеңесбай Үшбайұлы десем, артық айтқаным емес. Сол баяғы мен алғаш көргендегі Кеңекең. Мұны бір мен ғана айтпаймын, ол кісімен аралас-құралас, сыйлас болып жүрген талай адамдар растайды және айтып та жүр. 
Кеңекең текті атаның ұрпағы. Бұл туралы бұдан бұрынырақта шыққан мақаламда жан-жақты жазғаным бар. Содан аз-кем үзінді келтіре кетейін. «Алғаш көргеннен-ақ ол кісінің тұлға-тұрпатынан, жүріс-тұрысынан, тіпті сөйлеген сөзінен тегін адам емес екенін сездім. Түйсігім алдамапты. Кейіннен Кеңекеңнің текті атаның ұрпағы екенін білдім. Арғы бабасы Ер Әжібай жоңғарлармен шайқаста ерлігімен көзге түскен. Ал, бейбіт өмірде бабамыз ел қамын жеген, болашақ ұрпақты ойлаған шаруақор кісі болған.
…Ер Әжібай қазақтың ірі тайпаларының бірі Албаннан тарайтын Қызылбөрік руының ұраны болып табылады. Міне, біз әңгіме етіп отырған Кеңекең – жаугершілік заманда халқына қорған, бір рулы елге ұран болған сол Ер Әжібайдың тікелей алтыншы ұрпағы. Тарқатып айтсақ, Әжібай – Бердіқожа – Сығай – Тұрысбек – Ноғайбай – Үшбай – Кеңесбай» деп жазыппыз «Өнегелі өмір жолы…» және «Қазақ фармацевтикасының ҚАРА НАРЫ» атты мақалаларымызда. 
Ата-баба қанымен талай қасиет келетінін халқымыз жақсы біледі. Кеңекеңнің де бойына сол аруақты бабасының қайтпас қайсарлығы, батырлығы, әділдігі, еңбекқорлығы, елім, жерім деген отансүйгіш сезімі дарыған деп нық сеніммен айтуға болады. 
Кеңекең осынау ғибратты ғұмырындағы ұстаздарын, әріптестерін, қарамағында істеген қызметтестерін, сыйлас болған өзге де кісілерді ыстық ықыласпен еске алып отырады. Өйткені, олардың ғалым ағамыздың өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, өзінің ұстазы, екі рет еліміздің Денсаулық сақтау министрі, медицина институтының ректоры болған  Сибағатолла Қарынбаевты қашанда өте бір зор қошеметпен еске алады. «Бүгінгідей биікке жеткенім үшін қазақтың осы біртуар азаматына, асыл ұстазыма қарыздармын», – деп отырады. 
Кеңесбай Үшбайұлы нендей қызмет атқармасын, қандай биіктен көрінбесін, алдымен ол өз кәсібінің білгір маманы, мықты басшы ретінде таныла білді. Уақытында екінің бірі бара бермейтін фармацевтика саласының тұңғыш докторы атанды. Көптеген қызмет атқарды. Ұстаздық етіп, талай шәкірт тәрбиеледі. Қай орта, ұжымда да сыйлы, абыройлы болды. 
Еліміз тәуелсіздігін алған соң нарықтық қатынастар жағдайына да бейімделе біліп, жаңашыл менеджер екенін көрсетті. Ал, күрескерлігі жөніндегі әңгіме тіптен бөлек. Бұл енді арғы бабасы Ер Әжібайдан келген қасиет. Әсіресе, XII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің депутаты болған кезде осынау биік мінберден елдің жоғын жоқтап, мұңын айта білді. 
Бұл XII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ететін аса маңызды заңдарды қабылдады. Мәселен, «Қазақ КСР Президенті қызметін белгілеу туралы» Заңды қабылдап, Қазақстанда президенттік басқаруды енгізді. «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияны, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабылдады. Міне, сол кезде еліміздің келешегіне қатысты осындай небір тағдыршешті шешімдерді қабылдаудың бел ортасында халық қалаулысы ретінде Кеңесбай Үшбай- ұлы жүрді.
Бастысы, жасынан жан тазалығымен ерекшеленіп, адалдықпен көзін ашқан ол ешкімнің ала жібін аттамады. Бұл кезектi бiр қыздырма қызыл сөз емес. Біз Кеңекеңмен аралас-құралас болғандықтан оның бойынан байқағанымызды ғана айтып отырмыз. Дегенмен, осыған қарап қадірменді ағамыздың өмір жолы ылғи жеңістен тұрды десек, қателесер едік. Аяқтан шалатын Батыраштар мен Қотыраштар қай кезде де табылады ғой… Бірақ, оған мойынсұнатын Ер Әжібайдың алтыншы ұрпағы ма?.. Жоқ, әрине! Күрескерлік қасиет қанында бар Кеңекең берілмеді. Қашанда өз биігінде қала білді. 
Адамның адам болып қалыптасуына, өсіп-өнуіне оның ортасының, аралас-құралас адамдары мен сыйласқан кісілерінің көп әсер ететіні рас. Кеңекеңнің досы көп. Талай мықтымен араласып, сыйласты. Бұл бір есепке құрылған емес, сыйластыққа, қимастыққа негізделген достық. Ал, «Досы көпті жау алмайды» деуші ме еді?
Осындай сыйлас, дос болған кісілердің арасында аты аңызға айналған Мәжікен Бутин, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Бәйкен Әшімов, Асанбай Асқаров, Өзбекәлі Жәнібеков, Ұзақбай Қараманов, Кеңес Аухадиев, қазақтың заңғар заңгері Салық Зиманов, ғұлама ғалым Өмірзақ Сұлтанғазин, атақты тарихшы Манаш Қозыбаев, халқымыздың классик жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын Тұманбай Молдағалиев, жазушы Қоғабай Сәрсекеев, Төрегелді Шарманов, Камал Ормантаев, Кенжеғали Сағадиев, Жаңалық Әбдірахманов, Сәбит Бабаев, кезінде еліміздің Денсаулық сақтау министрі болған Василий Девятко, бұдан басқа да аттары аталмаған қаншама кісілер бар. Бұлардың көзі тірілерімен сыйластығы әлі де үзілмей келеді.
Кеңекеңнің достыққа адалдығы жөнінде жарыса айтатындар көп. Осы орайда Кеңекеңнің өзімен аттас тетелес ағасы әрі досы, мемлекет және қоғам қайраткері Кеңес Аухадиевтің: «1985 жылы мен облыстық басқару қызметінен кетіп, 1987 жылы, әйгілі Желтоқсан оқиғасынан кейін қасақана ұйымдастырылған қадағалауға түстім, заң орындары біраз мазалады. Сол кезде облыстық, республикалық прокуратураға шақырылғанымда Кеңес (Үшбаевты айтып отыр – авт.): «Сенімен бірге барайын, қамаса, сенімен бірге қамасын» дейтін ылғи», – дегені бар. Қандай керемет?! Адам қызығарлық, тіпті қызғанарлық достық. 
Алатау  баурайындағы табиғаты тамаша шағын ғана ауыл Асы-Сағада дүниеге келген бала Кеңесбай бүгінде дана Кеңесбайға айналған. Арман қуып, Алматы мемлекеттік медицина институтының фармацевтика факультетіне оқуға түседі. Кейіннен алыс Украинадағы Львов қаласындағы мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын тамамдайды. Еңбек жолын өзі алғаш білім алған Алматы мемлекеттік медицина институтынан бастаған Кеңесбай Үшбайұлы талай асуларды алып, белестерді бағындырады. Марапат-мадақтамадан да кенде болмайды. Қалтарысы мен бұлтарысы көп мына өмірде еш уақытта ешбір қиындыққа мойымады.
Ағамыз Кеңесбай Үшбайұлы жөнінде ұзақ әрі жан-жақты айта беруге болады. Жақсы адамдар туралы әңгіме таусылған ба? Таусылмайды да!
Әңгімеміздің басында Кеңекең туралы мақалалардың мерзімді басылымдарда жиі жарық көретінін тілге тиек етіп кеткеніміз бар. Енді, міне, ардақты ағамыз осы шілде айында сексеннің сеңгіріне шығып отырғанда ол кісі турасында жарыса жазатындардың тіпті көбейетініне сенімдімін. Дұрыс-ақ! Кеңекең секілді кісілер туралы қанша жазылып, айтылса да артықтық етпейді. Өйткені, тектінің ұрпағының, асыл адамның, ғалымның, ұлағатты ұстаздың өмір жолы көпке, әсіресе жастарға үлгі- өнеге. Ал, оны халыққа жеткізу – бізге парыз. 

Иcламбек ОМАРОВ, 
«Алматы қаласы мәдениет, спорт және ақпарат мекемелері
қызметкерлерінің Жергілікті «Руханият» кәсіподағы» қоғамдық 
бірлестігінің төрағасы

 

Қатысты жаңалықтар

1 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Жетісуда күн райы құбылады

10.02.2026
Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

Марат Шибұтов: Жаңа Ата Заң жобасы референдумға шығаруға толық дайын

10.02.2026
Жаңа Конституцияда ардагерлер мен зейнеткерлердің құқығы қалай қорғалады?

Жаңа Конституцияда ардагерлер мен зейнеткерлердің құқығы қалай қорғалады?

10.02.2026
Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды

Сенат Төрағасы жаңа Конституция туралы: Мемлекет басшысының реформалары аясында топтасу аса маңызды

10.02.2026
«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

«Мемлекет ішіндегі мемлекет» – фейк: Мұрат Әбенов Конституциядағы даулы сауалдарға нүкте қойды

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.