Талдықорған: +4°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҚАҒАЗ ИІСІ АҢҚЫҒАН, ТАҢБАЛЫ ҚАРПІ САМСЫҒАН БАСПАСӨЗ ӨНІМДЕРІНЕ НЕ ЖЕТСІН?!

28.06.2020
РУХАНИЯТ
ҚАҒАЗ ИІСІ АҢҚЫҒАН, ТАҢБАЛЫ ҚАРПІ САМСЫҒАН БАСПАСӨЗ ӨНІМДЕРІНЕ НЕ ЖЕТСІН?!
WhatsAppTelegramFacebook

Мамандығымыз арқылы тағдырымыздың өзегіне айналып кеткендіктен шығар, сөз бағып, салмақтап жүретіндігіміз рас. Бір сөзбен дүйім елді өргізіп, жусататын қайрақ тілді қайран, бабаларымыз-ай, мың сөзбен бір мәселені шеше  алмай жүрген бүгінгі сықпытымыз мынау. Сөзден құдірет кеткенде – елден де кепиет кетеді екен. Далаң да, қалаң да, данаң да, бала-шағаң да сөз сапырып жатыр оңды-солды. Тек тоқтамы жоқ, байламын таппайсыз. Ұғымы жоқ – мағынасын қайдан іздерсіз?! Түйсігі шамалы – тәлімін қайдан аларсыз? Көш түзелмей, жал-құйрық күзелмей қалуының да көп сыры дәл осы арада көмілген секілді. «Қайран тіл, қайран сөз, Наданға қадірсіз», – деп әулие Абай құлаққа қайталай сыбырлап тұрғандай. Сөз сүйектен өте қалса – өреміз де, төреміз де әлдеқашан биіктеп кетер еді-ау, шіркін!

Біз де есік қаққан кәсіби мерекеміз үстінде сол сусыған көп сөзге бірер сөз қосақтап жібергенді құп көрдік. Тілге тиек, ойға бұғау жоқ. Көзі ашық, көкірегі ояу жандар әлеуметтік желінің жақсысы мен жасығын айыра білер, арандап қалмас. Ал бұған өресі жете алмастар не істемек? Жетекке еріп, түрлі діни, саяси, өзге де бейәдеп ағымдар жетегінде кете бармақ. Кетіп те жатыр. Мұның қаншалықты трагедиялық құлдырауға апарып соғатындығын күнделікті көріп отырмыз.

Қинайтыны – соның алдын алуға самарқаумыз, енжарлық басым. Нақтылы бағыт-бағдар жоқ. Бұған мұрындық болар-ау дейтін мемлекеттік қызметкерлердің көбісі не ұлт тарихын, не халық шежіресін, я бір сөздің ретін, шаруаның шетін білмейді. Бұл арада ұлтаралық қатынас, саяси ахуал туралы тіпті әңгіме қозғамай-ақ қоялық. Тағы да сол журналистер бейбіт күнде көз жасымыз көлдей төгілмесін деп шыр-пыр күйге түсіп жүрген. Қысқасы, қалың көпшіліктің осы тұрғыда жаппай сауатын ашатын уақыт жетті. Өз елін, өз жерін қастерлеген азамат қоғамның, мемлекеттің дамуына өзінің тікелей қатысы бар екендігін ешқашан ұмытпауға тиіс!

Шөңге де, шөп-шалаң да сөзстанның тайқазанында, несін айтасыз, қойыртпақ қайнап жатыр. Десек те, сүйегінен бірден ажырап, ақкөбікке айнала қоймас дүниелер де ішінара ұшырасып қалады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен демократиялық құндылықтар өмірімізге дендей түсуіне орай ары таза, ақдидар журналистерге деген сұраныс барынша артқан. Артқан дейміз-ау, шындығында дәл қазір зәрулік айқын аңғарылып тұр.

Жоғары билік те мұны түйсінді білем. Сүйсіне беруден түйсіне білу сатысына өткендігіміз – құптарлық жылымық! Міне, соның арқасында екі бірдей әріптесіміз Сенатор атанды, екі қаламгер-журналисіміз Ұлттық кеңестің құрамында отыр қанаттарын қомдап. Өзге де түрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда хас сардарлардай қияға соқпақ салып жүрген таңдаулыларымыз қаншама?! Арғы алаштықтардың осынау ұлттық үрдісін кезінде Кәкімжан Қазыбаев, Кемел Тоқаев, Әбіш Кекілбаев, Шерхан Мұртаза, Нұрлан Оразалин, Төлен Әбдіков, Ұлықбек Есдәулетов сынды біртуарларымыз жемісті жалғастырған да еді.

Ана бір жылы ұлттық партияның рөлін журналистер атқарып отыр деген ордалы қағидаттың бел алғаны бар еді. Шындығы да сол. Саяси-әлеуметтік саланы былай қойғанда, барша руханият әлемі, дәстүр-салт, қастерлі тарих жотасына осынау жанкештілер күшімен түрен тартылу үстінде. Жан тебірентер жаңғырық байтағымыздың бойын баурап та жүр. Десек те, дәл осы ұлттық партия жүгін арқалап жүрген ұлт журналистикасының өзінің де қордаланған мәселелері бастан асады.

Таралым ауқымының тарылуы, қалыптасқан байырғы игі дәстүрдің оңа бастауы, айбарының солғындығы, азаматтық ұстаным бүрсіздігі, мемлекеттік тапсырыста орыстілділерге қарағанда қалыс қала беруі, әртіс жүргізушілер мен қайсыбір жас кадрлардың киелі сөзді ғана емес, жалпы журналистика өнерін еріккеннің ермегіне айналдырып алғаны, жүз адам жинап алып «жүзден жүйрік шықтым» дейтін блогерлердің былдырағы – ертеңін қамдар жұртшылықтың қынжылысын туғызып-ақ отыр!

Енді «газет-журналдардың күні өтті» деген сыңайда керіле пәлсапа соғушыларға қарсы қадама сөзге көшсек. Дәл қазір өркениетті елдеріңіз – басы бар, аяғы жоқ күлдібадам дүниелерді қоздыра беретін электроника атаулыдан әбден мезі күйге түскендіктен жаппай мерзімді баспасөз өнімдеріне түбегейлі бет бұрған. Және бұл қоғам мәдениетінің белгілі бір өлшемі саналады.

Ағылшын Сью Пирт есімді азаматтың төменде келтірілер пікірі ойымызды бедерлей түссе керек: «Газеттің жаңа санын қолыма алғанда құдды бір театрдың шымылдығы көтерілместен бұрын оркестр ойнай бастаған сәттегідей күй кешемін. Қандай оқиғаның ішіне енетініңді әлі де білмейсің-ау, әйткенмен түйсігің арқылы бұған дейін қаперіңе де алмаған тың идея, ұтымды шешімдермен бетпе-бет келетіндігіңді іштей сезесің. Сөйтесің де, әлгі кеңістікке одан әрі ынтыға түсесің. Бұл бір мезгіл болса да ойыңды тоғыз торлап, қырық бөліп жүрген проблемалардан арылуға мүмкіндік береді. Менің соңғы шақта анық бір аңғарғаным – цифрландырумен алабөтен әуестеніп кеткен көптеген жандардың газет-журналдарға аңсары ерекше ауа бастады».

Иә, қағаз иісі аңқыған, таңбалы қарпі самсыған баспасөз өнімдерімен сыр бөліскенге не жетсін?! Арамыздағы «пәлсапашылар» құлағына алтын сырға!

Адамзатты ақылымен орап алған жапондықтарыңыз ұзына жылға бірнеше басылымды бірден жаздырып алады. Сегіз миллион таралымы бар «Асахи симбун» газеті таңғы және кешкі мезгілде шығарылады. Қолдан-қолға өтеді. «Нью Иорк Таймс» газетінің таралымы соңғы жылдары еселеп өсіп кеткен! Пәлі деген! Ұлыбританияда да осындай үрдіс бел алған. Әрине, мұның бәрі аталмыш басылымдардағы сараптамалық материалдардың сүбелілігі, етек алған оқиғалардың жіліктеп түсіндірілуі, сондай-ақ ақиқат жолының кесілмейтіндігі мен журналистер көзқарасының айқындығы секілді дәстүрлі артықшылықтардың арқасында келіп отырғандығына күмәніміз жоқ.

Негізінде, интернетіңіз де теледидар сияқты жұртшылықты мерзімдік басылым ғана емес, жалпы кітап оқудан алшақтатады. Осыдан барып көпшіліктің бойын бойкүйездік билеп, адами сана сәулесінің көмескілене беретіндігі хақ. Сөйтіп, құлықсыз пенде ырықсыз әрекетке бейімделе бастайды. Мұндай тобырды сыртқы да ішкі пысықайлардың алдап-арбап, билеп-төстеп кетуі, әрине, пәлендей ауыртпалық тудырмаса керек. Ұлтымыздың киелі құндылықтарын тәрк етіп, билікті халыққа қадірсіз ету барысында ашық түрде арандатушылық жолына түскендерді әлеуметтік жүйеден түйедей көріп отырып, жұмыртқа басқан тауықтай тырп етпеуіміз – өзімізді өзіміз байлап-матап берумен тең екендігін білсек те білек сыбанбаймыз.

Еліміздегі ірі шаһарлардағы мерзімдік басылымдарды, әсіресе, мемлекеттік тілдегі өнімдерді саудалайтын дүңгіршектердің құрдымға кетуінің астарында да осындай бір құйтырқылықтардың жатуы кәдік емес. Айталық, Прагада орташа есеппен 500 адамға бір дүңгіршектен келсе, Мәскеуіңізде сегіз мың адамға бір дүңгіршек қызмет көрсетеді екен. Енді осындай есеппен біздің елдегі ахуалды өзіңіз-ақ шамалай беріңіз.

«Самарқанда бір қызым бар, бұдан да өткен сорақы» демекші, жүректі шайқар және бір дүние – ресейлік БАҚ жүйесіне күні бүгінге дейін ақпараттық тәуелділігіміз. Олардың арандатушылық отын тұтатып, елді іштен ірітуге бағытталған сандалбайларының тыйылар түрі байқалмайды. Мұндайлармен негізінен сол баяғыша ана тіліміздегі БАҚ өкілдері мен жекелеген патриоттар жалаңтөс күресіп бағуда. Мемлекеттік тапсырыс қаржысын күреп отырған орыстілді отандық ақпарат құралдары болса, осындайда жұмған ауыздарын ашпайды. Күшіміз адал, етіміз арам болғаны да?!

Қазақ елі үшін ұлттық мүддеден асқан қастерлі дүние жоқ. Ұлттық құндылықтарымыз жойылса – ұлтымыздың да жалғаннан баз кешкені. Демек, ұлттық идеологияны, ақпараттық қауіпсіздікті көздің қарашығындай сақтау – ұлттық қауіпсіздікті яки мемлекеттілігімізді қорғап қалу, баянды ету! Ендігі жерде бұл – еліміздегі саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өрістеуге тән кез келген қадамымыз бен үгіт-насихатымыздың тапжылмас темірқазығы, асыл өзегіне айналуға тиіс. Қалған дүниенің бәрі бекершілік!

P.S: Төл мерекемен әріптестеріміз бен мыңдаған оқырманымызды құттықтай отырып, осы ауанда ұжымымызға ыстық лебіз білдірген барша мекемелер мен жекелеген азаматтарға да алғысымызды айтамыз!

Әміре ӘРІН

«Жетісу» газетінің бас редакторы

Қазақстанның Құрметті журналисі

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Президент: Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұр

10.02.2026
Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

10.02.2026
Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

10.02.2026
Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.