Талдықорған: +3°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«ЕЛБАСЫМЕН ҚАЗАҚ ҮЙДЕ ТАНЫСТЫМ»: ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ ЖАНАШЫРЫ

04.07.2020
ЖАНСАРАЙ
"ЕЛБАСЫМЕН ҚАЗАҚ ҮЙДЕ ТАНЫСТЫМ": ҚАЗАҚ ӘНІНІҢ ЖАНАШЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

1994 жылы мамыр айы болатын. Үшқоңырдың басына киіз үй тігіліп, оған Елбасы келетінін естідік. Онда қазіргідей аста-төк заман емес. Мен ауылда болатынмын. Жетісудің әндерін, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен шығармаларын орындайтын адам іздесе керек, мектепті жаңа бітірген мені арнайы көлікпен апарды. Көктемнің күні салқындау. Биікке тігілген киіз үйде Елбасымен бірге біраз қонақ болды. Нұрсұлтан Әбішұлын сонда алғаш рет жүзбе-жүз көріп, таныстым.

Кірген бетте дастарқанға отырғызып, жөн сұрады. Қайдан келгенімді, неше жаста екенімді түгел сұрап, білді.
– Сен өзің кішкентай баласың ғой, ән айта аласың ба? – деп қалжыңдады. Сосын Кенен атамыздың «Көкшолағын», Жамбыл атамыздың «Ақындарға арнауын» орындадым. Соның бәрі әлі күнге көз алдымда. Ән айтқаныма разы болған Елбасы: «Ой, бәрекелді, сен өзі бойың кішкентай болса да даусың зор екен. Домбыраңды тастама!» – деп жанашырлық танытып, ақ тілегін арнады. Содан бері ол кісінің алдында талай рет ән салдым, бірақ ең ыстығы – алғашқы кездесуім.
Елбасының қазақ әніне құштар екенін көпшілік жақсы біледі. Мандолина мен баянда ойнап, домбыра шертетіні өнерден қара жаяу еместігінен хабар берсе керек. Оның үстіне айтатын әндерінің басым бөлігі халық әндері. Өнерге деген құрметінің, қошеметінің арқасында еліміздің мәдениетінде көптеген жақсылықтың болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Жалпы, өнерге деген құмарлығы анасы Әлжан Жатқанбайқызынан дарыса керек. Себебі, өзі бір сөзінде: «Шешем жиын-тойдың ортасында жұлдыздай жарқырап отырушы еді», – дейді. Елбасының орындауынан «Бұлбұлым», «Дүлдүлім», «Айкүмістің әні» секілді бірнеше әнді Ардақ Балажанова, Досымжан Таңатаров сынды әншілер үйренгеніміз бар. Онда да ән орындап отырғанда: «Мына әнді білесің бе, мына әнді айта аласың ба?» – деп сұрап, халықтың қара өлеңін шырқатады. Халық әніне құмарлығы соншалық күллі Жетісудің әншілік мектебін жетік білетіндігімен музыканттардың өзін тәнті еткен талай. Ол кісіден үйренген оншақты әннің бір-екеуін кейін «Жетісу ақындарының жыр-сарындары» деген кітабыма енгізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан үйренгенімді айттым. Одан бөлек, «Иманжүсіптің әнін», «Қарғам-ау», «Қарғаш», «Алқоңыр» сынды әндердің әрін кіргізе шырқаса, «Весна на заречном», «О тревожной молодости» деген орыс әндерін, Украинда жүргенде үйренген туындыларды нақышына келтіре айтады. Ол кісінің өз орындауындағы әндерді жинақтап, кітап етіп дайындаған болатынбыз. Соған 90-ға жуық әннің мәтіні енгізілді. Бірде Нұржан Жанпейісов Әсет Найманбаевтың «Қысмет» әнін орындады. Соған қосылған Елбасының дауыс диапазонының қандай екендігін байқадық. Шынында «Қысмет» қазақ әніндегі ең биік шығарманың бірі.
Нұрсұлтан Әбішұлы жалпы Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев шығармашылығын жетік біледі. Кенекеңнің жас айырмашылықты теріп шығатын толғауы елдің назарынан ұмытыла бастағанда қайта жаңғыртқан Елбасы Жамбыл атамыздың «Күләшқа», «Дәрігерлерге» арнауын, «Айкүміспен айтысын», Пышан Жәлмендеұлы мен Сәдіқожа Мошанұлының шығармалары жайлы деректерді жатқа айтып, нақышына келтіріп орындайды. Қысқасы өзіне ұнаған әндер мен толғауларды алаламай орындап, әр кезде айтып жүреді. Тіпті, ән сөздері бұрмаланса бірден түзетіп, орындаушыларға ескертіп отырады. Сөзге қатты мән береді. Сүйекеңнің «Жақсы менен жаманның айырмасы» деген термесін айтқан сайын қасындағыларға бүкіл сөзін талдап, түсіндіріп, жіліктеп тарқатып береді. «Жақсы адам көрінер жыл құсындай, жаман адам балтаның ұңғысындай» деген теңеуін талдағанына қарап филолог екен деп қаласың. Жалғыз бұл терме ғана емес, барлық ән мен жырдың сөзіне асқан мұқияттылықпен зер салып, астарына үңілуі орындаушының жауапкершілігін арттыра түседі.
Батыр ата-бабаларымыздың ғибратты сөздері біздің күнделікті тіршілігімізге жол көрсетіп, жөн сілтеп отыратыны белгілі. Кешегі өткен би-шешендердің сөздерін топтастырған кітаптарды оқып, қажет жерін есінде сақтап, жадына тоқып алатын болуы керек. Нұрсұлтан Әбішұлы «Батыр бабалар» мұражайына келгенде 50 шақты адаммен өткен кездесуде: «Өсіп, өркендейміз десек халыққа бірлік керек», – деп Төле бидің толғауынан мысал келтірді. Сәбит Оразбаевтың орындауындағы толғауда айтылатын: «Бірлігі мықты елді жау алмайды» – деген сөздің мәнін көпшілікке түсіндіріп өтті. Сосын мені шақырып: «Сүйінбай мен Қатағанның айтысында атамыз күллі қазақтың руларын жіпке тізгендей етіп, Алаш баласының абыройын асқақтатады. Нағыз бірлік деген осы. Сол арқылы Сүйінбай атамыз айтыста басым түсті. Демек ынтымақ, бірлік жеңіске жетеледі. Сондықтан ынтымақ пен бірліктен ажырамауыз керек» – деп аталы сөзін айтты. Соған қарап, Сүйінбайдың Қатағанмен айтысын ұдайы тыңдап, айтылған әрбір сөзінен ой қорытып отыратынын байқауға болады. Өз басым кейде арқа қысқанда, екпіндетіп кеткенде кейбір сөздерін тастап кетеді екенмін. Ондайда байқамайсың, артынан Нұрсұлтан Әбішұлы ескертіп, түзетіп: «Ана жерін неге айтпай кеттің?» – деп сұрағанда ұялып қалғанмын. Баяндауы мен орындауына ұзын-ырғасы 45 минут кететін айтысты ұдайы орындатып, ерінбей-жалықпай тыңдап шығады да: «Бұл айтысты күллі қазақ баласы тыңдауы керек. Себебі, бұл – біздің ата тегіміздің, түп-тамырымыздың, дініміздің бір екендігіне дәлел. Ондағы қазақ руларының түгелдей айтылуы біздің бірлігіміздің бастауын білдірсе керек», – деп қайталаудан танбай келеді.
Міне, мен білетін Елбасының болмыс-бітімі осындай.

Ақан Әбдуәлі,
Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының ректоры

Қатысты жаңалықтар

Тәжік – Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл

Тәжік – Ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл

10.02.2026
6 ай бойы аңдыған: Астанада сталкер сотталды

6 ай бойы аңдыған: Астанада сталкер сотталды

10.02.2026
Бүгін – композитор Кеңес Дүйсекеевтің туған күні

Бүгін – композитор Кеңес Дүйсекеевтің туған күні

10.02.2026
Жолдағы жағдай: 10 ақпанда қай бағыттар жабылды?

Жолдағы жағдай: 10 ақпанда қай бағыттар жабылды?

10.02.2026
Қазақстан қауіпсіздік бойынша Франция мен Италияны басып озды

Қазақстан қауіпсіздік бойынша Франция мен Италияны басып озды

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.