Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚУАНЫШ ҚАНАТҰЛЫ, САМАЛ ҚАБЫШЕВА: ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАРАСЫМДЫ ЖҰП

27.06.2020
ЖАНСАРАЙ
ҚУАНЫШ ҚАНАТҰЛЫ, САМАЛ ҚАБЫШЕВА: ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАРАСЫМДЫ ЖҰП
WhatsAppTelegramFacebook

Жарасымды жұп. Журналистика мамандығы табыстырған. Екеуі бір-бірін толықтырған. Алматы облысының тыныс-тіршілігін республикалық телеарна арқылы көпке жеткізеді. Жүйрік журналистер. Көптің құрметіне ие. Есімдері жұртшылық арасында қосақталып бірге айтылады. Ұл-қыз өсіріп жатқан жарасымды отбасы иелері. Абырой биігінен көрінген ақкөңіл жандар. Болашақтарынан күтер үміт зор. Қос тілші журналистиканың ардагерлері дәрежесіне жетіңдер деген ақ тілегіміз бар.

Қуаныш Самалды телеарна табалдырығынан аттаған күннен ұнатты. Қылықты, пысық, өткір, жігерлі қыз көрген жанның жанарын арбайтын. Өзінің жерлесі екен, Шығыс Қазақстаннан. Бірақ тәжірибе жинақтау үшін уақытша келіпті. Бозбаланың көңілі елік қызды кетпесе екен дейді. Оның жан қалауын періште естіп, әумин деді-ау деймін, Самал телеарнада біржолата қалды. Бірақ штат жетіспеушілігіне байланысты аз жалақымен жұмыс істеп жүрді.

Мейлі, деп ойлайды Қуаныш, әйтеуір қасында қалса болды. Осылайша, көңілдің көк дөнені тілші қызды қалап, өмір бойы бірге болуды армандай бастады. Жанары жарқыл қаққан қыз бұған бұйырар-бұйырмасы әзірге белгісіз. Бірақ өзіне деген пейілі дұрыс сияқты. Микрофонның құдіретімен көптің алдында еркін сөйлеп үйреніп қалған тілші жігіт Самал қызға деген сезімін көпке созбай жеткізді. Аға көріп жүрген көңіл басында бірден мақұл дей қоймады. Бірақ Қуаныштың ұжымдағы сыйы, еңбекқорлығы, мамандыққа адалдығы, әдемі әзілі бойжеткенді бірден баурап алды.

Осылайша, қос журналист айналасы жарты жылдың ішінде бір-бірін тағдырым деп мойындап, отбасын құрды. Шатаспапты, қыз бен жігіт бір-бірін толықтырып әкетті. Үйде де, қызметте де, кейде іссапарда да бірге. Заманын алға сүйреуші мамандық иелері ел мен жерге қызмет етуде ойлары бір жерден шығып отырады. Самал бүгінде республикалық «31-телеарнада» қызмет істейтіндіктен елдегі әр жағдайға сын көзбен қарап дағдыланды. Мінезі де соған сай. Жылдам, талапқа сай, шаруаның кем-кетіксіз атқарылғанын жақсы көреді. Ел ішіндегі атқарылған шараның күнгейі әркімге көрініп тұрады, ал көлеңкелі жағын байқап, оны тез қалпына келтіру үшін бұқаралық ақпарат құралының күшін пайдалану әркімнің оң жамбасына келе бермейтін кәсіп. Көтерген мәселеңді телеарнадан арба сынбайтын, өгіз өлмейтіндей айтып, жеткізе білу керек.

Бұл жерде тәртенің мықтылығы керек-ақ. Мұндайда облыстың экономикалық – әлеуметтік жағдайын жақсы білетін, сұңғыла жастың пайым-парасаты өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне өз септігін тигізіп жатады.

Қуаныш Серікқанов облыс орталығы Талдықорғанға көшірілген кезден елдің өсу-өркендеуіне пайым-парасаты, біліктілігі, дара дауысы арқылы тілшілік қызметімен еңбек етіп келеді. Әр сюжетінің түсірілуі, дайындалуы, жедел берілуі көз алдымызда өтіп келеді десек артық айтпаймыз. Мемлекеттің саясаты, ауылшаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының өңірде қанат жаюы Қуаныштың қаламынан түскен емес.

Ол құрылыстардың қарқын алуы, аудандардың гүлденуі, жергілікті басшылардың елге қызмет етуі, жер, су мәселесіне байланысты жаңалықтарды алақайлап елге жеткізгенше асық.  Қоңыр дауысы жағымды. Журналистикаға төселіп алған. Алакөл мен Райымбек арасындағы елдімекендердің тіршілік көзі қандай кәсіптен тұратынын жақсы біледі. Журналистика маманының сардары осы салада қамшы салдырмай еңбек етіп келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Біз білетін Қуаныш көтерген тақырыпты толықтай ашып, айтар ойын анық жеткізіп, түйін сөзін кез келген жанға ұғынықты тілде жеткізе алатын жүйрік журналист.

Журналистің шеберлігі сол – айтар ойын бала да, қарт та, оқымысты да бір естігеннен түсінуі тиіс. Сөйлемі шұбалаңқы емес. Қысқа және нұсқа. «Екі жақсы қосылса таң атады жәйменен» деген ән бақыттарын журналистикадан тапқан Қуаныш Серікқанов пен Самал Қабышева атты қос тілшіге арналғандай. Республиканың мүйізі қарағайдай қос телеарнасы бір отбасының отағасы мен отанасының сюжетті түрлендіріп берудегі «тапқырлықтарына» тәнті болып жатады.

Қуаныш пен Самалдың тұңғыштары Әдия тоғыз жаста. Ес білгелі телеарнаның кабинетінде өсіп келеді. Журналистиканың кәсіби сөздерін жақсы түсінеді. «Текст оқимын» деген сөзді естісе, бүлдіршін қыз үн шығармай отыра қалады. Қазірден телефонмен бейнекөрсетілімдер түсіріп, монтаж жасап, әлеуметтік желіге жүктейді. Екінші баланың есімі – Айсұлтан. Айсұлтан да тілшілік мамандықты туғанынан, әуелі тумай жатып-ақ бойына сіңірді. Камераның алдында жетілді.

Қос бүлдіршін қасиетті мамандықты меңгеріп жатса, ешкім таңқалмайды. Олар қолға алса аталмыш кәсіптің нағыз хас шеберлері болып шығатыны сөзсіз.

Самал – қайраткер журналист. Ол бүгінде әлеуметтік жағынан қиналған аналарға көпті жұмылдырып, көмек көрсетуді қолға алған. Оны көпшілік Самал Қабышеваның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп, куә болуда. Талайдың жел жағына шығып, қамқор болып жүрген тілші қыз жан жылуымен елді таңқалдыруда. Әншілігі өз алдына. Ұзатылатын қыздар әрі әнші, әрі тілші, әрі берекелі отбасын ұйытып отырған жас анадан жол сұрауда. Талай қызды ұзатып, жөн-жоралғысын ұсынды.

Журналистердің мерейлі мерекесі қарсаңында соңымыздан ерген қос тілшіні газет бетінен көрсетіп, мерейлерін өсіргіміз келді. Қанаттарың талмасын, журналистиканың жүйріктері. Сендерге көп сүйініп, шаршаған жан сүйеніш тапсын! Қасиетті мамандық абыройларыңды асырсын! 

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.