Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«КҮНДІЗ-ТҮНІ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

26 маусым 2020
РУХАНИЯТ
"КҮНДІЗ-ТҮНІ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Журналистердің жылына бір айналып келетін шуақты мерекесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов тілшілер қауымымен кездесті. Онлайн шарада Журналистер күніне орай Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын насихаттап, шынайы ақпарат ұсынып жүрген жаңалық жаршылары марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы құттықтау хаттары табыс етілді.

Шарада тілшілер қауымының күнделікті қызмет барысындағы қызықтары, ақпарат дайындаудағы жанкешті еңбектері бейнематериал арқылы көрсетілді. Алғашқы болып құттықтау сөзін алған Батыржан Құлаймергенұлы:

— Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жемісті, табысты болсын. Биылғы жылы әлем елдерімен бірге біздің мемлекет те қиын күндерді бастан кешіруде. Осындай сындарлы кезеңде ауыр жүк арқалап, жан аямай қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегі өлшеусіз. Олардың ішінде ақпарат құралдарының да өкілдері бар. Біз журналистердің еңбегіне ерекше құрметпен қарап, шексіз алғысымызды білдіреміз, – дей келе, облыс әкімі Амандық Баталовтың ыстық сәлемін жеткізді.

Мерекеге орай ҚР Президенті тағайындаған «Халық алғысы» медалін «Жетісу» телеарнасы директорының орынбасары Данияр Сейсенбаев алды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің арнайы құттықтау хаты ардагер журналистерге, атап айтқанда, Жанкүміс Жәмеңкеге, Мырзағали Нұрсейітке, Виталий Пекельникке табысталды. Ал «Қазақстанның Құрметті журналисі» төсбелгісі Берікбай Қадықовқа берілді. Сондай-ақ, Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен «Жетісу» газетінің редакция меңгерушісі Қуаныш Тұнғатар, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Бейбіт Мәмлеев марапатталды.

Жиында «Өлке тынысы» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Мейрам Жанәділов сөз алып, бірнеше тілшіге төсбелгі тапсырды. «Талдықорған» газетінің тілшілері Данагүл Мәкен, Назерке Әділбекова және «Жетісу» телеарнасының тілшісі Айбек Құттыбек Қазақстан Журналистер одағының мүшелігіне қабылданды.

Шарадан кейін «Ana tili» республикалық газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан лебізін білдірді.

— Журналистика – жыл он екі ай жүріп жататын майдан. Шіліңгір шілдеде де, қақаған қаңтарда да журналистердің жұмысы қызып жатады. Журналистер әділетті қоғам орнатуда, ашық ақпарат қалыптастыруда күндіз-түні қызмет етеді. Кешегі Шерхан Мұртаза, Сағат Әшімбаев, Камал Смайыловтар, Ақселеу Сейдімбектер қалыптастырып кеткен даңғыл жолды бүгінгі тілшілер сәтімен жалғастырып келеді. Интернет порталдары, сайт, әлеуметтік желілер жоқ кезде де он саусақтан аспайтын ғасырлық тарихы бар дәстүрлі басылымдар ақ, адал жолмен ел тұтастығына қызмет жасады. Жақсылықтың жаршысы болып, қиындықтарды бірге еңсеріп, жинақталатын кез келді деп ойлаймын. Еліміздің сырты жаудан, іші даудан аман болсын! Мерекелеріңізбен! – деді ол. Бұдан бөлек, ардагер журналист Мырзағали Нұрсейіт, жастар атынан Назерке Әділбекова сөз алып, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Өз тілшіміз

Сурет — ғаламтордан

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтау тәртібі

Бүгін, 12:30
Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Атқарушылық іс жүргізудегі «тараптар кабинеті» – ашықтық пен қолжетімділіктің заманауи тетігі

Бүгін, 12:03
Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Машина жасау мен фармацевтика салалары рекордық өсім көрсетті

Бүгін, 12:00
Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы

Әлемдік ғылымның айтулы тұлғасы

Бүгін, 12:00
Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 40-тан астам адамды аман алып қалды

Өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 40-тан астам адамды аман алып қалды

Бүгін, 11:36

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.